1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет31/41
Дата29.01.2020
өлшемі1,08 Mb.
#27675
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41

Ұйымда  жұмыскерлердiң  бiрнеше  өкiлдерi  болған  кезде  олар  комиссия  жұмысына  қатысу, 

ұжымдық шартты талқылау және қол қою үшiн бiрыңғай өкiлдi орган құрады. 

5.  Комиссия  дайындаған  ұжымдық  шарттың  жобасы  ұйым  жұмыскерлерінің  міндетті  түрде 

талқылауына  жатады.  Комиссия  келіп  түскен  ескертпелер  мен  ұсыныстарды  ескере  отырып, 

жобаны пысықтайды. 

6. Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде, ұжымдық шарт кемінде екі данада жасалады 

және оған тараптардың өкілдері қол қояды. 

7.  Ұжымдық  шарттың  жекелеген  ережелері  бойынша  тараптар  арасында  келіспеушіліктер 

болған кезде олар туындаған күннен бастап бір ай ішінде тараптар бір мезгілде келіспеушіліктер 

хаттамасын  жасай  отырып,  келісілген  талаптармен  ұжымдық  шартқа  қол  қоюға  тиіс.  Ұжымдық 

келіссөздер  барысында  туындаған  келіспеушіліктер  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  кезінде 

оларды реттеу бойынша бұдан кейінгі ұжымдық келіссөздердің нысанасы болуы мүмкін. 

8.  Ұжымдық  шартқа  өзгерістер  мен  толықтырулар  осы  бапта  оны  жасасу  үшін  белгіленген 

тәртіппен тараптардың өзара келісуі бойынша ғана жүргізіледі. 

9. Егер алынған мәліметтер мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен 

қорғалатын өзге де құпияны құрайтын болса, ұжымдық келіссөздер тараптары оларды жария етуге 

құқылы емес. 

10.  Ұжымдық  келіссөздер  тараптары  келіссөздер  жүргізу  кезінде  жалақысы  сақтала  отырып, 

еңбек міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін.  

11. Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай 

ішінде мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға ұсынуға мiндеттi. 

157-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы 

2016.06.04. № 483-V ҚР 

Заңымен

 1-тармақ өзгертілді (

бұр.ред.қара

)

 

1.  Ұжымдық  шарттың  мазмұны  мен  құрылымын  тараптар  бас,  салалық  және  өңірлік 



келісімдерге сәйкес айқындайды.  

Ұжымдық шартқа: 

1)  еңбекті  нормалау,  еңбекке  ақы  төлеу  жүйелері,  жұмыскерлерге,  оның  ішінде  ауыр 

жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге 

арналған  тарифтік  мөлшерлемелер  мен  айлықақылар,  үстемеақылар  мен  қосымша  ақылар 

мөлшерлері туралы; 

2) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы; 

3) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы; 

4)  саламатты  және  қауіпсіз  еңбек  пен  тұрмыс  жағдайларын  жасау  туралы,  еңбек  қауіпсіздігі 

және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  іс-шараларды  қаржыландыру  көлемі  туралы,  денсаулық  сақтауды 

жақсарту туралы; 

5) кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасау туралы; 

6) ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы; 

7)  жұмыскерлер  мен  жұмыс  берушінің  ұжымдық  шарттың  орындалуын  бақылауы  және  ол 

үшін жауаптылығы туралы; 

8)  жұмыс  берушінің  жұмыскерлер  өкілдерінің  пікірлерін  есепке  алуды  талап  ететін  актілері 

туралы; 

2016.06.04. № 483-V ҚР 

Заңымен

 9) тармақшамен толықтырылды 

 

9)  «Қазақстан  Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Қазақстан 



Республикасы Заңы 

11-бабының 1-тармағына

 сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарды ауыр 

жұмыстарға,  еңбек  жағдайлары  зиянды  және  (немесе)  қауіпті  жұмыстарға  жіберу  тәртібі  туралы 

ережелер енгізіледі. 

2. Ұжымдық шартқа: 

1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру туралы; 

2) жалақыны индекстеу тәртібі туралы; 

3)  босатылатын  жұмыскерлердің  жұмыспен  қамтылуын,  оларды  даярлауды,  біліктілігін 

арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы; 

4) даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтетін жұмыскерлерге, сондай-

ақ жұмысты оқумен қоса атқаратын жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы; 

5) жұмыскерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы; 

6) жұмыскерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың демалысы туралы; 



7)  кәсіптік  одақ  органдарына  сайланған  жұмыскерлерге,  сондай-ақ  сайланбалы  өкілдерге 

кепілдіктер және олардың қызметін жүзеге асыру үшін жасалатын жағдайлар туралы; 

8)  кәсіптік  одақ  мүшелері  болып  табылатын  жұмыскерлермен  еңбек  шарты  бұзылған  кезде 

кәсіптік одақ органының уәжді пікірін ескерудің тәртібі туралы; 

9)  жұмыскер  зейнеткерлік  жасқа  толған  кезде  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  еңбек 

шартын бұзған жағдайдағы өтемақы төлемі туралы; 

10)  жұмыс  берушінің  орналасқан  жерінен  немесе  жиналатын  жерден  жұмыс  орнына  дейін 

және кері қайтқанда жұмыскердің жолда болған уақыты үшін өтемақы төлемі туралы; 

11) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 

заңнамасына

 сәйкес 


жүзеге  асырылған,  жүктілікке  және  босануға,  жаңа  туған  баланы  (балаларды)  асырап  алуға 

байланысты  табысынан  айырылған  жағдайда  төленетін  әлеуметтік  төлем  сомасын  шегергендегі 

орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған 

баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлеу туралы; 

12) жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өздері келтірген нұқсан үшін жауаптылығы туралы; 

13) ерікті зейнетақы жарналары туралы; 

14) жұмыскерлерді және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, 

қоршаған ортаны қорғау туралы; 

15) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жұмыскердің қаражаты 

жеткіліксіз  болған  жағдайда,  оның  пайдасына  жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  ерiктi 

зейнетақы жарналарын жүзеге асыру туралы; 

16) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту жөніндегі 

іс-шаралар туралы; 

17)  жәрдемақылар  мен  өтемақы  төлемдері,  оның  ішінде  еңбек  қызметіне  байланысты 

жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдерді төлеу туралы; 

18)  тараптар  айқындаған  және  осы  Кодексте  айқындалған  басқа  да  мәселелер  бойынша 

жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін. 

3.  Ұжымдық  шарт  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасымен,  бас,  салалық,  өңірлік 

келісімдермен  салыстырғанда  жұмыскерлер  жағдайын  нашарлатпауға  тиіс.  Мұндай  ережелер 

жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс. 



158-бап.  Ұжымдық  шарттың  қолданылу  мерзімдері,  аясы  және  тараптардың 

жауаптылығы 

1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады. 

2.  Егер  ұжымдық  шарттың  ережелерінде  өзгеше  көзделмесе,  ол  қол  қойылған  кезден  бастап 

күшіне енеді және тараптардың орындауы үшін міндетті болады. 

3. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған 

ұйым  жұмыскерлеріне  және  оған  қосылған  жұмыскерлерге  қолданылады.  Қосылу  тәртібі  мен 

шарттары ұжымдық шартта айқындалады. 

4.  Ұйым  таратылған,  ол  банкрот  деп  жарияланған  кезде  ұжымдық  шарттың  қолданылуы 

барлық жұмыскерлермен еңбек шарттары тоқтатылған күннен бастап тоқтатылады. 

5.  Тараптар  өкілдерінің  ұжымдық  шарт  жасасу,  өзгерту,  толықтыру  жөніндегі  келіссөздерге 

қатысудан  жалтаруы  немесе  ұжымдық  шарт  жасасудан  негізсіз  бас  тартуы,  келіссөздер  жүргізу 

мерзімдерін  бұзуы  және  тиісті  комиссияның  жұмысын  қамтамасыз  етпеуі,  келіссөздер  жүргізу 

және  ұжымдық  шарт  ережелерінің  сақталуын  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  ақпаратты 

бермеуі,  сол  сияқты  оның  талаптарын  бұзуы  немесе  орындамауы  Қазақстан  Республикасының 

заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

15-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ 

159-бап. Жеке еңбек дауын қарау тәртібі 

1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын 

қоспағанда,  жеке  еңбек  дауларын  -  келісу  комиссиялары,  ал  реттелмеген  мәселелер  не  келісу 

комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды. 

2.  Келісу  комиссиясы  жұмыс  беруші  мен  жұмыскерлер  өкілдерінің  бірдей  санынан  тепе-тең 

негізде  ұйымдарда,  оның  филиалдары  мен  өкілдіктерінде  құрылатын,  тұрақты  жұмыс  істейтін 

орган болып табылады. 

3.  Келісу  комиссиясы  мүшелерінің  сандық  құрамы,  оның  жұмыс  істеу  тәртібі,  келісу 

комиссиясы  шешімінің  мазмұны  мен  оны  қабылдау  тәртібі,  келісу  комиссиясы  өкілеттігінің 



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау