1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет27/41
Дата29.01.2020
өлшемі1,08 Mb.
#27675
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41

1)  жұмыс  берушідегі  жұмыстар  өндірістік  сипаттағы  себептер  бойынша  екі  аптадан  артық 

мерзімге тоқтатыла тұрған; 

2)  жұмыскер  еңбекке  уақытша  қабілетсіздігі  салдарынан  қатарынан  бір  ай  бойы  жұмысқа 

шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін. 

5.  Маусымдық  жұмыстарда  істейтін  жұмыскердің  бұл  туралы  жұмыс  берушіні  күнтізбелік 

жеті  күн  бұрын  жазбаша  түрде  ескерте  отырып,  еңбек  шартын  өз  бастамасы  бойынша  бұзуға 

құқығы бар. 

6.  Жұмыс  беруші  маусымдық  жұмыстарда  істейтін  жұмыскерді  осы  Кодекстің 



52-бабы  1-

тармағының 1)

 және 


2) тармақшаларында

 көзделген негіздер бойынша еңбек шартының алдағы 

бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті. 

7. Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскермен еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші 

пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлемін жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде 

төлейді. 

8.  Маусымдық  жұмыстарда  істейтін  жұмыскермен  еңбек  шарты  осы  Кодекстің 

52-бабы  1-

тармағының  1)

  және 


2)  тармақшаларында

  көзделген  негіздер  бойынша  бұзылған  кезде  екі 

апталық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді. 

135-бап. Вахталық жұмыс әдісі  

1.  Вахталық  әдіс  жұмыскерлердің  тұрақты  тұратын  жеріне  күнделікті  қайтып  келуі 

қамтамасыз  етіле  алмайтын  кезде,  олардың  тұрақты  тұрғылықты  жерінен  тысқары  жерде  еңбек 

процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады. 

2.  Жұмыс  беруші  вахталық  әдіспен  жұмыс  істейтін  жұмыскерлерді  жұмыс  өндірісі 

объектісінде  болған  кезеңде  тыныс-тіршілігін  қамтамасыз  ету  үшін  тұрғын  үймен  қамтамасыз 

етуге  және  олардың  тамақтануын,  жұмыс  орнына  дейін  және  одан  кері  жеткізіп  салуды 

ұйымдастыруға,  сондай-ақ  жұмыстарды  орындау  және  ауысымаралық  тынығу  үшін  жағдаймен 

қамтамасыз етуге міндетті. 

Жұмыс беруші жұмыскердің жұмыс өндірісі объектісінде болу жағдайларын, сондай-ақ еңбек, 

ұжымдық шарттарға және (немесе) жұмыс беруші бекітетін Вахталық жұмыс әдісі туралы ережеге 

сәйкес вахталық әдісті қолдану тәртібін қамтамасыз етеді. 

3.  Вахталық  әдіспен  орындалатын  жұмыстарға  он  сегіз  жасқа  толмаған  жұмыскерлер,  он  екі 

және одан көп апта жүктілік мерзіміндегі жүкті әйелдер, бірінші топтағы мүгедектер медициналық 

қорытындыны  ұсынған  күннен  бастап  жіберілмейді.  Өзге  жұмыскерлер,  егер  медициналық 

қорытындылар  негізінде  мұндай  жұмыстардың  оларға  қарсы  көрсетілімі  болмаса,  вахталық 

әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін. 

4. Объектіде жұмыстарды орындау  уақытын және ауысымаралық тынығу  уақытын қамтитын 

кезең вахта болып есептеледі. Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиіс. 

Жұмыскердің  жазбаша  келісімімен  вахтаның  ұзақтығы  ұжымдық,  еңбек  шарттарына  сәйкес 

күнтiзбелiк отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін. 

Теңіз  кемелері  экипаждарының  мүшелері  үшін  жұмыскердің  келісімімен  вахтаның  ұзақтығы 

күнтiзбелiк бір жүз жиырма күнге дейін ұзартылуы мүмкін. 

5.  Жұмыстың  вахталық  әдісі  кезінде  тоқсан  ішіндегі  немесе  өзге  де  неғұрлым  ұзақ,  бірақ 

күнтізбелік бір жылдан аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді. 

6.  Есептік  кезең  шегіндегі  жұмыс  уақыты  мен  тынығу  уақыты  вахтадағы  жұмыс  кестесімен 

(вахталар кестесімен) бекітіледі. Есептік кезең жұмыс  уақытын, тынығу  уақытын, жұмыс беруші 

орналасқан  жерден  немесе  жиналатын  жерден  жұмыс  орнына  дейінгі  және  одан  кері  қайту 

жолының  уақытын,  сондай-ақ  уақыттың  осы  күнтізбелік  бөлігіне  дәл  келетін  өзге  де  кезеңдерді 

қамтиды.  Бұл  ретте,  есептік  кезеңдегі  жұмыс  уақытының  жалпы  ұзақтығы  осы  Кодексте 

белгіленген  нормалардан  аспауға  тиіс.  Жұмыс  беруші  вахталық  әдіспен  жұмыс  істейтін  әрбір 

жұмыскердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының есебін жүргізуге міндетті. 

Жұмыс  беруші  орналасқан  жерден  немесе  жиналу  пунктінен  жерден  жұмыс  орнына  дейін 

және одан кері қайту жолының уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. 

Жұмыс ауысымының ұзақтығы сегіз сағаттан асқан кезде тынығуға және тамақтануға арналған 

үзіліс кемінде бір сағат болып белгіленеді.  

7.  Вахталық  әдіспен  жұмыс  істейтін  жұмыскерлердің  түнгі  уақыттағы,  демалыс  және  мереке 

күндеріндегі  жұмысына  ақы  төлеу  еңбек,  ұжымдық  шарттарда  көзделген  жұмыс  істелген  айға 

жалақы төлеу күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. 

136-бап. Үй жұмыскерлері 



1. Егер жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) жұмыс берушінің пайда алуы және (немесе) жұмыс 

беруші  үшін  пайда  алу  мақсатында  орындалмаса  (көрсетілмесе),  жұмыс  беруші  жеке  тұлғаларда 

отбасының  бір  немесе  бірнеше  мүшесі  жүргізетін  үй  шаруашылығындағы  жұмыстарды 

орындайтын (қызметтер көрсететін) жұмыскерлер үй жұмыскерлері деп танылады. 

2. Жұмыс беруші үй жұмыскерін жұмысқа қабылдау не онымен еңбек қатынастарын тоқтату 

туралы  акт  шығаруды  және  оның  жұмысы  туралы  мәліметтерді  еңбек  кітапшасына  енгізуді 

жүргізбейді. 

3. Үй жұмыскерімен еңбек шартының тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша ескертудің 

мерзімдері,  сондай-ақ  жұмысынан  айырылуға  байланысты  өтемақы  төлеу  жағдайлары  мен 

мөлшері еңбек шартында белгіленеді. 

4. Үй жұмыскері мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек даулары тараптардың келісімі 

бойынша және (немесе) сотта шешіледі. 



137-бап. Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер 

1. Жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және өзінің немесе жұмыс беруші бөліп 

беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар 

мен  құрылғыларды  пайдалана  отырып,  үйде  жеке  еңбегімен  орындау  туралы  еңбек  шартын 

жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер деп есептеледі. 

2.  Жұмыскердің  жұмысты  үйде  орындауы  еңбек  шартын  жасасқан  кезде,  еңбек  шартының 

қолданылу мерзімі ішінде де еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіле отырып белгіленуі мүмкін. 

3. Үйде істелетін жұмысты орындау туралы еңбек шартында: 

1)  жұмысты  жұмыскерге  меншік  құқығымен  тиесілі  немесе  жұмыс  беруші  бөліп  беретін  не 

жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  сатып  алынатын  жабдықтарды,  материалдарды,  құрал-

саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып орындау; 

2)  жұмыскерді  жұмысты  орындау  үшін  қажетті  шикізатпен,  материалдармен,  жартылай 

фабрикаттармен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері; 

3)  жұмыскерге  төленетін  өтемақы  және  өзге  де  төлемдер  туралы  талаптар  міндетті  түрде 

көзделуге тиіс. 

138-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу 

1.  Қашықтықтан  жұмыс  істеу  жұмыс  процесінде  ақпараттық-  коммуникациялық 

технологияларды  пайдалана  отырып,  еңбек  процесін  жұмыс  беруші  орналасқан  жерден  тысқары 

жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады. 

2. Жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және 

оларды  орнату  мен  оларға  қызмет  көрсету  жөніндегі  шығыстарды  көтереді.  Жұмыскер  меншікті 

коммуникация  құралдарын  тұрақты  негізде  пайдаланған  жағдайда,  жұмыс  беруші  өтемақы 

төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді. 

Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерге жұмыс беруші үшін 

жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және және 

басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін. 

3.  Қашықтықтан  жұмыс  істейтін  жұмыскерлер  үшін  жұмыс  уақытының  тіркелген  есебі 

белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады. 

139-бап. Азаматтық қызмет 

1. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге асырылады. 

2.  Конкурсты  бос  лауазымы  бар  мемлекеттік  мекеме,  қазыналық  кәсіпорын  ұйымдастырады 

және өткізеді. 

3. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару 

арқылы жүзеге асырылады. 

4.  Бұрын  сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жасаған  адам  азаматтық  қызметке  басқару 

функцияларын орындаумен байланысты лауазымға қабылданбайды.  

5.  Азаматтық  қызметшілер  лауазымдарының 

тізілімін

  әзірлеу  мен  бекітуді  еңбек  жөнiндегi 

уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келісу бойынша тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк 

органдары жүргізеді. 

6. Азаматтық қызметші: 

1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да 

мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға; 

2)  азаматтық  қызметтің  қалыпты  жұмыс  істеуіне  және  лауазымдық  міндеттерді  атқаруға 

кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға; 



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау