1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет32/41
Дата29.01.2020
өлшемі1,08 Mb.
#27675
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41

мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы 

жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді. 

4.  Келісу  комиссиясына  келіп  түскен  өтінішті  көрсетілген  комиссия  берілген  күні  міндетті 

түрде тіркеуге тиіс. 

Дау  өтініш  берушінің  және  (немесе)  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық 

актілеріне  сәйкес  берілген  өкілеттіктер  шегінде  ол  уәкілеттік  берген  өкілдің  қатысуымен 

қаралады. 

5. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға 

және  дау  тараптарына  шешімнің  көшірмесін  оны  қабылдаған  күннен  бастап  үш  күн  мерзімде 

беруге міндетті. 

6.  Келісу  комиссиясының  шешімі,  жұмысқа  қайта  алу  туралы  дауды  қоспағанда,  онда 

белгіленген мерзімде орындалуға тиіс. 

7.  Келісу  комиссиясының  шешімі  белгіленген  мерзімде  орындалмаған  жағдайда,  жұмыскер 

немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы. 

8.  Келісу  комиссиясының  тараптары  келісу  комиссиясының  мүшелерін  Қазақстан 

Республикасы  еңбек  заңнамасының  негіздеріне,  келіссөздер  жүргізу  машығын  дамытуға  және 

еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын оқытуды жүргізуге міндетті. 

160-бап. Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері 

Келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай 

мерзімдер белгіленеді: 

1)  жұмысқа  қайта  алу  туралы  даулар  бойынша  -  жұмыс  берушінің  еңбек  шартын  тоқтату 

туралы  актісінің  көшірмесі  келісу  комиссиясына  тапсырылған  күннен  бастап  бір  ай,  ал  сотқа 

жүгіну  үшін  -  реттелмеген  даулар  бойынша  не  еңбек  шарты  тарапы  келісу  комиссиясының 

шешімін  орындамағанда  жүгінген  кезде  келісу  комиссиясы  шешімінің  көшірмесі  тапсырылған 

күннен бастап екі ай; 

2) басқа еңбек даулары бойынша - жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны 

туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл. 

Жеке  еңбек  дауларын  қарау  бойынша  жүгіну  мерзімінің  өтуі  қаралып  жатқан  еңбек  дауы 

бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған 

жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады. 

161-бап. Жұмыскерді жұмысына қайта алу 

1.  Бұрынғы  жұмысына  қайта  алынған  жұмыскерге  амалсыз  бос  жүрген  (жұмыстан 

шеттетілген)  бүкіл  уақыты  үшін  орташа  жалақысы  немесе  басқа  жұмысқа  заңсыз  ауыстырылған 

кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындаған  уақыт үшін, бірақ  алты айдан аспайтын  уақытқа 

жалақыдағы айырма төленеді. 

2. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі келісу комиссиясының не соттың жұмыскерді бұрынғы 

жұмысына  қайта  алу  туралы  шешімі  дереу  орындалуға  тиіс.  Жұмыс  беруші  жұмысқа  қайта  алу 

туралы  шешімнің  орындалуын  кідірткен  кезде,  келісу  комиссиясы  не  сот  жұмыскерге  шешімнің 

орындалуы  кідіртілген уақыт  үшін  орташа  жалақысын  немесе  жалақысындағы  айырмасын  төлеу 

туралы шешім шығарады. 



16-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ 

162-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар 

Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

1) еңбек төрелігі - ұжымдық еңбек дауының тараптары татуластыру комиссиясында келісімге 

қол  жеткізілмеген  кезде  еңбек  дауын  шешу  үшін  уәкілетті  адамдарды  тарта  отырып  құратын, 

уақытша жұмыс істейтін орган; 

2)  ереуіл  -  жұмыс  берушімен  ұжымдық  еңбек  дауындағы  жұмыскерлердің  әлеуметтік-

экономикалық  және  кәсіптік  талаптарын  қанағаттандыру  мақсатында  жұмысты  толық  немесе 

ішінара тоқтату; 

3)  татуластыру  комиссиясы  -  ұжымдық  еңбек  дауын  тараптарды  татуластыру  арқылы  реттеу 

үшін,  жұмыс  беруші  мен  жұмыскерлер  (олардың  өкілдері)  арасындағы  келісім  бойынша 

құрылатын орган; 

4) татуластыру рәсiмдері - ұжымдық еңбек дауын бастапқыда татуластыру комиссиясында, ал 

онда  келiсiмге  қол  жеткізілмеген  кезде  -  еңбек  төрелігінде,  сондай-ақ  медиация  рәсімін  қолдана 

отырып, тараптардың өзара келісуі бойынша рет-ретімен қарау. 



163-бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы 


1.  Ұжымдық  еңбек  дауы  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасын  қолдану, 

келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын 

орындау  немесе  өзгерту  мәселелері  бойынша  осы  Кодекстің 

164-бабына

  сәйкес  ресімделген 

жұмыскерлердің  талаптары  туралы  жұмыс  берушіні  жазбаша  хабардар  еткен  күннен  бастап 

туындаған деп есептеледі.  

2. Жұмыс беруші жұмыскерлердің қойған талаптарын - оларды алған күннен бастап үш жұмыс 

күнінен  кешіктірмей,  жұмыс  берушілер  бірлестігі  бес  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  қарауға  және 

оларды  шешу  үшін  шаралар  қабылдауға,  ал  көрсетілген  мерзімде  шешу  мүмкін  болмаған  кезде, 

туындаған  келіспеушіліктерді  одан  әрі  қарау  үшін  өз  өкілдерін  көрсете  отырып,  өздерінің 

шешімдері мен ұсыныстарын жұмыскерлерге жазбаша түрде жеткізуге міндетті. 

164-бап.  Ұжымдық  еңбек  дауларын  қарау  жөніндегі  органдар  және  жұмыскерлердің 

талаптарын ресімдеу мен қарау тәртібі 

1. Ұжымдық еңбек даулары мынадай реттілікпен шешіледі: жұмыс беруші (жұмыс берушілер 

бірлестігі),  шешу  мүмкін  болмаған  жағдайда  -  татуластыру  комиссиясы,  онда  келісімге  қол 

жеткізілмеген кезде - еңбек төрелігі, ол реттемеген мәселелер бойынша - соттар қарайды. 

2. Жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, жұмыскерлер мен 

жұмыс  беруші,  жұмыс  берушілер  бірлестігі  арасындағы  келісімдердің,  ұжымдық  және  (немесе) 

еңбек  шарттарының,  жұмыс  беруші  актілерінің  талаптарын  орындау  немесе  өзгерту  мәселелері 

бойынша 


талаптары 

жұмыскерлердің 

жалпы 

жиналысында 



(конференциясында) 

қалыптастырылады және бекітіледі. 

Жұмыскерлер  жиналысы,  егер  оған  ұйым  жұмыскерлерінің  жалпы  санының  кемінде  үштен 

екісі қатысса, заңды деп танылады. 

Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес жұмыскерлер сайлаған делегаттардың 

кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады. 

Жұмыскерлер  жиналысының  (конференциясының)  шешімі,  егер  олар  ұсынған  талаптарды 

қатысушылардың  кемінде  үштен  екісі  қолдап  дауыс  берсе,  қабылданды  деп  есептеледі. 

Жұмыскерлер  жиналысын  (конференциясын)  өткізу  мүмкін  болмаған  кезде,  жұмыскерлердің 

өкілді  органының  өзі  ұсынған  талаптарын  қолдауға  жұмыскерлердің  кемінде  үштен  екісінің 

қолтаңбасын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар. 

Жұмыскерлердің 

өкілдері 

жұмыс 


берушімен 

жұмыскерлер 

жиналыстарын 

(конференцияларын)  өткізу  регламентін,  орнын,  уақытын,  жиналысқа  (конференцияға) 

қатысушылардың санын келіседі.  

3.  Жұмыскерлердің  талаптары  жазбаша  нысанда  жазылады  және  жұмыс  берушіге,  жұмыс 

берушілер  бірлестіктеріне  жиналыс  (конференция)  өткізілген  күннен  бастап  күнтізбелік  үш  күн 

мерзімде жіберіледі. 

4.  Көрсетілген  талаптарды  әртүрлі  жұмыс  берушілердің  жұмыскерлері  қойған  жағдайда,  бұл 

талаптарды  кәсіптік  одақтардың  салалық  немесе  аумақтық  бірлестіктері  не  жұмыскерлер 

уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы мүмкін. 

5.  Жұмыс  беруші,  жұмыс  берушілер  бірлестігі  жұмыскерлердің  талаптар  қою  жөнінде 

жиналыс  (конференция)  өткізуіне  кедергі  келтіретін  қандай  да  болсын  араласуға  бармауға 

міндетті. 

6.  Жұмыскерлердің  талаптарын  шешу  мүмкін  болмаған  кезде,  олар  татуластыру  рәсімдері 

тәртібімен қаралады. 

7.  Тараптар  ұжымдық  еңбек  дауын  қараудың  кез  келген  сатысында  делдалға  жүгіне  алады. 

Делдалдық  рәсім  татуластыру  комиссиясындағы,  еңбек  төрелігіндегі  татуластыру  рәсімдеріне 

қарағанда дербес болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін. 

165-бап. Татуластыру комиссиясы 

1.  Татуластыру  комиссиясы  жұмыс  берушi  мен  жұмыскерлер  өкілдерінің  тең  санынан  тепе-

теңдік негізде тараптардың бірлескен шешімімен құрылған орган болып табылады. 

Татуластыру  комиссиясын  құру  туралы  шешiм  жұмыс  беруші,  жұмыс  берушілер  бірлестігі 

(олардың  өкілдері)  өз  шешімін  жұмыскерлердің  (олардың  өкілдерінің)  назарына  жеткізген  не 

хабарламаған  не  ұжымдық  келіссөздер  барысында  келіспеушіліктер  хаттамасын  жасаған  күннен 

бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде  қабылданады.  Ұйымда  жұмыскерлердің  бірнеше  өкілдері  болған 

кезде, олар комиссия жұмысына қатысу үшін бірыңғай өкілді орган құрады. 

2. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi татуластыру комиссиясының жұмыс істеуі үшін 

қажетті жағдайлар жасайды. 




жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау