1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет29/41
Дата29.01.2020
өлшемі1,08 Mb.
#27675
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41

1.  Мемлекет  атынан  тиісті  атқарушы  органдар,  жұмыскерлер  мен  жұмыс  берушілер  атынан 

белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген олардың өкілдері әлеуметтік әріптестік тараптары болып 

табылады. 

2. Әлеуметтік әріптестікті: 

1)  республикалық  деңгейде  -  әлеуметтік  әріптестік  пен  әлеуметтік  және  еңбек  қатынастарын 

реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі - республикалық комиссия); 

2)  салалық  деңгейде  -  әлеуметтік  әріптестік пен  әлеуметтік  және  еңбек  қатынастарын  реттеу 

жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі - салалық комиссия); 

3)  өңірлік  (облыстық,  қалалық,  аудандық)  деңгейде  -  әлеуметтік  әріптестік  пен  әлеуметтік 

және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрі - 

өңірлік комиссия) әлеуметтік әріптестік органдары арқылы тараптардың өзара іс-қимыл жасасуы 

нысанында; 

4)  ұйымдар  деңгейінде  -  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  негізінде  жұмыскерлердің 

өкілдері  мен  жұмыс  берушінің  арасында  еңбек  саласындағы  өзара  нақты  міндеттемелерді 

белгілейтін ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етеді. 

3. Тұрақты жұмыс істейтін республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар мынадай қағидаттар: 

1)  комиссиялардың  қызметіне  атқарушы  билік  органдары  өкілдерінің,  жұмыс  берушілер  мен 

жұмыскерлер өкілдерінің қатысу міндеттілігі; 

2) тараптардың өкілеттілігі; 

3) тепе-тең өкілдік ету; 

4) тараптардың тең құқықтылығы; 

5) тараптардың өзара жауаптылығы негізінде қалыптастырылады. 

4. Комиссияларға қатысушылардың дербес құрамын  әлеуметтік әріптестіктің әрбір тарапы өз 

бетінше қалыптастырады. 

5.  Қазақстан  Республикасындағы  әлеуметтік  әріптестік  мынадай  міндеттерді  шешуге 

бағытталған: 

1)  әлеуметтік,  еңбек  және  осылармен  байланысты  экономикалық  қатынастарды  реттеудің 

тиімді тетігін жасау; 

2)  қоғамның  барлық  топтарының  мүдделерін  объективті  ескеру  негізінде  әлеуметтік 

тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 

3) жұмыскерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге, оларды 

әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға жәрдемдесу; 

4)  барлық  деңгейлердегі  әлеуметтік  әріптестік  тараптары  арасындағы  консультациялар  мен 

келіссөздер процесіне жәрдемдесу; 

5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу; 

6)  әлеуметтік-еңбек  қатынастары  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асыру  жөніндегі 

ұсыныстарды тұжырымдау. 

148-бап. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру 

1.  Республикалық,  салалық  және  өңірлік  комиссиялар  тараптардың  орындауы  үшін  міндетті 

тиісті  шешімдермен  ресімделетін  консультациялар  мен  келіссөздер  жүргізу  арқылы  әлеуметтік 

әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін органдар 

болып табылады. 

2. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету: 

1) республикалық деңгейде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға; 

2) салалық деңгейде тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттік органдарына; 

3)  өңірлік  деңгейде  тиісті  әкімшілік-аумақтық  бірліктің  жергілікті  атқарушы  органдарына 

жүктеледі. 

Осы Кодекстің мақсаттары үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді. 

3. Мыналар:  

1)  республикалық  деңгейде  -  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің,  жұмыскерлердің 

республикалық  бірлестіктері  мен  жұмыс  берушілердің  республикалық  бірлестіктерінің  өкілетті 

өкілдері; 

2) салалық деңгейде - тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілетті 

өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері; 

3)  өңірлік  деңгейде  -  жергілікті  атқарушы  органдардың  өкілетті  өкілдері,  жұмыс  берушілер 

мен жұмыскерлердің өкілдері комиссияларға қатысушылар болып табылады. 



4. Мыналар:  

1) республикалық деңгейде - республикалық кәсіптік одақтар бiрлестiктері; 

2) салалық деңгейде - салалық кәсіптік одақтар; 

3)  өңірлік  деңгейде  -  аумақтық  кәсіптік  одақтар  бiрлестiктері  жұмыскерлердiң  өкiлеттi 

өкiлдерi болып табылады. 

5. Мыналар: 

1) республикалық деңгейде - Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке 

кәсіпкерлік  субъектілері  бірлестіктерінің  республикалық  одағының  (қауымдастығының),  шағын 

кәсіпкерлік  жөніндегі  республикалық  бірлестіктің,  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің 

республикалық  салалық  бірлестіктерінің  өкілдері  жұмыс  берушілердің  өкілетті  өкілдері  болып 

табылады. 

Көрсетілген  одақтардан  (қауымдастықтардан)  өкілдік  ету  олардың  құрамына  кіретін 

республикалық  қоғамдық  бірлестіктердің  санына  қарай  пропорционалды  негізде  жүзеге 

асырылады; 

2)  салалық  деңгейде  -  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  кәсіпкерлер  палатасының  және 

(немесе) салалық ұйымдардың өкілдері; 

3) өңірлік деңгейде: 

өңірлік палаталардың өкілдері; 

облыстық  деңгейде  -  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  облыстық  бірлестіктері,  шағын 

кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік; 

қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық бірлестіктер 

жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады. 



149-бап. Келісімдерді дайындау жөнінде келіссөздер жүргізу құқығы 

1.  Әлеуметтік  әріптестіктің  кез  келген  тарапы  келісімді  әзірлеу,  оның  мазмұны,  оны  жасасу, 

өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздердің бастамашысы болуға құқылы. 

2.  Республикалық,  салалық,  өңірлік  деңгейлерде  жұмыскерлер  мен  жұмыс  берушілер 

уәкілеттік  берген  бірнеше  өкіл  болса,  олардың  әрқайсысына  өздері  өкілдік  ететін  жұмыскерлер 

мен  жұмыс  берушілер  санына  байланысты  пропорционалды  өкілдік  ету  қағидаты  негізінде 

келіссөздер жүргізу құқығы беріледі. 

150-бап. Келіссөздер жүргізу, келісімдер әзірлеу және жасасу тәртібі 

1. Екінші тараптан келіссөздерді бастау туралы жазбаша ұсыныстар алған тараптар күнтізбелік 

он күн ішінде оларды қарауға және келіссөздерге кірісуге міндетті. 

Тараптар  арасында  келісімдердің  жекелеген  ережелері  бойынша  келіспеушіліктер  болған 

кезде,  тараптар келіссөздер  басталған  күннен бастап  үш  ай  ішінде  бір  мезгілде  келіспеушіліктер 

хаттамасын жасай отырып, келісілген шарттарда келісімге қол қоюға тиіс. 

Егер  тараптар  келісімге  келе  алмаса,  хаттама  жасалады,  оған  келіссөздердегі 

келіспеушіліктерді  жою  және  қайта  бастау  мерзімдері  бойынша  тараптардың  түпкілікті 

тұжырымдалған ұсыныстары енгізіледі. 

2.  Келіссөздер  жүргізу  тәртібін,  келісімдерді  әзірлеу  және  жасасу  мерзімдерін,  сондай-ақ 

оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оларға қосылуды комиссиялар бекітеді. 

3.  Келісімдер  оларға  тараптар  қол  қойған  кезден  бастап  не  келісімдерде  белгіленген  күннен 

бастап  күшіне  енеді.  Келісімдердің  барлық  қосымшалары  олардың  ажырамас  бөлігі  болып 

табылады және солармен бірдей заңдық күшке ие болады. 

4.  Келісімнің  қолданылу  мерзімі  тараптардың  келісімі  бойынша  не  жаңа  келісім 

қабылданғанға дейін белгіленеді, бірақ үш жылдан аспауға тиіс. 

5.  Жұмыскерлерге  бір  мезгілде  бірнеше  келісімдердің  күші  қолданылған  жағдайларда, 

жұмыскерлердің  жазбаша  өтініштері  болған  кезде  келісімдердің  жұмыскерлер  үшін  неғұрлым 

қолайлы шарттары қолданылады. 

6.  Комиссиялардың  шешімдері  келіссөздерде  барлық  тараптардың  келісіміне  қол  жеткізу 

негізінде  ғана  қабылданады  және  тиісті  келісімдермен  ресімделеді.  Шешімдер  қабылдау  мен 

жұмысты ұйымдастыру тәртібін комиссиялар әзірлейді және бекітеді. 

7. Бас, салалық, өңірлік келісімдер әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің қолтаңбасымен 

бекітіледі. 



151-бап. Келісімдерді тіркеу 

1.  Тараптар  қол  қойған  салалық,  өңірлік  келісімдер  қосымшаларымен  бірге  он  күн  мерзімде 

хабарламалық тіркеу үшін жіберіледі. 



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау