3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға;
4) азаматтық қызметті өткеру кезеңінде белгілі болған,
мемлекеттік құпияларды
, қызметтік
және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
7. Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің
тәртібі мен шарттарын
тиісті қызмет
саласының уәкілетті мемлекеттік органы айқындайды.
8. Азаматтық қызметші өзінің жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың басшылары
арасындағы келісу бойынша басқа мемлекеттік мекемеге, қазыналық кәсіпорынға жұмысқа
ауыстырылуы мүмкін.
9. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуді
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн
денсаулық
сақтау
,
әлеуметтiк қамсыздандыру
,
бiлiм беру
,
мәдениет
,
спорт
және
ветеринария
саласындағы мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе,
жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы
түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және
мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық
айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық
сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы
мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi
атқарушы орган айқындайды.
10. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы
мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен
кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде
сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
140-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы
атқарушы органының басқа да мүшелерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
1. Атқарушы органның басшысымен еңбек шартын жасасу, оның еңбегіне ақы төлеу тәртібі
мен шарттары, оны тәртіптік жауаптылыққа тарту, жұмыстан шеттету осы Кодекске, Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, құрылтайшылар, заңды тұлға мүлкінің
меншік иесі не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адам (орган) немесе заңды
тұлғаның уәкілетті органы бекітетін құжаттарға, заңды тұлғаның оқшауланған құрылымдық
бөлімшелері туралы ережелерге және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Егер жалғыз құрылтайшы (қатысушы, акционер) заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы
органы болып табылған жағдайда, еңбек шарты жасалмайды. Еңбек қатынастары жұмыс
берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісімен ресімделеді, онда еңбек функциясы, еңбек
қызметін жүзеге асыру мерзімі, жұмыстың басталу күні, жұмыстың орындалатын орны, сондай-ақ
еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттар қамтылуға тиіс.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда,
атқарушы органның басшысымен еңбек шарты жасалады не құрылтайшылардың, заңды тұлға
мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның)
немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі негізінде онымен еңбек қатынастары
тоқтатылады.
3. Атқарушы органның басшысын жаңа мерзімге тағайындаған (сайлаған, лауазымға бекіткен)
жағдайда, еңбек шартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
4. Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы актісіне
құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі
уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен не
олар бекітетін құжаттармен уәкілеттік берілген адам қол қояды.
5. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысына және басқа да мүшелеріне
тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол анықталған күннен
бастап екі айдан кешіктірілмей қолданылады.
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысына тәртіптік жаза қолдану тәртібі Қазақстан
Республикасы заңнамасының және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының ерекшеліктері
ескеріле отырып, құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар,
меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының
шешімімен бекітілген жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.
6. Осы Кодексте көзделген заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының еңбегін реттеу
ерекшеліктері заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органына, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы
атқарушы органының басқа да мүшелеріне қолданылады.
141-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналына жататын жұмыскерлердің
еңбегін реттеу ерекшеліктері
Ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиация
персоналына жататын жұмыскерлердің еңбегі азаматтық авиация саласындағы халықаралық
стандарттар мен нормативтер ескеріле отырып, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимі
ұзақтығының ерекше нормаларын белгілейтін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін
пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында
және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы
Кодекспен реттеледі.
142-бап. Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы) мүшелерiне жататын
жұмыскерлердің еңбегін реттеу
Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы) мүшелерiне жататын жұмыскерлердің еңбегі
теңiз кемелерiнің экипаждары (жүзу құрамы) мүшелерiнің еңбегін, еңбегіне ақы төлеуді, жұмыс
уақытын және тынығу уақытын реттеудің ерекшеліктерін белгілейтін «Сауда мақсатында теңiзде
жүзу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында
және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
143-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті мен
мәслихаттары депутаттарының, судьяларының еңбегін реттеу
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары
депутаттарының, судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше
шарттары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ
қосымша
жеңілдіктерді,
артықшылықтар
мен
шектеулерді
белгілейтін
Қазақстан
Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
144-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары
мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегін реттеу
Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен
мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен
тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу
жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін
Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
145-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ведомстволары
жұмыскерлерінің еңбегін реттеу
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегі
лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше еңбек
жағдайларын, еңбекақы төлеу жүйесі мен жағдайларын, сондай-ақ артықшылықтар мен
шектеулерді белгілейтін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан
Республикасының
Заңында
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің актілерінде көзделген
ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
146-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін жұмыскерлердiң
еңбегiн реттеу
Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін жұмыскерлердiң еңбегі «Кәсіптік
одақтар туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында
көзделген ерекшелiктермен бiрге осы
Кодекспен реттеледi.
3-БӨЛІМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ
ҚАТЫНАСТАР
13-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК
147-бап. Әлеуметтік әріптестік органдары, қағидаттары және міндеттері