6
ТІЛ БІЛІМІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ПРОБЛЕМЫ ЯЗЫКОЗНАНИЯ
_____________________________________________________________________________
УДК 811.111
А.Б. Абаған
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы, Қазақстан
Abagan_a@mail.ru
КОРЕЙ ТІЛІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Корей тілінде қазіргі таңда фразеологияны кеңінен зерттеу қолға алынып отыр. Өз
туған тілінің қыр-сырын қарастырып, жан-жақтан саралап үлгерген корей тіл
мамандары енді корей тілі фразеологизмдерін тиянақты түрде қарастыруды қолға алып
отыр. Осыған орай, бұл мақалада корей тілі фразеологизмдерінің зерттелу тарихы мен
қалыптасуын айқындап , көрсетуге тырыстық.
Кілт сөздер: фразеология, сөзорам, корей тілі, тіл мамандары, мәдениет, ұлт,
ерекшелік, лингвистика, мақал-мәтелдер, метафора, көпмағыналы сөздер.
Әрбір тілде тұрақты бейнелік сөзорамдар бар екені бәрімізге мәлім. Ол сөзорамдар
қарым-қатынас барысында туындамай, сөйлеу барысында сөз ретінде қолданылып отырады.
Міне, осындай сөзорамдарды зерттейтін тіл білімінің дербес саласын фразеология деп
айтамыз. Фразеология дербес сала болып қалыптасқанынан кейін тіл мамандары тарапынан
бұл саланы зерттеуге қызығушылыр қатары артып, зерделеуге талпынушылар саны да
күннен күнге өсуде [1, 6]. Соның бірі ретінде корей тілінде де қазіргі таңда фразеологияны
кеңінен зерттеу қолға алынып отырғанын айта кеткен жөн. Өз туған тілінің қыр-сырын
қарастырып, жан-жақтан саралап үлгерген корей тіл мамандарының корей тілі
фразеологизмдерін тиянақты түрде қарастыруды қолға алғана көп уақыт бола қойған жоқ.
Сондықтан, корей тілі фразеологизмдерінің зарттелу тарихы мен қалыптасуын біз осы
мақалада айқындап , көрсетуге тырыстық.
Фразеологиялық бірліктер корей тіл білімін зерттеуші ғалымдардың зерттеушілік
назарына іліккеніне көп уақыт болған жоқ. Кореяның тіл мамандары корей тілінің
фразеологиялық құрамы, фразеологизмдердің көлемі, айрықша белгілері мен жүйелі-
құрылымдық ерекшеліктері сияқты маңызды мәселелерді көтеріп, зерттеумен қазіргі кезде де
белсенділікпен айналысып келеді [2, 217].
Соңғы он жылда корей тілінің фразеологизмдері мен мақал-мәтелдерін зерттеуде тіл
мамандарының қызығушылығы артып отыр. Жеке корей тілі фразеологиясын зерттеу де
қарқынды жүргізілуін тоқтатпаған. Бұған соңғы он жылда жарық көрген көптеген
монографиялар, диссертациялар мен мақалалар дәлел бола алады және оны келесі
себептермен түсіндіруге болады. Фразеологизм тілдің айшықты және мәнерлі, бай
саласының бірі екені бәрімізге мәлім. Әрбір ұлттың өзіне тән ерекшелігінің айрықша
көрінуін фразеологизмдерден байқауға болады деп тұжырымдай аламыз. Мәдениет іздері
жатқан фразеологизмдер әлем тілдерінде дәл осы себепті кеңінен зерттеліп келеді .
Қазіргі таңда корей тілінің бай фразеологиялық қоры әртүрлі деңгейдегі сөздіктер,
түсіндірмелі сөздіктер мен екі тілді сөздіктерде жинақталып, жарыққа шығарылған. Бұл
сөздіктер жыл сайын сөздк қорын толықтырып, қайта басылып шығарылады.
«Фразеологизм» сөзі корей тілінде әртүрлі мағынаны беріп, әртүрлі терминдермен
айтылады. Сонымен қатар, сол әртүрлі мағынаны беретін фразеологизмдердің корей тілінде