Органикалық байланыстырғыш заттар жəне олардың негізінде өндірілген материалдар органикалық байланыстырғыш заттар



жүктеу 38,05 Kb.
бет1/9
Дата18.03.2023
өлшемі38,05 Kb.
#41823
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
9-дәріс.Органикалық байланыстырғыш заттар (1)

ОРГАНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШ ЗАТТАР
ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ӨНДІРІЛГЕН МАТЕРИАЛДАР



Органикалық байланыстырғыш заттар битум, қара май
болып бөлінеді. Бұл тарауда битум мен қара майдың түрлері, олардың
құрамы, құрылымы, қасиеттері, осы байланыстырғыш заттар негізінде
жасалған асфальт-бетон, асфальт–ерітінді, қара май – бетон, рулонды
жабындық материалдар (рубероид, пергамин, т.б.), гидроизоляциялық
материалдар (битумды гидрозол, битум резеңкелі-бризол, изол, т.б.
фольгоизол), əртүрлі эмульсиялар, пасталар, мастикалар қаралады.


Битумның түрлері, құрамы, кұрылымы, қасиеттері

Битумның түрлеріне – органикалық байланыстырғыш заттар


табиғи түрінде кездесетін немесе асфальтты жыныстардан өндірілетін
битумдар мен мұнайдан өндірілетін жасанды битум жатады.
Табиғи битум – жабысқақ тұтқыр сұйық немесе қатайған
көмірсутектер мен олардың металл емес туындыларынан, атап
айтқанда, көмірсутектер мен күкірттің (S), оттегінің (O) жəне азоттық
(N) қосылыстарынан құралған зат. Табиғи битумдар – кəдімгі
жаратылыс жағдайда мұнай – өзінің ұшқыш фракцияларынан өте баяу
айырылады, бірте-бірте қатты немесе тұтқыр битумға айналады.
Табиғи битум, мұнай кенорнына жақын жерде құралады. Бірақ, табиғи
битум – таза түрінде сирек кездеседі. Ол шөгінді таужыныстарында
жиірек орын алады.
Асфальтты жыныстар дегеніміз битум сіңген шөгінді кеуекті
таужыныстары: əктас, доломит, саз, құм. Бұл жыныстардан битум
шығарылып алынады немесе олар майдаланып, асфальт ұнтағы ретінде
пайдаланылады.
Жасанды немесе мұнайлы битум жеңіл мұнай фракцияларының
кейінгі қалдықтарынан, яғни мұнайды қайнатып, одан бензин мен
керосинді жəне майлардың біраз бөлігін шығарғаннан кейін қалатын
гудрон, крекинг калдықтарынан алынады. Табиғи битум сирек
кездесетіндіктен, құрылыста негізінде осы мұнайлы битум қолданылады.
Битумның құрамын элементтік жəне химиялық деп бөледі.
Элементтік құрам – битумның қандай элементтерден тұратынын, ал
химиялық құрамы, осы элементтердің қандай қосылыстар түзетінін
анықтайды. Битумдардың элементтік құрамы мынадай: көміртегі (С)
70 - 80%, сутегі 10 - 15%, күкірт (S) 2–9 %, оттегі (О) 1-5%, азот (N)
0 - 2%. Бұл элементтер битумда көмірсутектер мен олардың күкірт, оттегі жəне азот қосылыстары ретінде кездеседі.
Битумдардың химиялық құрамы өте күрделі. Онда С9Н20 - дан
С30Н62 дейін қаныққан (көмірсутектері болуы мүмкін). Бұл битум
түзетін қосылыстарды үш топқа: қатты бөлік, шайырлар жəне майлы
фракциялар деп бөлуге болады. Бұлардың əрқайсысы молекулалық
массасы əртүрлі көмірсутектер мен олардың металл емес элементтері
мен туындыларынан тұрады.
Битумның қатты бөлігінің молекулалық массасы – 1000-5000
аралығында, тығыздығы бірден жоғары. Битумның бұл бөлігін –
асфальтендер деп атайды. Оның құрамына асфальтеннен басқа, тек
төрт хлорлы көміртегінде (ССІ4) еритін карбендер, ұшқыш еріткіштер
мен майлар, ерімейтін карбонаттар жəне қатты көмірсутектер, парафиндер кіреді. Битумның шайырлар тобының молекулалық
массасы – 500-1000 аралығында, тығыздығы 1 шамасында, түсі қара
қоңыр, аморфты зат. Битумның майлы фракцияларының молекулалық
массасы – 100-500 аралығында, ал тығыздығы 1-ден кіші.

жүктеу 38,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
Қазақстан республикасы
туралы хабарландыру
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
Республикасының білім
бойынша оқыту
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
мемлекеттік қызметшілері
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
Рабочая учебная
мектепке дейінгі