ТЖ Тері 4 СӘН ҚАЗ ватсап



жүктеу 2,92 Mb.
Дата10.04.2023
өлшемі2,92 Mb.
#42094
ТЖ Тері 4 СӘН ҚАЗ ватсап
6-9тарбие, 6-9тарбие, 3-лекция тарбие, 143363, 1-lecture (1), НАШАҚОРЛЫҚ ТС ЖМА-011,012, ОФД 4-апта Абдимажитова Шахниза лек, ОФД 1-апта Абдимажитова Шахниза, 00166724-55a0b25b, 125348, 11 апта жфи-012 Махамаджанова Шахноза, псих этолон (копия), JGTFLUGSVBKL13122022151131, БӨЖ дене шынықтыру11

4 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
ТАҚЫРЫП: ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ:
Ι. ӨКПЕДЕН ТЫС АУА ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
Тыныс алу мүшелері, негізгі газ алмасу функциясынан басқа, бір қатар респираторлық емес функцияларды да атқарады. Оларды қамта-масыз ететін гистоструктураларды білу болашақ дәрігерге бұл функ-циялардың бұзылуының механизмін түсіну үшін, ең ақырында – дұрыс диагноз қою және тиімді емдеу үшін маңызды. Тыныс алу мүшелерінің ауруларын қазіргі заманғы зерттеу әдістерін: бронхоскопия, бронхо-биопсия, рентгеноскопия, УДЗ, компьютерлік томография (КТ), магнит-тікрезонанстық томография (МРТ) және т.б. ойлап табу мен қолдану осы мәліметтерге негізделеді.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Өкпеден тыс ауа өткізу жолдары мүшелерінің микроскопиялық құры-лысын атқаратын қызметтерімен және тыныс алу жүйесінің ашық жүйе ретінде ерекшеліктерімен байланыстырып оқып білу.


ОҚЫП-ҮЙРЕНУ МІНДЕТТЕРІ
1. Өкпеден тыс ауа өткізу жолдары мүшелерінің қабырғасының жалпы
гистологиялық құрылысын олардың тыныс алу және тыныс алу емес функ-
цияларын жүзеге асыруда атқаратын рөліне байланыстырып оқып білу.
2. Өкпеден тыс ауа өткізу жолдары мүшелерін микроскопиялық деңгейде
идентификациялауды (айырып тануды) үйрену.
3. Микропрепараттарда өкпеден тыс ауа өткізу жолдары мүшелерінің
қабырғасының қабықтары мен қабаттарын және оларды құрайтын
тіндер мен жасушаларды айырып тануды үйрену.
4. Алған білімді микропрепараттарды диагностикалау және ситуациялық
есептердің шешімін шығару үшін қолдануды үйрену.


САБАҚ ӨТУ РЕТ-ТӘРТІБІ
1. Тақырыптың теориялық сұрақтарын - 1-ші деңгей тапсырмаларын талқы-
лау (80 мин). Үйде өз бетімен дайындалу кезінде төменде келтірілген тео-
риялық сұрақтарды, бейнелекцияларды және көрнекі құралдарды қолда-
ныңыз.
2. Студенттердің қойған сұрақтарына жауап беру, оларды қызықтыратын
мәселелерді талқылау (10 мин).
3. Сабақтың теориялық бөлімі бойынша студенттерге қорытынды баға қою (5
мин).
4. Сабақта студенттердің өз бетімен жұмысы (55 мин):
4.1. Микропрепараттарды зерттеп тану - 2-ші деңгей тапсырмалары.
4.2. Ситуациялық есептерді шығару - 3-ші деңгей тапсырмалары.



жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет