00166724-55a0b25b



жүктеу 0,83 Mb.
Дата17.04.2022
өлшемі0,83 Mb.
#38194
00166724-55a0b25b
6-9тарбие, 6-9тарбие, 3-лекция тарбие, 143363, 1-lecture (1), НАШАҚОРЛЫҚ ТС ЖМА-011,012, ОФД 4-апта Абдимажитова Шахниза лек, ОФД 1-апта Абдимажитова Шахниза, 125348, 11 апта жфи-012 Махамаджанова Шахноза, псих этолон (копия), JGTFLUGSVBKL13122022151131, БӨЖ дене шынықтыру11, ТЖ Тері 4 СӘН ҚАЗ ватсап
  • Шеңбер және оның
  • элементтері
  • Өткенді қайталау
  • Анықтама. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады.
  • О нүктесі – шеңбердің центрі,
  • АО – радиусы.
  • Белгіленуі: R немесе r.
  • (O, R) – центрі О нүктесі болатын,
  • радиусы R-ге тең шеңбер.
  • Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесіндін хорда деп аталады. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Диаметр – ең үлкен хорда. Шеңбердің центрі диаметрдің ортасында жатады.
  • CD, AB, EF – хордалар,
  • AB – диаметр,
  • AB=2R.
  • Жазықтықтың шеңбермен шектелген
  • бөлігін дөңгелек
  • деп атайды.
  • Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзуді жанама деп, ал осы ортақ нүктені жанасу нүктесі деп атайды.
  • Жанасу нүктесі шеңбер бойында жатқандықтан, оның центрге дейінгі қашықтығы радиусқа тең. Жанаманың өзге нүктелері шеңберден тысқары орналасқан, яғни олардан центрге дейінгі қашықтықтар радиустан үлкен.
  • Олай болса,
  • а жанамасынан шеңбер центріне дейінгі қашақтық
  • OK-ға тең, яғни
  • Сондықтан шеңберге жүргізілген жанама радиусқа перпендикуляр.
  • Есептер
  • №1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы мүмкін бе?
  • №2. Шеңбердің радиусы диаметрден 15 мм кіші. Диаметрді табыңдар.
  • №3. Шеңбердің В нүктесі арқылы ВС диаметрі және ВD хордасы жүргізілген. ВD-ның ұзындығы шеңбер радиусына тең (1-сурет). ОВD үшбұрышының ішкі бұрыштарын табыңдар.
  • №4. 1-суреттегі ОDВ үшбұрышы тең қабырғалы. В нүктесі арқылы шеңберге жанама жүргізілсе, жанама мен ВD хордасының арасындағы бұрыш неше градус болатынын табыңдар.
  • Математикалық диктант.
  • 1. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы __________ деп атайды.
  • 2. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын
  • кесіндіні шеңбердің _________________ деп атайды.
  • 3. Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын
  • нүктелердің жиынын ___________________ деп атайды.
  • 4. Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін __________ деп атайды.
  • 5. Шеңбердің бөліктерін ______________ деп атаймыз.
  • 6. Шеңбермен бір ортақ нүктесі бар түзуді ___________________ дейді.
  • 7. Екі радиустың арасындағы бұрышты ________________ деп атайды.
  • диаметр
  • радиус
  • шеңбер
  • дөңгелек
  • доға
  • жанама
  • центрлік бұрыш
  • Үйге тапсырма:
  • №207, 213; №24 (Г-2).

жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет