3-лекция тарбие



жүктеу 22,53 Kb.
Дата15.05.2021
өлшемі22,53 Kb.
#35345
3-лекция тарбие
6-9тарбие, 6-9тарбие, 143363, 1-lecture (1), НАШАҚОРЛЫҚ ТС ЖМА-011,012, ОФД 4-апта Абдимажитова Шахниза лек, ОФД 1-апта Абдимажитова Шахниза, 00166724-55a0b25b, 125348, 11 апта жфи-012 Махамаджанова Шахноза, псих этолон (копия), JGTFLUGSVBKL13122022151131, БӨЖ дене шынықтыру11, ТЖ Тері 4 СӘН ҚАЗ ватсап

3 Лекция тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі

Лекция жоспары: Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар. Сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі. Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Сынып жетекшісінің жұмыс жүйесімен таныстыру.

Лекция мазмұны:

Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы–кеңесшісі болып саналады. Сыныпта оқушылардың оқу тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуының, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сныптың нақты өмір жағдайларына байланысты қарастыру.

Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.




жүктеу 22,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет