ОФД 1-апта Абдимажитова Шахниза



жүктеу 17,2 Kb.
Дата22.02.2022
өлшемі17,2 Kb.
#37610
ОФД 1-апта Абдимажитова Шахниза
6-9тарбие, 6-9тарбие, 3-лекция тарбие, 143363, 1-lecture (1), НАШАҚОРЛЫҚ ТС ЖМА-011,012, ОФД 4-апта Абдимажитова Шахниза лек, 00166724-55a0b25b, 125348, 11 апта жфи-012 Махамаджанова Шахноза, псих этолон (копия), JGTFLUGSVBKL13122022151131, БӨЖ дене шынықтыру11, ТЖ Тері 4 СӘН ҚАЗ ватсап


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ -Түрік университеті

Жаратылыстану факультеті

Математика кафедрасы

Деңгейлік сұрақтар


Орындаған:Абдимажитова Шахниза

Тобы:ЖМА- 011

Түркістан-2021ж


1-деңгейлік тапсырма.Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдануы.

Дене бітімінің дамуын бағалағанда бой ұзындығын, дене салмағын және кеуде шеңберін міндетті түрде зерттеу керек. Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі: Ең басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің қатынастары - индекстер тәсілі қолданылды. Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер - екі көрсеткіштен тұрды (дене салмағы - бой ұзындығы және кеуде шеңбері - бой ұзындығы индекстері).

Антропометриялық өлшеу әдістері

Антропометрия (грек. antropos – адам, metreo – өлшеу) – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады. Жалпы физикалық даму көрсеткіштері ағзаның функционалды жағдайын көрсетеді және денсаулық жағдайы мен жұмыс қабілеттілігін бағалауда маңызы бар.

Өлшеуді тексеруден өткен өлшеуіш құралдармен өлшейді: таразы, бой өлшегіш, сантиметрлік лента. Барлық өлшеуді күннің бірінші жартысында, аш қарынға, физиологиялық қажеттіліктерден кейін жүргізілгені дұрыс. Өлшенетін адам жеңіл тоқыма киімде болуы керек.
1-деңгейлік тапсырма. Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы.
Балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап, білу мүмкін емес. Сондықтан да оқушылардың физиологиялық дамуы адам анатомиясының, гистологиясы мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады. Жеке баланың, немесе ұжымның дене бітімінің даму дәрежесі, бағалы гигиеналық көрсеткіш болғандықтан, балалар мен жасөспірімдердің морфологиясы ішкі факторлардың да, сыртқы факторлардың да әсерін көрсетеді.
2-деңгейлік тапсырма. Өсу мен даму қарқыны.

Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады.

өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады.

Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.

Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.

2- деңгейлік тапсырма. Өсу мен дамудың гетерохрониясы.

Гетерохрония— ағза ұрпағының денесіндегі бір тканьнің, немесе мүшенің күні бұрын немесе кешігіп жетілуі. Гетерохронияға сүтқоректі жануарлардың жаңа туған балаларының аузындағы емуге икемделген тіл еттерінің күні бұрын жақсы жетілуі мысал бола алады.



Дамудың гетерохрониясы онтогенездің әр кезеңінде ағзаның жоғары бейімделуін және қалыптасу мен қалыптасу кезеңдерінен өтетін барлық биологиялық жүйелердің жұмыс істеу сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ерте онтогенезде органның жеке элементтерінің пісіп жетілуі біркелкі емес және біртіндеп жүреді, сәл ертерек піскен басқа органның элементтерімен біріктіріліп, біріктіріледі. Бұрын піскен орган қажетті функционалды жүйені құруға қатысады.
жүктеу 17,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет