6-9тарбие



жүктеу 38,73 Kb.
Дата15.05.2021
өлшемі38,73 Kb.
#35343
6-9тарбие
6-9тарбие, 3-лекция тарбие, 143363, 1-lecture (1), НАШАҚОРЛЫҚ ТС ЖМА-011,012, ОФД 4-апта Абдимажитова Шахниза лек, ОФД 1-апта Абдимажитова Шахниза, 00166724-55a0b25b, 125348, 11 апта жфи-012 Махамаджанова Шахноза, псих этолон (копия), JGTFLUGSVBKL13122022151131, БӨЖ дене шынықтыру11, ТЖ Тері 4 СӘН ҚАЗ ватсап

6. Сыныптағы тәрбие жүйесін қалыптастырудағы сынып жетекшісінің қызметін жазыңыз.

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Оның қызметі 3 бағытта қарастырылады:



  1. Педагогикалық және әлеуметтік гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.

  2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру.

  3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.

Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.




жүктеу 38,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет