Радиотелеметриялық деректерді жинау. Бұл әдіс жануарларға датчиктер қондырып, олардың қозғалу орнын жер бетіндегі көшпелі станциялар, немесе ұшақ арқылы анықтауға болады.
Картографиямен геоақпараттың байланысы
‘‘Геоақпарат” термині үш түбірден — географиядан, ақпараттан және автоматикадан тұрады. Қазіргі кезде геоақпарат жүйе ретінде ғылым, техника және өндіріс ауқымын алып жатыр. Бұл үштік: ғылым — техника — өндіріс картографияны бірлестіреді, себебі бұл бағыт құрылым жағынан өзара өте жақын. Геоақпарат ғылым ретінде география, Жер туралы ғылымдармен, картографиямен, қашықтық зондтаумен тығыз байланысты. Бірақ жоғарыдағы жүйелерге қарағанда геоақпараттың өзінің ерекше құрамы мен әдістері бар. Олардың бастысы — компьютерлік модельдеу және онымен ұштасқан геоақпараттық картографиялау. Карталар мен атластар компьютерлік өңдеуге арналған кеңістіктік және уақьггтық ақпаратты алудың басты көзі. Геоақпараттық жүйеде пайдаланылған “картографиялық емес” ақпараттар тек картаға байланыстырылады (мыс., координата жүйесі, т.б.). Геоақпарат картография және Жер туралы ғылыммен бірігіп, Жер жүзінде болып жатқан түрлі құбылыстар мен үрдістерді өзіндік әдістерімен зерттейді. Ғылым ретінде геоақпараттың негізгі мақсаты — жер жүйесін басқару (бағалау, болжау т.б). Ал картографияға маңыздысы, осы құбылыстарды геоақпараттың кешенді зерттеу және оның проблемалық бағыты.
Жоғарыда айтылған геоақпараттық-картографиялық ерекше білім бағыты қалыптасты. Қос ғылым салалары және техникалық біртұтастығы төмендегі факторлармен анықталады:
• жалпы географиялық және тақырыптық координаталар — табиғат, шаруашылық, әлеуметтік сфера, эколологиялық жағдайды көрсететін кеңістік ақпараттың басты көзі;
• картографияда қабылданған координата жүйесі және графалау ГАЖ-дың барлық деректерін географиялық шектеу қою кажеттілігін көрсетеді;
• карталар — ГАЖ-да енгізілетін, өндірілетін және сақталатын кандай да болмасын ақпаратты және қашықтық зондтау деректерін талдаудың және ұйымдастырудың негізгі құралы;
• геоақпараттық технология кеңістік — уақыт құрылымын зерттеу, геожүйенің байланыстары мен динамикасын пайдалана отырып, негізінен, картографиялық сараптау және математикалық картографиялық модельдеуге сүйенеді.
• картографиялық бейнелеу – тұтынушыларға ақпаратты көрсетудің ең жетік формасын, ал картаны жасау (құру) ГАЖ-дың негізгі функцияларының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |