Сызықтық нысан (line, line feature) - кем дегенде кеңістікте координаттары белгілі екі нүктеден тұрады. Сызықтық нысандардың жиыны сызықтық қабатты құрайды. Мұндай “бір өлшемді” нысандарға жол, өзен, көлдің шекарасы, мемлекеттік шекара және т.б. жатады. Әрине мұндай “бір өлшемді” нысандар масштабпен шектеледі. Өзеннен алыстаған сайын, ол кеңістікте ені жоқ сызықка айналады, мұндай нысандарды сызықтық нысандарға жатқызамыз. Сызықтық нысандардың нүктелік нысандардан айырмашылығы, бұлар жалқы, бірақ нүктемен анықталмайды, ол кем дегенде екі нүктемен сипатталады. Мысалы, өзен — сызықтық нысан. Бастапқы және соңғы екі нүктемен анықталынады. Ал өзенге толық сипаттама бергіміз келсе (өзен оңға, солға бұрылады), онда көптеген нүктелерді қажет етеді. Өте жақын қашықтықтан қараған нысандардың ұзындығы мен ені пайда болады. Мұны аймақтық немесе полигонды нысандар деп атайды.
Аймақтық (полигон) (poligon, area, region) — біртекті аймақты бір немесе бірнеше доғалық нысандармен шектелінетін нысан. Мұндай нысандарға мемлекет шекарасы, көл, теңіз, ашық кен орны т.б. жатады.
Осы екі өлшемді нысандардың шекарасы, кеңістікте тұрған орны бір нүктеден басталып сол нүктемен шектеледі. Сондықтан полигонды нысандар кем дегенде төрт координаттар тізбегінен тұрады. Демек, бұл аудандық нысандардың кеңістікте тұрған орны ғана емес, сонымен бірге оның пішінін, бағытын және оның алып жатқан ауданын табуға болады. Аймақтық нысандарға тағы бір өлшемді қоссақ, онда үшөлшемді беткейді табуға болады. Үшөлшемді енгізу себебі: біз үйдің енін, ұзындығын білген болсақ, бұл үйдің биікгігі қанша екенін білу үшін оның биіктік өлшемін енгізуіміз қажет.
Өлшем шкалалары
Мысалы, ағашты нүктелік нысан ретінде көрсетуге болады, ал оның емен, қайың, немесе қарағай екенін білмейміз. Ағашты кесіп, біз оның жасын анықтаймыз жөне оның емен екенін білетін боламыз. Енді осы қосымша мәліметті пайдаланып оның жай ағаш емес, емен екенін және оның жасы отыз жетіде екенін табамыз. Демек, біз қосымша кеңістікке жатпайтын мәліметтер аркылы жетіде екенін табамыз. Демек, біз қосымша кеңістікке жатпайтын мәліметтер арқылы нысандарды сипатттай аламыз. Сондықтан белгілі нысанды, белгілі орында, белгілі атымен қосымша мәліметтермен сипаттап оған толық анықтама береміз. Бұл қосымша мәліметті — атрибут деп атайды.
Атрибут (attribute) дегеніміз – сандық жөне сапалық түрдегі ерекше нөмірі немесе идентификаторы бар кеңістіктегі нысанның сипаттамасы. Атрибуттар жиынтығы кесте түрінде ДҚБЖ-да сақталады. Ол енді, осы өткендерді атрибуттармен меншіктендіру алдында, біз оларды қалай өлшеу керектігін білуіміз кажет. Себебі: бір жерде тұрған нысанды екінші жердегі нысанмен салыстыру мүмкін емес. Бірінші деңгейде — номиналды (атаулы) шкала тұр, мұның атынан нысандардың тек атын — ағаш, бұлақ, жол, орман және т.б. білеміз. Бұл өлшемнен жоғарыда аталған аттары белгілі, ал оларды өзара салыстыра алмаймыз. Нысандарды әрмен қарай салыстырғымыз келсе деңгейі жоғары аралық (интервалды) шкала қолданамыз. Мұнда өлшенген өлшемге сандық мән беріледі, мысалы қара мен ақ топырақтың температуралық айырмасы қанша екенін білеміз.
Егер нысандарды дәлірек салыстыру қажет болса, онда реттеу шкаласын қолдану қажет, үлкен-кіші, тәтті-ащы т.б., демек сапасына байланысты, жақсыдан – нашарға қарай.
Ең соңғы шкала бұл қатынасты шкала. Деректерді абсолюттік қарым-қатынас шкаласына айналдырып, нағыз санды өлшем шкаласына көшеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |