Нүктелі нысандар. Картаның масштабында көрінбейтін элементтер нүктелермен сипатталады. Мысалы, Қазақстан картасындағы ауылдар, қалалар.
Ауыл ауданы картада көрсетілуі мүмкін емес, сол себептен де ол шартты белгімен сипатталады, демек белгілі бір нүкте суретімен (2-сурет).
Нүкте түрінде көрсетілген нысандарды таңдау, картаның масштабына немесе зерттеулерге байланысты болады. Ірі масштабты картада нүктемен жеке құрылыстар көрсетіледі, ал майда масштабты картада — қалалар.
Нүктелі нысандардың ерекшелігі олардың басқа да кеңістіктік нысандары сияқты графикалық файлдар түрінде және атрибутты кесте түрінде сақталынуында. Әрбір нүктенің координаты екі қосымша атрибут түрінде сипатталады. Кестедегі әрбір жол нүктеге сәйкес — онда сол нүкте жөнінде барлық ақпарат жиналған.
Сызықты нысандар. Сызықпен карта масштабында ауданы болмайтын, бірақ ұзындығы бар нысандар көрсетіледі. Мысалы, Қазақстанның теміржол картасы. Әрине, жол ені көрсетілуі мүмкін емес, бірақ Алматы — Астана жолының картасында көрінетіндей ұзындық бар (3-сурет).
Сызықтар — желіні сипаттау үшін де кеңінен қолданылады, оларға нүктелі нысандарға қарағанда топологиялық белгілердің болуы сипат. Кез келген желі түйін қосындысынан, жекелеген сызық ұшынан және буын (доға) — модель мәліметтер базасындағы қосарламадан тұрады. Әрбір түйін үшін арнайы сипаттама болады, ол ондағы буындардың санымен анықталып, валенттілік деп аталады.
Сызықты нысандардың, нүктелідегідей өзінің атрибуттары бар, олар доға және түйіндер үшін әр түрлі болады. Мысалы, доға үшін атрибуттар келесідей болуы мүмкін: қозғалыс бағыты, қозғалыс интенсивтілігі, ұзындық (жолдар үшін), ЛЭП-тегі кернеу, тіреу биіктігі (электроөткізгіш желісі үшін), құбыр диаметрі, газ қозғалысьның бағыты (газөткізгіш) және т.б. Мысалы, түйін үшін атрибуттар келесідей болуы мүмкін: өткізгіштің болуы, қиылысатын көше аттары, ЛЭП трансформаторларының сипаттамасы, компрессор қуаты және т.б.
Кейбір атрибуттар (мысалы, қиылысқан көше аттары) бір типті нысандарды басқаларымен (буындары бар түйіндермен) байланыстыру үшін қызмет етеді. Нақты мысалда, сызықты нысандар түрінде өзендер жөне темір жолдар көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |