Зәр түзу мүшелері анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері



жүктеу 43,67 Kb.
бет7/8
Дата03.02.2022
өлшемі43,67 Kb.
#35432
1   2   3   4   5   6   7   8
2937eab2-d60c-4ee8-b610-48b0f5411611 (1)

Созылмалы пиелонефрит
Себептері: өткір пиелонефритті дұрыс, уақытында емдемеу; баланың қорғаныш күштерінің төмендеуі; емделмеген цистит, вульвовагиниттер; уростаз.

Клиникасы – ремиссия кезінде клиникалық белгілері баланың жалпы жағдайының бұзылу белгілерімен білінеді: тез шаршағыштық, басы ауырып, тәбеті төмендеу, тері қабатының бозаруы т.б. Қайталану кезінде – температура көтерілу, дизуриялық белгілер, қанда және зәрде пиелонефритке тән өзгерістер анықталады, бірақ өткір пиелонефритке қарағанда әлсіздеу білінеді.

Диагноз қою. Өткір және созылмалы пиелонефритке диагноз қою үшін, анамнезге, клиникалық белгілеріне, лабораториялық тексерістер мен инструментальды тексерістерге сүйенеміз.

Пиелонефритті өткір және созылмалы гломерулонефриттен ажырату үшін әрқайсысына тән белгілер мен ортақ белгілерді ескеру қажет. Зәр анализінде пиелонефритке тән бактериурия, лейкоцитурия босла, гломерулонефриттегі зәрдегі басым өзгерістер – протеинурия, цилиндрурия, макрогематурия болатынын ескеру қажет. Зәрдің функциональды тексерістері – Нечипоренко, Зимницкий әдістерімен тексеру жүргізіледі. Диагноз қоюға қанның жалпы және биохимиялық тексерістері жүргізіледі. Биохимиялық тексеріс арқылы қалдық азот пен мочевина мөлшері, ал зәрде бактериологиялық зерттеу арқылы бактериурия бар екені анықталады.

Инструментальды тексерістер (экскреторлы урография, пиелоскопия, цистоурография) арқылы бүйрек түбектері мен зәр шығару жолдарындағы патологиялық өзгерістерді анықтай аламыз.

Емдеу.

1. Төсек режимі температура түскенше, дизуриялық белгілер басылғанша тағайындалады. Басқа уақытта бала көбірек қимылдап, жүріп, зәрдің бөлінуіне жеңілдік жасағаны дұрыс.

2. Диета – алғашқыда №7, кейіннен №5 стол тағайындалады, көбірек көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдарынан тұру керек. Дезинтоксикация және зәр бөлінуін жақсарту үшін сұйықтықтар шектелмейді, кеңінен тағайындалады. Ал ащы, қуырылған, майлы, экстрактивті тағамдар шектеледі.

3. Дәрілерден негізінен инфекцияға қарсы препараттар қолданылады: антибиотиктер, мүмкін болса, сезімталдығын анықтап барып, өткір пиелонефритте 10-14 күнге – жартылай синтетикалық пенициллиндер, аминогликозидтер мен цефалоспориндер тобы беріледі, одан кейін баланың жағдайына қарай тағы 6-8 апта бойы алмастыра отырып, нитрофурандар (фурагин, фурадонин, фуразолин), нафтриридин препараттарымен (неграм, невиграмон, налидиксин, 5-НОК) ем жалғастырылады. Созылмалы пиелонефритте антибиотиктер және басқа уросептиктермен емдеу ұзақтығы 6-9 айдан кем болмау керек.

4. Витаминдер комплексі тағайындалады.

5. Пиелонефриттің емінде әртүрлі дәрілік шөп қайнатпалары кеңінен қолданылады – зверобой, шалфей, толокнянка, подорожник, крапива, шиповник, жүгерінің шашағы т.б.

Ауырған бала өткір пиелонефриттен кейін 3 жылға, созылмалы пиелонефритте жасөспірімдер тобына өткізгенше «Д» есепке алынып, нефрологтың, педиатрдың бақылауында болуы қажет. Осы мерзімде баланың зәрін жалпы тексеріске және әр 3 ай сайын Нечипоренко, Каковский-Аддис әдістері бойынша тексеріп тұру қажет.

Клиникалық-лабораториялық ремиссия кезінде баланы санаторий курорттарға жіберуге болады – Трускавец, Железноводск, Қырым жағалауындағы курорттарға.



Прогноз – балар өлімі пиелонефриттен кейін өте сирек. Толық жазылып кету де сирек болады, көбінесе дұрыс ем жүргізу арқылы толық клиникалық-лабораториялық ремиссияға жеткізе аламыз.

Профилактика.

1. Баланың жеке басының тазалығын қатаң сақтау, әсіресе кішкентай қыз балалардың.

2. Баланың жалпы қорғаныш күштерін арттыру.

3. Өткір іш ауруларының, гельминтоздардың алдын алу.

4. Созылмалы ауру ошақтарын емдеп, сауықтыру.

5. Өткір пиелонефриттерден сауықтыру, дұрыс дер кезінде ем жүргізу.





жүктеу 43,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау