Зәр түзу мүшелері анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері



жүктеу 43,67 Kb.
бет1/8
Дата03.02.2022
өлшемі43,67 Kb.
#35432
  1   2   3   4   5   6   7   8
2937eab2-d60c-4ee8-b610-48b0f5411611 (1)


Зәр түзу жүйесі.

Қалыпты жағдайда бүйректер ағзада негізгі екі функция атқарады: тұрақты сұйықтық орта мен оның минералдық құрлымын және өзге , зиянды заттардың сыртқа шығарылуын қамтамасыз ету.



Зәр түзу мүшелері анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
Жас баланың бүйрегі ересектердікіне қарағанда салыстырмалы түрде .

- Үлкен, сондықтан жоғарғы полюсі жоғарырақ, төменгі полюсі төменірек, 12-ші кеуде омыртқасы мен 4-ші бел омыртқасы аралығында орналасады;

- Бүйректің қыртысты қабаты, бүйрек түтікшелері туылған кезде жақсы жетілмеген, сондықтан бала бүйрегінің сүзгі қызметі нашарлау жетілген болып туылады.

- Бүйрек көлемінің, салмағының салыстырмалы түрде үлкен болуы - оның зәр түзу қызметін жақсы атқаруының себепшісі. Мысалы, жаңа туған баланың өзі тәулігіне 20-25 рет, 1 жасқа дейін 15 ретке дейін зәрге шығарады. Бірақ, бүйректің сүзгі қызметі бүйрек түтікшелерінің жетілмеуімен байланысты өз дәрежесінде емес. сондықтан, ерте жастағы балалардың зәрінде қалыпты жағдайдың өзінде белок, қан түйіршіктері анықталуы мүмкін;

- Бүйрек түбектері және несеп ағарлары кеңдеу, несеп ағарлары түзу емес, иілістері байқалады, бұлшық ет және серіппелі қабаттары нашар дамыған. Аталған анатомиялық ерекшеліктер жас балаларда зәрдің жиналып, тұрып қалуына себепші және бұл ерекшеліктер оларда бүйрек ауруларының жиірек кездесуіне де әсерін тигізеді.

Қуық – жоғарырақ орналасқан, сиымдылығы жасына қарай әр түрлі: жаңа туған балада – 50 мл; 3 айлық балада – 100 мл; 1 жасар балада – 200 мл; 10 жасар балада – 900 мл болады.

Зәр шығару каналы қысқа: қыз балаларда 0,8 – 1 см, ер балаларда – 5-6 см. Қыз балалардың зәр шығару каналының сыртқы саңылауы ерте жасында ашық тұрады, анусқа жақын орналасқан, бұл ерекшеліктер төменнен жоғары қарай инфекция таралуына бейімдейді, және балаларда бүйрек ауруларының жиірек байқалуының тағы бір себебі болып табылады.

Тәуліктік диурез балаларда жасына қарай өзгеріп отырады, оның құрамы, меншікті салмағы да бірдей емес. 1 айлығында – 300 мл, 6-12 айында – 600 мл. Одан асқасын формула бойынша есептеп табуға болады:

600+100 х (Н-1) /бұл жердегі 600 – 1 жасар баланың тәуліктік диурезі, Н – баланың жасы/



Зәрдің меншікті салмағы зәрдің мөлшерімен және бүйректің концентрациялаушы қызметімен байланысты болады. Ерте жастағы балаларда зәрдің тығыздығы төмен 1003-1008 болса, өсе келе жоғарлайды.

Ерте жастағы балалар зәрді еріксіз бөледі, яғни зәр бөлу шартсыз рефлекс болып табылады.Баланың 3-4 айлығынан бастап шартты рефлекс қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Орталық жүйке жүйесінің жетіле түсуі барысында баланың 1- 2 жасынан бастап зәр бөлу - шартты рефлекске айналады.

Бала 4 –жасына дейін зәр бөлуге толық бақылау жасауы тиіс. Егер бала толмаған қуықтан зәр бөле алса ғана, зәр бөлуге толық бақылау жүргізе алғандығы болып саналады.

Зәр шығару ағзаларының қызметін тексеру әдістері:

1. пальпация – бүйректі сипалап тексеру;

2. перкуссия (Пастернацкий әдісі) – бүйрек тұсын ұрғылап тексеру.

3. инструментальды тексерістер – Рентгенді тексерістер, УЗИ, цистоскопия, уретероскопия, рентгендік контрасты урография т.б.


4. функциональдық тексерістер – бүйректің зәр түзу, сүзгі және концентрациялаушы қызметтерін тексеру – зәрдің жалпы анализі, Зимницкий, Аддис-Каковский, Амбурже, Нечипоренко әдістері бойынша жүргізіледі.

5. қанды биохимиялық тексеріске алу.



Балалардың нормадағы биохимиялық қан көрсеткіштері




Атауы

Көрсеткіші (СИ)

1

Жалпы белок

62-82 г/л

2

Альбуминдер

1,3-3,2 г/л

3

Глобулиндер

5,2-6,5 г/л

4

Қалдық азот

14,6-28,4 мкмоль/л

5

Мочевина

2,5-8,3 мкмоль/л

6

Креатинин

0,041-0,11 мкмоль/л

7

Несеп қышқылы

0,17-0,3 мкмоль/л

8

Серомукоид

0,7-1,3 г/л

9

Нуклеотидтер

1,35-2,1 г/л

10

Липидтер

4,5-7,0 г/л

11

Липопротеидтер

3,2-3,8 г/л

12

Фосфолипидтер

1,9-3,2 мкмоль/л

13

Холестерин

3,9-5,7 мкмоль/л

14

Қант

3,33-5,55 мкмоль/л

15

Билирубин

3,4-13,7 мкмоль/л

16

Натрий

137-150 мкмоль/л

17

Калий

4,1-5,6 мкмоль/л

18

Фосфор

0,97-1,6 мкмоль/л

19

Кальций

2,2-2,7 мкмоль/л

20

Темір

9,0-32,2 моль/л



жүктеу 43,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау