Зәр түзу мүшелері анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері


Балалардың нормадағы биохимиялық қан көрсеткіштері



жүктеу 43,67 Kb.
бет3/8
Дата03.02.2022
өлшемі43,67 Kb.
#35432
1   2   3   4   5   6   7   8
2937eab2-d60c-4ee8-b610-48b0f5411611 (1)

Балалардың нормадағы биохимиялық қан көрсеткіштері




Атауы

Көрсеткіші (СИ)

1

Жалпы белок

62-82 г/л

2

Альбуминдер

1,3-3,2 г/л

3

Глобулиндер

5,2-6,5 г/л

4

Қалдық азот

14,6-28,4 мкмоль/л

5

Мочевина

2,5-8,3 мкмоль/л

6

Креатинин

0,041-0,11 мкмоль/л

7

Несеп қышқылы

0,17-0,3 мкмоль/л

8

Серомукоид

0,7-1,3 г/л

9

Нуклеотидтер

1,35-2,1 г/л

10

Липидтер

4,5-7,0 г/л

11

Липопротеидтер

3,2-3,8 г/л

12

Фосфолипидтер

1,9-3,2 мкмоль/л

13

Холестерин

3,9-5,7 мкмоль/л

14

Қант

3,33-5,55 мкмоль/л

15

Билирубин

3,4-13,7 мкмоль/л

16

Натрий

137-150 мкмоль/л

17

Калий

4,1-5,6 мкмоль/л

18

Фосфор

0,97-1,6 мкмоль/л

19

Кальций

2,2-2,7 мкмоль/л

20

Темір

9,0-32,2 моль/л


ӨТКІР ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ
Өткір гломерулонефрит – бұл бүйрек домалақшаларының өткір қабынуымен сипатталатын инфекциялық аллергиялық ауру. 3-7 жас аралығындағы балалар жиірек ауырады. Қоздырғышы – көбінесе бета гемолитикалық стрептококк, стафилококк және вирустар болып табылады. Бейімдеуші фактор – қатты суықтау.

Патогенез. Өткір гломерулонефрит көбінесе баспа, назофарингит, скарлатина ауруларынан 10-15 күн өткеннен кейін басталады, яғни осы уақыттың ішінде ол аурулардың қоздырғыштары организмде аллергия тудырады. Сөйтіп, бейімдеуші қосымша факторлар әсер еткен жағдайда, аллергияға ұшыраған, қорғаныш күштері төмендеген бала организмінде ауру басталады.

Гломерулонефриттің жіктелуі

(1978 жылы нефрологтардың симпозиумында қабылданған)


Клиникалық түрі

Аурудың даму кезеңі

Бүйрек қызметінің деңгейі

1. Жедел гломерулонефрит

- нефритикалық с-м

- нефротикалық

- оқшауланған несеп синдромы

- аралас

2. Созылмалы гломерулонефрит

- нефротикалық

- гематурия

- аралас

3. Қатерлі гломерулонефрит



1. Алғашқы біліну кезеңі

2. Қайталап даму кезеңі

3. Созылмалы гломерулонефритке айналу

1. аурудың өрістеу кезеңі

2. Уақытша ремиссия кезеңі

3. Толық клиникалық лабораториялық ремиссия кезеңі



1. Бүйрек қызметі сақталған

2. Бүйрек жұмысы бұзылған

3. Өткір бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі

1. Бүйрек қызметі бұзылмаған

2. Бүйрек қызметі бұзылған

3. Созылмалы бүйрек жетіспеуі

1. Бүйрек қызметі бұзылған

2. Созылмалы бүйрек жетіспеушлігі




Клиника. Өткір гломерулонефриттің белгілері келесі клиникалық түрлерде өтеді:

1. Нефритикалық түрі

2. нефроикалық түрі

3. Тек зәрдегі өзгерістер

4. Аралас түрі

Нефритикалық түрінде – жоғары температура, жалпы жағдайдың бұзылу белгілерімен қатар ісіктер, гипертензия және зәрде өзгерістер пайда болады. Ісіктер қабақтың, беттің ісінуінен басталады, тері қабаты бозарады. Қан қысымы көтерілгенмен өте жоғары деңгейге дейін жетпейді, 8-10 күннен кейін қалыпқа түседі. Гломерулонефриттің бұл клиникалық түріндегі ең басым белгі – гематурия – макро және микрогематурия. Протеинурия болмашы мөлшерде және тез нормаға түседі.

Нефротикалық (ісікті) түрі – көбінесе мектеп жасынп дейінгі балаларда кездеседі. Ең негізгі белгі, аты көрсетіп тұрғандай, ісіктер: бетінен басталып, түгел денесіне, аяқ қолдарына, кейде ішкі қуыстарға да тарайды (асцит). Одан кейінгі белгі – протеинурия және цилиндрурия. Қан анализінде: ЭШЖ жоғарылайды, лейкоцитоз, гипопротеинемия 35-55 г/л (нормада 62-82 г/л), гиперхолестеринемия – 7,8 мкмоль/л (нормада 4,16-5,72 мкмоль/л).

Аралас түрі – ең ауыр түрі, өйткені алдыңғы аталған түрлеріндегі белгілердің бәрі байқалады: қан қысымы қатты көтеріледі, ісіктер байқалады, протеинурия, гематурия, олигоурия, цилиндрурия, қан анализінде – гипопротеинемия, гиперхолестеринемия. Жүрек шекарасының ұлғаюы, систолалық шу естілу, қатты бас ауруы сияқты белгілер де қосылады.

Тек зәрдегі - өзгерістер түрінде клиникалық белгілер байқалмайды, балада бүйрек ауруы бар екені басқа аурулармен келіп, зәрін тексерген кезде ғана анықталады.

Өткір гломерулонефрит дұрыс ем жасалған жағдайда (80-95%) 2-3 айдың ішінде жазылып кетеді, кейде 1-1,5 жылға созылады.



Асқынулары:

1. Жедел бүйрек жетіспеушілігі ЖБЖ (ОПН).

2. Бүйрек Энцефалопатиясы (бас миының ісінуі мен қан тамырларының тарылуынан), құрысып-тырысу.

3. Созылмалы гломерулонефрит.



Диагноз қою. Анамнез, клиникалық белгілерге, лабораториялық тексерістерге, инструментальдық тексерістерге сүйне отырып қойылады.

Емдеу. Емдеу этапты түрде жүргізіледі:

1-ші саты – арнайы нефрологиялық бөлімшеде, стационарда.

2-ші саты – емханада, «Д» есепке алып, бақылау.

3-ші саты – санаторий, курорттарда.

1. Стационарлық ем жүргізу тәртібі. Ем арнайы нефрологиялық бөлімшелерде жүргізілуі қажет.

1. Стационарлық ем жүргізу тәртібі. Ем арнайы нефрологиялық бөлімшелерде жүргізілуі қажет.



  • 3-4 аптаға дейін қатаң төсек режимі тағайындалады. Бұл режим баланың жалпы жағдайына, зәр анализдерінің нәтижелеріне қарап біртіндеп кеңейтіледі

  • тамақтандыру ерекшеліктері: ауыр жағдайларда 1-2 күнге жеңілдету диетасы тағайындалады. Бала тек жеміс-жидектермен, кисель, варенье сияқты тәттілермен қоректенеді, сұйықтық мөлешері шектеледі. Одан кейін №7 столға ауыстырылады, бірінші аптада тұзсыз тағам, 2-3-ші аптадан бастап 1,5-2 айға дейін тұз тәулігіне 1-2 г, кейінірек жағдайына қарап 4-5 г дейін көбейтіледі.

  • Аурудың қоздырғыштарына қарсы антибиотиктер тағайындалады: пенициллин 100000 – 150000 Ед/кг тәулігіне, ампициллин, оксациллин, карбенициллин осы дозаларда 1,5 – айға дейін алмастыра отырып егіледі. Ауыр түрлерінде және аталған препараттар әсер етпесе, кең спектрлі антибиотиктер тағайындалады.

  • Симптоматикалық ем жүргізіледі: антигистаминді препараттар (супрастин, тавегил, фенкарол, димедрол т.б.); қан қысымын төмендетін дәрілер – резерпин, раунатин, бастапқы дозасы 0,01-0,02 күніне 3 рет, дибазол 0,002-0,003-0,005; зәр қуатын дәрілер – алғашқыда теобромин, кофеин, үлкен ісіктерде – гипотиазид 2,5 мг/кг, фуросемид (лазикс) 1-5 мг/кг, верошпирон 5,10 мг/кг, тәулігіне, гломерулонефриттің ісікті түрінде гормондар – преднизолон схема бойынша, калий перпараттарымен қоса тағайындалады; жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер, уремияда 2% сода ерітіндісімен сифонды клизма жасау, асқазанды шаю, «жасанды бүйрек» аппаратына қосу, құрысып тырысқанда – магнезий сульфаты 25%, жұлыннан сұйықтық алу қолданылады.

2. Емханадағы бақылау, емдеу. Ауру абала стационарда емделіп шыққаннан соң, жеңіл түрлерінен кейін 5 жыл, ауыр түрлерінен кейін өмір бойына нефролог, педиатрдың бақылауына алынады. Баланың жалпы жағдайы бағаланып, зәр және қан анализдері тексеріліп, стамотолог, ЛОР дәрігерлердің консультациясына жіберіліп тұрады. Қажет болған жағдайда ем тағайындалып, жүргізіледі.

3. Санаторийлық ем – бала емделіп шыққаннан кейін 6 ай өткесін, клиникалық-лабораториялық ремиссия кезінде Гаспра, Қырым жағалауы, Байрам-Али, Трускавец сияқты курорттарда ем қабылдағаны дұрыс.



Профилактика.

1. Стрептококпен шақырылатын ауруларға дер кезінде диагноз қойып, емдеп баланы сауықтыру.

2. Инфекция ошақтарын емдеу, сауықтыру.

3. Алдын алу егу жұмыстарын сақтықпен жүргізу – баланың аллергиялық бейімділігін ескеріп отыру.

4. Балалар мекемелерінде сауықтыру жұмыстарын жүргізу.


жүктеу 43,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау