Пиелонефрит ауруы
Пиелонефрит – бүйректің түбекшесін, тостағаншаларын, милы және қыртысты затын қамтитын бейспецификалық-инфекционды қабыну үрдісі.
Пиелонефриттің дамуына бүйрекке бактерияның енуі және зәрдің зәр жолдары арқылыдұрыс ағуына кедергінің болуы әсер етеді. Микробтар гематогендік, лимфогендік және зәр жолдары арқылы енеді. Бактериялар бүйрекке түскенмен, бірден оны қабындырып жібере алмайды, себебі бүйрек жасушаларының микробқа қарсы иммунитеті сау бүйректе жоғары дәрежеде болады, тек әлсіреген бүйректе ғана микробтар қабыну үрдісін туындата алады. Аурудың дамуына қолайлы қосымша жағдайлар витамин жетіспеушілігі, бала денесінің тоңазуы, тұмаумен ауыруы, қатты шаршауы, жұқпалы аурулармен сырқаттануы, жалпы иммунитетінің төмендуі болуы мүмкін.
Пиелонефриттің дамуын тудыратын негізгі жергілікті фактор – обструктивті уропатиялар.
Зәр жүйесінің ауытқулары мен кемістіктеріне байланысты дамыған пиелонефритті обструктивті, ал зәр жолдарының іштен туған кемістіктері жоқ пиелонефритті обструкциясыз пиелонефрит дейді.
Пиелонефрит түрлері
Бір жақты, екі жақты
Біріншілік, екіншілік Жедел дамыған түрі:
• Сірнелі
• Іріңді
• Паппилитті
Іріңді түрі:
• Апостематозды бүйрек
• Іріңді бүйрек
• Сыздауықты бүйрек
Созылмалы қабынған түрі:
• Қабынудың белсенді фазасы
• Қабынудың жасырын фазасы, қабынудың
Басылу фазасы
• Бүйректің бүрісіп семуі немесе іріңді бүйрекке айналуы
Біріншілік және екіншілік пиелонефрит
Біріншілік дамитын пиелонефрит деп зәр жолдарында туа біткен кемістік кеселдері жоқ, зәрдің кедергісіз ағуы бұзылмаған бүйрек қабынуын айтады.
Екіншілік дамитын пиелонефрит деп бұрыннан зәр жолдарының нефроннан бастап, үрпісінің сыртқы тесігіне дейінгі бөліктерінің бірінде зәрдің ағып шығуына кедергі жасайтын, іштен туа біткен кемістік кеселдері бар немесе функциялық өзгерістері бар бүйректің қабынуын айтамыз.
Пиелонефрит клиникасы Пиелонефрит сірнелі және іріңді түрлерге бөлінеді. Сірнелі түрі гематогендік жолмен, біріншілік дамитын пиелонефрит ретінде, ал іріңді түрі – уриногендік жолмен, екіншілік дамитын пиелонефрит ретінде жиі кездеседі
Біріншілік пиелонефрит клиникасы:
Жедел дамитын пиелонефрит кәдімгі жұқпалы ауыр ауру сияқты білінеді де, науқастың бүкіл өне-бойынан, әбден уланып қалған сәтке тән белгілер көрініс береді.
Гематогенді пиелонефрит жиі қалтыраумен басталады;
Дене қызуы көтеріліп, бірнеше сағаттан кейін күрт түседі; - Ағыл-тегіл тер шығып, денесі босаңсиды,
Әлсірейді;
• Пульсі мен тынысы жиілейді;
Жүрек айну, құсу артып, адинамия пайда болады
; • Ұйқысы қашады, денесі ауырады,
Организмнің тез сусыздануына байланысты денесі әлсіреп, бет-әлпеті солып, түрі өзгереді;
• Алғашқы тәуліктің аяғына қарай бел тұсы қатты ауырып, мазалай бастайды
• Үш-төрт күннен кейін дертке ұшыраған бүйрек пальпация кезінде ауырсынып,
Алақанға қап-қатты болып білінеді; Біртіндеп дене қалтырауы азайып, қызуы
Төмендейді; 7-9-күнге қарай көңіл-күйі жақсарып, тамаққа тәбеті ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |