Затттың ТҮзілісі жөніндегі алғАШҚы мәліметтер механикалық ҚҰбылыстар



жүктеу 4,14 Kb.
Pdf просмотр
бет33/49
Дата16.02.2018
өлшемі4,14 Kb.
#9755
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49

111
Күн  нұрының  Жерге  түсу  бұрышының  өзгеруiнен  болады  деп  дұрыс 
түсiндiредi.
Ибн  Синаның  ойынша,  табиғатта  жылудыңда,  суықтыңда  табиғи 
және  жасанды  көздерi  бар.  «Жылудың  сыртқы  себебi  үшеу.  Бiрiншiсi, 
ыстық  дененiң  суық  денеге  жақындығы.  Мысалы,  от  суды  жылытады. 
Екiншiсi,  қозғалыс  пен  үйкелiс.  Мысалы,  суды  шайқасақ – жылиды,  тас-
ты  тасқа  үйкесең – ысиды,  от  шығады.  Үшiншiсi,  сәулеленген  әрбiр  дене 
сәулеленбеген  денеге  қарағанда  жылы  болады», – дейдi  ол.  Бұл  жерде 
жылудың сәуле шығару жолымен таралатыны жайлы айтылады.
Ғұламалар жылудың әсерiнен су булары жоғарыға көтерiлiп, бұлтқа ай-
налып,  олардан  төмен  температурада  қар,  жаңбыр,  нөсер  пайда  болатыны 
жайлы да жазып қалдырған.
1. Сен Берунидiң сұрағына қалай жауап берер едiң?
2. Қайсы жағдайда жайылған кiр тез кебедi, күн нұры тiк түскенде 
ме, әлде көлбеу түскенде ме?
3. Суды  ыдыста  ұзақ  уақыт  айналдырып,  қаншаға  дейiн  қыздырса 
болады? Әрекет жасап көр!

 Балалардың  ойыншық  металл  тәрелкесiн  алып,  отқа  қой.  Әбден 
қызғанда  оған  жарты  қасық  су  құй.  Су  сол  сәтте-ақ  буланып 
кетудiң  орнына  домалақтанып,  ыдыстың  шұңқырлау  жерiне  тұрып 
қалады. Оның себебi, су мен қызған тәрелке арасында бу пайда болып, сол 
будың  өзi  жылуды  өткiзбейтiн  қабатты  түзедi.  Бұл  құбылысты  қызған 
үтiкке су шашып, бақылап көруге болады.

 Қыстыгүнi тоңбау үшiн пальто және қалпақ киемiз. Олар адамды жы-
лыта  ма?  Екi  кесек  мұзды  целлофанға  салып,  бiреуiн  ашық  қалдырайық, 
екiншiсiн  пальтоға  орап  қояйық.  Белгiлi  уақыттан  кейiн  қарасақ,  ашық 
тұрған  мұздың  бiразы  ерiгенiн,  пальтоға  оралғанының  ерiмегенiн  көремiз. 
Демек,  пальто  мен  қалпақ  ешнәрсенi  жылытпайды.  Олар  тек  жылуды  на-
шар өткiзедi екен.


112
41-ТАҚЫРЫП
ТЕМПЕРАТУРА. ТЕРМОМЕТРЛЕР.  
ДЕНЕНIҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ӨЛШЕУ
Алдыңғы  тақырыптарда  «бөлме  жылыды,  дене  суыды»  деген 
сияқты  сөйлемдердi  қолдандық.  Өз  сезiмiмiзге  сүйене  отырып,  осын-
дай  қорытынды  жасаған  едiк.  Бiрақ  бiздiң  сезiмiмiз  әрдайым  дұрыс 
қорытынды жасауға мүмкiндiк бере ме? Оны тексерiп көрейiк: үстел үстiне 
үш  стакан  қояйық.  Бiреуiне  ыстық,  екiншiсiне  жылы,  үшiншiсiне  суық  су 
құямыз.  Сол  қолымызды  суық  суға,  оң  қолымызды  ыстық  суға  бiраз  ба-
тырып  тұрайық.  Содан  соң  екi  қолымызды  да  жылы  суға  батырайық. 
Сол  қолымыз  ыстық,  оң  қолымыз  суық  сияқты  болып  сезiледi.  Тек  ар-
найы  өлшеу  аспабын  жасағаннан  кейiн  ғана  температураны  объективтi 
түрде  анық  өлшеу  мүмкiндiгi  туды.  Температураны  өлшейтiн  аспапты 
термометр  дейдi.  Оны  Галилей  ойлап  тапқан.  Дәрiгердiң  температураңды 
өлшеген  термометрiн  көргенсiң.  Қазiргi  термометрдiң  Галилей  ойлап 
тапқан  термометрден  айырмашылығы  бар.  Термометрлерде  заттардың 
ұлғаю  қасиетi  пайдаланылады.  Галилей  өз  термометрiнде  ауаның 
ұлғаюын  пайдаланған  едi  (80-сурет).  Кейiн  франциялық  ғалым  Рей  1631 
жылы  сулы  термометр  жасады.  Қазiргi  термометрлерде  негiзiнен  сынап 
пен  спирт  қолданылады.  Олардың  бiреуi  суретте  көрсетiлген  (81-сурет). 
Қыздырылғанда  түтiктегi  зат  ұлғайып,  жоғарыға  көтерiледi,  суығанда 
кiшiрейiп,  төмен  түседi.  Бұл  термометрлердiң  көрсеткiшi  –  градус.  Швед 
ғалымы  А.  Цельсий    (1701–1744)    температураны    өлшегенде  санақ  басы 
0  (нөл)  үшiн  ерiген  мұздың  температурасын  алады  (82-а  сурет).  Қалыпты 
атмосфералық  қысымда  қайнайтын  таза  судың  температурасы  100  гра-
дус  деп  қабылданған  (82-ә  сурет).  Олардың  арасы  100  бөлiкке  бөлiнiп,  бiр 
бөлiгi 1ºС деп қабылданған. Бөлмедегi немесе ыдыстағы сұйықтың темпе-
ратурасын  өлшеу  үшiн  термометрдi  өлшенетiн  затта  бiраз  ұстап  тұру  ке-
рек.  Сонда  термометрдегi  сұйықтықтың  температурасы  ортаның  темпера-
турасымен  теңеледi.  Ыдыстағы  судың  температурасын  термометрдi  судан 
алмай  тұрып  көру  керек.  Әйтпесе  термометрдi  судан  алысымызбен  оның 
көрсеткiшi өзгередi.
Науқастың  температурасын  өлшейтiн  медициналық  термометр-
де  ондай  кемшiлiк  жоқ.  Дәрiгер  термометрдi  алып,  жайбарақат  көруi 
мүмкiн.  Өйткенi  ондағы  сынап  бағаны  төменге  түспейдi.  Ол  үшiн  термо-
метр  түтiгiнiң  төменгi  жағы  жiңiшкелеу  болады.  Ысыған  сынап  бағаны 
көтерiлсе  де,  суығанда  жiңiшке  жерден  өздiгiнше  төмен  түспейдi.  Термо-
метрдiң  көрсеткiшi  анықталғаннан  соң,  оны  сiлкидi.  Сонда  жоғары 


113
бөлiгiндегi  сынап  төменге  түседi.  Медициналық  термометрдiң  35º-тан 
42º-қа  дейiн  өлшеу  шекарасы  бар.  Денi  сау  адамның  қалыпты  температу-
расы  ~36,6ºС  болады.  Дене  температурасының  бұдан  асып  кетуi – аурудың 
белгiсi.  Үй  жануарлары  –  қой,  сиыр,  ат,  қояндардың  температурасы  38–
40ºС, құстардыкi 41–42ºС төңiрегiнде болады.
 
80-сурет. 
81-сурет. 
82-сурет.
а) 
ә)
Зат  температурасының  төменгi  немесе  жоғарғы  шегi  бар  ма?  Жерде 
табиғи жағдайда Антарктидада минус 88ºС температура тiркелген (1960 ж. 
ғылыми  станцияда).  Есеп-қисаптарға  қарағанда  температураның  төменгi 
шекарасы минус 273,15ºС-ге тең.
Үй  жағдайында  бiз  қандай  температуралармен  жұмыс  iстеймiз? 
Су  100ºС-де  қайнайды.  Оны  қайнату  үшiн  жұмсалатын  табиғи  газ 
жалынының  температурасы  1500–1800ºС-ге  жетедi.  Электр  шамындағы 
температура  2500ºС  төңiрегiнде  болады.  Автомобиль  двигателiне  құйыл-
ған  жанармай  беретiн  температура  ~1700ºС  болса,  электрмен  дәнекерлеуде 
7000ºС-ге жетедi. Жоғары шекара тiркелмеген.
1.  Егер  ауаның  температурасы  адам  денесiнiң  температурасынан 
жоғары  болса,  медициналық  термометрмен  науқастың  темпера-
турасын қалай өлшеуге болады?
2.  Термометр  түтiгiнiң  диаметрi  кiшiрейтiлсе,  термометр 
көрсеткiшiнiң анықтау дәрежесi қалай өзгередi?
3.  Медициналық  термометрдi  қандай  сумен  жуу  керек?  Суық  сумен 
бе, әлде ыстық сумен бе?


жүктеу 4,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау