107
74-сурет.
75-сурет.
Жылу өткiзгiштiгiнiң үлкен-кiшiлiгiне қарай шырпылар бiртiн деп түсе
бас тайды. Кестеге қарап шырпылардың қандай ретпен түскенiн айт.
4-кесте
Зат
Жылу өткiзгiштiк
Вт/(м.К)
Зат
Жылу өткiзгiштiк
Вт/(м.К)
Kүмiс
418
Су
0,600
Мыс
395
Бетон
0,11–2,33
Алюминий
209
Қағаз
0,140
Темiр
73
Мақта
0,042
Болат
50
Ағаш
0,2
Кiрпiш (қызыл)
0,77
Шышы мамығы
0,04
76-сурет.
Cұйықтықтардың жылуды қалай өткiзетiнiн бiлу
үшiн мынадай тәжiрибе өткiзейiк. Ұзын пробирка
алып, оның түбiне мұз бөлiктерiн са лайық. Үстiн
металл шармен бастырып қоя мыз. Шардың үстiне
су құйып, суретте көрсетiл ген дей жоғарғы жағынан
қыздырайық. Су жылып буланады, сосын жоғарғы
жағы қайнай бастайды, бiрақ пробирканың түбiндегi мұз ерiмей тұра
бередi (76-сурет). Себебiн ойлап көр.
Ауа да сұйықтықтар сияқты жылуды нашар өткiзедi. Жанып тұрған
шырпыға немесе қызған пешке қолымызды жақындатып, (күйдiрместен)
қыздырып тұра аламыз.
Практикалық тапсырма
Үйiңнiң жылыту жүйесiнiң сызбасын сыз. Оны дұрыс орында ға-
ныңды тексерiп көр.
1. Үйлердiң терезесiне «желдеткiштер» неге жоғары жақтан
қойылады?
2. Жанған шырпыны ұстап тұрғанда неге қолың күймейдi?
3. Кестеге қарап, қайсы үйде жазда салқын, қыста жылы болаты-
нын айт. Кiрпiштен салынған үйде ме, бетон үйде ме?
108
39-ТАҚЫРЫП
СӘУЛЕ ШЫҒАРУ. ТҰРМЫСТА ЖӘНЕ ТЕХНИКАДА
ЖЫЛУДЫҢ БЕРIЛУIН ПАЙДАЛАНУ
Сонымен, конвекция да, жылу өткiзгiштiк те бөлшектердiң қозға лы сы
арқылы жүзеге асады екен. Олай болса, Жердегi энергияның негiзгi
көзi – Күннiң жылуы Жерге қалай таралады? Жер мен Күннiң арасында
бөлшектер дерлiк жоқ орта – вакуум бар ғой. Бұндай жағдайда жылу
сəуле арқылы таралады. Күннен келетiн жарық ағымы өзiмен бiрге
жылу энергиясын да алып келедi. Электр шамы жарықпен бiрге жылуды
да бередi. Шамның iшiнде ауа жоқ болса да, одан шыққан сәуленiң жылу-
ын сезiнемiз. Сәуле арқылы алынатын энергия жылытылатын заттың
түсiне байланысты. Қыста қардың үстiне бiрдей материалдан, бiрдей
пiшiндегi бiреуi – ақ, екiншiсi – қара материал жауып қойса, қара матаның
астындағы қардың көбiрек ерiгенiн көремiз. Демек, бетке түскен сәуле
энергиясы жұтылуы немесе одан шағылуы да мүмкiн екен. Терезенiң шы-
нысы Күннен келетiн сәуленi жақсы өткiзедi, бiрақ радиатордан шыққан
жылуды нашар өткiзедi. Жылыжайдағы (теплица) айналы қабырғалар мен
төбесiнiң мiндетi саған ендi түсiнiктi болған шығар!
Конвекция, жылу өткiзгiштiк және сәуле шығару құбылыстарын
тұрмыста да, техникада да кең қолданады. 77-суретте үйлердi ыстық
сумен жылыту жүйесiнде қолданатын «қазанның» iшкi құрылысы
көрсетiлген. Ол жерде пайда болатын конвекцияны түсiндiрiп бер.
78-суретте радиатормен жылытылатын бөлменiң кескiнi көрсетiлген.
Бөлмеде болып жатқан үдерiс туралы түсiнiктеме бер. Неге ради-
аторлар терезенiң астына орнатылған? 79-суретте сұйықтықтарды
алғашқы температурасында сақтай тын ыдыс – термос бейнеленген.
Металл қабат тың iшiне қос қабатты шыны ыдыс орналастырылған.
Шыны ыдыстардың арасында вакуум бар. Шыны ыдыстың iшкi бөлiгi
жұқа күмiспен қапталған. Бұндай ыдыстағы сұйықтықтың жылуы ұзақ
уақыт сақталады. Жылу берiлуiнiң үш түрi бойынша жылудың таралып
кетпеуiнiң себебiн түсiндiрiп бер.
Демек, қажеттiлiкке орай жылуды жақсы өткiзу керек болса, конвек-
цияны жылдамдату шараларын қарастырып, жылуды жақсы өткiзетiн
материалдарды пайдалану керек екен. Үйде тамақ пiсiрiлетiн және шай
қайнатылатын ыдыстарды жылуды жақсы өткiзетiн материалдардан жасай-
ды. Бiрақ қайнаған шайдың жылуын ұзақ сақтау үшiн фарфор шәйнекке
демдеген мақұл. Ыстық шайды стаканмен iшсең, аузың күйiп қалады, ал
фарфор пиаламен iшсең, күймейсiң. Себебi не?
109
77-сурет.
78-сурет.
79-сурет.
Сәуле энергиясын пайдалануда да материалдарға, оның түсiне көңiл
бөлiнедi. Жазда жылу сәулелерiн жақсы қайтаратын ақ түстi киiм кисек,
қыста қара, көк түстi киiмдер киiледi.
Практикалық тапсырма
1. Қалың қағаздан қорап жаса. Оған су толтырып, үстi жабық
электр плитасын қой. Ондағы су жылиды, тiптi қайнауы мүмкiн. Бiрақ
қағаз қорап күймейдi. Себебiн түсiндiр.
2. Массасы және өлшемдерi үлкенiрек темiр бөлегiне қағаз қиын дысын
жабыстырып, отқа ұста. Қағазда қандай құбылыс болатынын бақыла және
себебiн түсiндiр.
1. Автомобильдiң двигателiн қызудан қалай сақтауды бiлесiң бе?
2. Үйлердi жылытуда отын жағылатын пештер, ыстық сумен не-
месе бумен жылытатын радиаторлар пайдаланылады. Олардың
қандай артықшылықтары және кемшiлiктерi бар?
3. Неге суық жерде алдымен аяқ тоңады?
4. Қандай жағдайларда денелерден бір мезгілдің өзінде әрі жылу
өткізгіштік, әрі сәулелену арқылы жылу беріледі?
110
40-ТАҚЫРЫП
ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ФАРАБИ,
БЕРУНИ ЖӘНЕ ИБН СИНАЛАРДЫҢ ПIКIРЛЕРI
Жылу құбылыстарының табиғаты туралы ұлы ғұламаларымыз
Әбу Насыр әл-Фараби, әл-Беруни және Ибн Синалар өз еңбектерiнде
түсiнiк берген. Соның iшiнде Фарабидiң пiкiрi бойынша, әрбiр дененiң
температурасының жоғары немесе төмен болуы сол дененi құраған
бөлшек тердiң қозғалысына тәуелдi. Ибн Сина да Фараби сияқты конвек-
ция құбылысын былайша түсiндiредi: қызған денелердiң көлемi ұлғаюы
нәтижесiнде тығыздығы азайып, жоғарыға ұмтылады (Архимед күшiнiң
әсерiмен), ал суыған кезде көлемi кiшiрейiп, тығыздығы артып, төменге
түседi.
Әбу Насыр әл-Фараби (873–950) Сырдария жаға-
лауындағы ежелгi Отырар (Фараб) қаласына жақын жер-
де туылған. Фараби ғылымның көп саласында
еңбектендi. Оған дейiн физика жеке пән ретiнде
қаралмаған, табиғи пәндер құрамында болған. Физикада
заттың түзiлiсi, жылу, қозғалыс, дыбыс, оптика жөнiнде
еңбектер жазған.
Денелердiң жылудан ұлғайып, суықтан кiшiреюiнде судың ерек-
ше қасиетке ие екенiне Беруни көңiл бөлген. Бұл жайлы Берунидiң Ибн
Синаға жазған сауалын келтiрейiк: «Егер денелер жылудан ұлғайып,
суықтан кiшiрейсе, тарылса және басқа ыдыстардың сынуы оның iшiндегi
заттардың кеңеюiнен болса да, нелiктен iшiндегi су мұздап қалған
ыдыс жарылады, сынады? Неге мұз судың бетiнде болады, ол суық
болғандықтан қатады дейiк, бiрақ Жер табиғатына жақын ғой?». Ибн
Сина Берунидiң бұл сұрағына: «Cу мұздаған уақытта суда ауа бөлiктерi
қамалып, мұзды судың түбiне шөгуден сақтайды», – деп жауап қайтарады.
Беруни Ибн Синаның жауабына қарсылық бiлдiрiп: «Егер көзе iшкi
жағына қарай сынса, онда айтылғандар дұрыс болар едi. Мен ыдыстың
сыртқа қарай сынғанын бақыладым», – дейдi. Ибн Сина жауабындағы
анықталмаған нәр селердi кейiннен «Қурозаи таббиёт» шығармасында
толықтырып, түзетедi.
Бұрынғы тақырыпта бiз жылудың сәуле арқылы таралатынын, оны
қабылдау бет пен оның түсiне байланысты екенiн айттық. Сәуле арқылы
алынатын энергия бетке сәуленiң тiк немесе көлбеу түсетiнiне байла-
нысты. Соған орай Беруни мен Ибн Сина Жерде климаттың өзгеруi
Достарыңызбен бөлісу: |