З. Е. Сүлейменова, М. Т.Қошанова педагогика ббк 74. 00 С 90 Рецензенттер



жүктеу 2,88 Mb.
бет4/11
Дата20.05.2018
өлшемі2,88 Mb.
#15390
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Тәрбие әдістерін топтастыру. Тәрбие әдістерін жіктеуде белгілі педагогтар Гончаров Н.К., Конникова Т.Е., Огородников И.Т., Болдырев Н.И., Марьенко И.С., Щукина Г.И., Сластенин В.А. т.б. зор үлес қосты. Солардың ішінде Конникова Т.Е., Щукина Г.И., Сластенин В.С. жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуін қарастырайық:


Автор

топ

Тәрбие әдістері

Конникова Т.Е.

Щукина Г.И.



Мінез-құлықты қалыптастыру әдістері

Талап, қоғамдық пі-кір, үйрету, жаттық-тыру, тәрбиелік ситуация




Жеке адамның са-насын қалыптас-тыру әдістері

Әңгіме, пікірталас, лекция, өнеге




Ынталандыру әдістері

Мадақтау, жазалау

Сластенин В.А.

Мінез-құлықты қалыптастыру әдістері

Талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелік ситуация



Жеке адамның са-насын қалыптас-тыру әдістері

Әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге





Ынталандыру әдістері

Жарыс, мадақтау, жазалау




Бақылау, баға беру әдістері

Педагогикалық бақылау, психологиялық сұрау


Талап – мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Оқушыға талап қоярда мұғалім әр оқушының тәжірибесін ескеруі қажет.

Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап – нақты міндет, оны іс-әрекет процесінде орындау қажет. Қоғамдық пікір – бұл ұжым мүшелерінің баға беруі.

Үйрету – бұл мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Үйрету әдісі баланың орындағыштық, мұқияттылық қасиеттерін қалыптастырады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз заттарын ұқыпты ұстауы, т.б.

Жаттықтыру әдісі – бұл әртүрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараны мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Тапсырма беру – оқудың алғашқы күнінен бастап мұғалім тапсырма беру арқылы балаларды коллективтің сан алуан іс-әрекетіне қатыстырды. Тапсырманы орындау арқылы балалар қоғамдық міндеттерді атқаруға дағдыланады.

Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы, шынын айту, үлкен адамға тұрып орын беру, т.б.

Әңгіме – бұл балалардың санасын қалыптастырудағы негізгі әдіс болып саналады. Әңгіме барысында балалар түрлі мәселелерді талдауға белсене қатысады, ойланады. Әңгіме әдісі үлкен дайындықты қажет етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:

  1. Тақырыптың көкейтестілігі.

  2. Әңгіменің тақырыбы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек.

  3. Әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды пайдаланған жөн.

  4. Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек.

Пікірталас – бұл жоғары класс оқушыларының пікір айтуын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Пікірталастың тақырыбы және сұрақтары күні бұрын хабарланады. Пікірталаста тақырып бойынша оқушылар өзінің пікірін, көзқарасын айтады, оны дәлелдейді. Сонымен бірге басқалардың пікірін тыңдап үйренеді.

Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, баға береді, қорытынды жасайды.



Лекция көбіне жоғарғы класс оқушыларына арналады. Лекцияның тақырыбы, жоспары хабарланғаннан кейін, жоспар бойынша баяндалады. Тыңдаушылар қажетті жерлерін жазып отырады. Лекция соңында оқушылар лекторға сұрақтар қояды, түсініксіз мәселелерді анықтайды.

Өнегенің тәрбиелік мәні өте зор. Өйткені, үлкендердің күнделікті мінез-құлқы балаларға үлкен әсер етеді. Өнегенің тәрбиелік пәрменділігі сонда, үлкендер балаларға ештеңені міндеттеп үйретпейді, балалар олардың көзқарастарын, қылықтарын өздері байқайды, оған қызығады, оны мінез-құлық үлгісі ретінде қабылдайды.

Мұғалім мен ата-аналар өнегесі балаларға аса зор ықпал жасайды.Олар мұны естен шығармай, өздеріне қатаң талап қоя білулері тиіс.



Жарыс – балалардың ұжымда іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Жарыс оқушылардың іс-әрекеттің алуан түріндегі белсенділігін арттырады, озаттарға теңелуге және артта қалғандарға көмектесуге жұмылдырады, осы негізде коллективтің жұмысында әлдеқайда жоғары көрсеткішке жетуіне жағдай жасайды.

Жарыс жеке ( олимпиада, конкурстарға қатысу ) және коллективтік ( спорттық, топтар арасындағы ) болады.



Мадақтау – бұл баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Мадақтаудың сан алуан түрлері бар : ауызша мадақтау, алғыс айту, түрлі наградалар . Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан балада мақтаншақтық, тәкаппарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.

Жазалау – бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірінсіз жазалауға болмайды. Жазалауда жеке адамның абыройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды.

Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары. Тәрбие әдістерін жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, үйде әртүрлі іс-әрекетке үйретуге болады.

Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшеліктерін ескерген жөн. Мысалы, сангвинник бала қиыншылыққа кездессе, бастаған ісін аяғына дейін орындамайды. Сондықтан оны үздіксіз, яғни тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.

Ұжымды қалыптастырудың алғашқы сатысында тәрбиеші талап қою әдісін қолданады. Ондағы мақсат – балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.Ұжым қалыптасқаннан кейін оқушылардың әдет-ғұрып, іскерлік, дағдысын қалыптастыру үшін үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылады. Ұжым дамуының

ІІ-ІІІ сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікірталас, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру т.б. қолданылады.

Әңгіме көбінесе кіші жастағы балалармен жүргізілсе, жоғары класс оқушыларымен диспут, лекция өткізіледі. Түрлі педагогикалық ситуацияларға байланысты этикалық тақырыптарға әңгіме, лекция пайдалану қажет. Мысалы, класта әдепсіздік, өзін ұстау нормалары бұзылған жағдайлар кездессе, адамгершілік тақырыбына әңгіме өткізген пайдалы. Сөйтіп оқушыларға дұрыс баға беруге, теріс көзқарастарды сынай білуге көмектескен жөн. Балалар арасында темекі тарту, ішімдікті қолдану құбылыстары кездессе, оларға никотин мен алкогольдің зияны туралы лекция оқып, кинофильм көрсетуге болады.

А.С.Макаренко тәрбиелеу әдістерін қолданған кезде мұғалімдерді қателіктердің үш түрінен сақтандырады. Олар: әдістерді іс жүзінде тексеріп алмай пайдалану, кейбір жеке әдістерді соқыр сезіммен қолдану, бір әдісті барлығына бірдей қолдану. А.С.Макаренко коллективтің даму деңгейін, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін және нақтылы педагогикалық жағдайды ескере отырып, түрлі әдістерді творчестволықпен қолданудың қажеттігін ұсынды.

Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Олар бір-бірін толықтырады. Тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі байиды, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.
Практикалық тапсырмалар:

1. Тәрбие әдістері жүйесінің схемасын сызу.

2. Әртүрлі тәрбие әдістерінің өзара байланысын түсіндіру.

3. Педагогикалық практика барысында тәрбие әдістерінің қалай қолданылғанын бақылау

4. Ұсынылған педагогикалық ситуацияларды шешіп, талдау жасау.

1 ситуация

6 класта оқитын Әділ өркөкірек, дөрекі, білектің күшіне сенетін оқушы болатын. Кейінгі кезде ол бос уақытын мектептің жануартану бұрышында өткізіп, асыранды қояндарды күтіп, санын көбейте бастады. Артықтарын мектеп асханасына өткізіп тұрды.

Бір күні класс жиналысында әрбір оқушыға мінездеме беріліп, Әділге келгенде пікірлер екіге бөлінді. Пән мұғалімдері оның әлі түзеле қоймағанын дәлелдесе, кластас құрбылары оны жақтап, түзелгенін, қоғамдық жұмыстарға қатысып, сабақ үлгерімі де жақсарғанын айтып, мінездемесіне қанағаттанарлық бағасын қоюды талап етті.

Сұрақтар:



  1. Сіз класс жетекшісінің орнында болсаңыз, не істер едіңіз?

  2. Әділдің мінез-құлқын бағалауда қандай әдіс қолдану керек?

2 ситуация

Трамвайда отырған оқушы баланың қасындағы бос орынға бір жас әйел келіп отырды. Келесі аялдамадан қарт әже трамвайға зорға мініп, бұлардың қасына келді. Жас әйел оқушы бала орын беретін болар деген оймен балаға қарап еді, ол терезеге қараған қалпы әжеге көз салмады. Әйел өзі тұрып орын берді. Оған жалт қараған бала қызарып кетіп, әйелге өз орнын ұсынды.

Сұрақтар:


  1. Бала неге қызарды?

  2. Әйел балаға ықпал ету үшін қандай әдіс қолданды?

3 ситуация

6 класта дене шынықтыру сабағынан кейін, спорт залдың еденін жуу екі кезекші оқушыға тапсырылған. Үзіліс кезінде жоғары кластың үш оқушысы келіп, еш сұраусыз баскетбол добын алып, торға түсіріп ойнаған, әрине, еденді былғаған. Залға кірген мұғалім еден жуып жатқан кезекшілерге дауыс көтеріп, «қайтадан жу,» - деп талап етеді. Балалар: «Керек болса, өзіңіз жуып алыңыз!» - деп залдан шығып кетеді.

Сұрақтар:


  1. Педситуацияға талдау жасаңыз.

  2. Қандай заңдылықтар ескерілмеген?

  3. Сіз не істеген болар едіңіз?

4 ситуация

6 класс оқушылары еңбек сабағында оқу-тәжірибе учаскесінде жұмыс істеуге қажетті еңбек құралының бірі - күректің сабын дайындап жатты. Оқушылардың барлығы ынтамен жұмыс істеп жатқанда, тек Арман ғана басқа жұмысқа алаңдаумен болды. Мұғалімнің ескертуіне ол:

«Мен болашақта дәрігер боламын, маған күректің қажеті болмайды,» - деп жауап берді.

Сұрақтар:



  1. Мұндай жағдайда мұғалім не істеуі керек?

  2. Тәрбие жұмысында қандай мәселе сырт қалған?

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

І. Мына ұғымдардың арасынан тәрбие әдістерін көрсетіңіздер:



  1. мұғалімнің беделі

  2. этикалық әңгіме

  3. әңгімелесу

  4. лекция

  5. жарыс

  6. бақылау

  7. тексеру

  8. жариялылық

  9. даму

  10. қалыптасу

  11. адамгершілік қасиет

  12. экологиялық тәрбие

  13. үлгі-өнеге

  14. саналылық

  15. тапсырма беру

ІІ. Схеманы пайдаланып, тәрбие әдістеріне сипаттама беріңіз.


Т


әрбие әдістері

Сананы Мінез-құлықты Ынталандыру

қалыптастыру қалыптастыру әдістері

ә

дістері әдістері





Әңгіме Пед.талап Жарыс Лекция Қоғамдық пікір Мадақтау Диспут Үйрету Жазалау Өнеге Жаттықтыру



Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. А. 1991

4. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.


Лекция №7

Тақырыбы: Ұжым және оның дамуы
Мақсаты: ұжым, ұжымның белгілері, перспективалары туралы түсінік беру.

Жоспар:

1. Ұжым туралы түсінік

2. Ұжым проблемасының зерттелуі

4. Ұжымның перспективалары



Негізгі ұғымдар: ұжым, ұжымның дамуы мен қалыптасуы, ұжымның перспективалары.
1. «Ұжым» термині латынның «коллективус» - жиын, топ деген сөзінен шыққан. Осыдан ұжым - адамдар тобы екені шығады. Алайда кез-келген адамдар тобы ұжым бола ма? Ұжым ұғымына анықтама беру үшін ұжымның белгілерін анықтау керек.

Педагогикада қолданылатын «ұжым» ұғымының бірнеше белгілері бар:



  • Ортақ әлеуметтік мақсаты бар. Жалпы алғанда, мақсат кез келген топта болады. Мысалы, автобустағы жүргіншілерде де, ұрылар тобында да. Бұл жерде қандай мақсат және ол неге байларысты айтылғаны маңызды. Ұжымның мақсаты қоғамның мақсатына сәйкес келуі керек. Мемлекеттің Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуі керек.

  • Мақсатқа жету үшін ұйымдасқан іс-әрекет жасау. Адамдар ұжымға белгілі бір мақсатқа жету үшін бірігеді. Ол үшін ұжымның әрбір мүшесі белсенді іс-әрекет жасайды. Ұжымның мүшелері іс-әрекеттің нәтижесі үшін жауапкершілік сезімімен сипатталады..

  • Ұжым мүшелері бір-бірінің қуанышы мен ренішіне ортақтасады.

  • Ортақ басқару органын сайлайды. Ұжымда демократиялық қарым-қатынас орнайды.

2. Ұжымның теориялық мәселелері көптеген ғалым-педагогтардың еңбектерінде барынша терең зерттелді.

Н.К. Крупская жеке адамның даму мен қалыптасу ортасы – ұжым деп атады. Ол мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдарына, олардағы балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берді.

С.Т. Шацкий де ұжым мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол өзі басшылық еткен мектептің балаларын тату ұжымға біріктіруге тырысты. Педагогтарды балалар ұжымын терең зерттеп білуге шақырды.

Балалар ұжымын дамыту теориясына орыс педагогы В.А.Сухомлинский де айтарлықтай үлес қосты. Ол ұжымда балалар мен тәрбиешілер арасында рухани қарым-қатынас дамиды деп есептеді.

Ұжым тақырыбын терең зерттеген орыс педагогы А.С.Макаренконың еңбектері әлі күнге дейін өзінің құндылықтарын жойған жоқ. Ол ұжымдағы балалар арасындағы қарым-қатынас, ұжымды қалыптастыру жолдары жайлы терең жазған. Жеке адамды ұжымда тәрбиелеудің маңызын көрсетті.

А.С.Макаренко ұжымның төмендегідей белгілерін көрсетті:



  1. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

  2. Ұжым басқа ұжымдармен табиғи байланысты.

  3. Ұжым адамдарды ортақ мақсатқа, еңбекке ұйымдастырады.

  4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және ұйымдастырушылары болады.

А.С.Макаренконың айтуынша, ұжым бір орында тұра алмайды, ол үнемі дамып отырады.

3. А.С.Макаренко ұжымның дамуының 3 сатысын көрсетеді:

1) Ұжымның құрылуы;

2) Белсенділердің ықпалының артуы;

3) Қоғамдық пікірдің пайда болуы.

Ұжым теориясын зерттеуші қазіргі педагогтар ұжымның дамуының төрт және одан да көп сатыларын атайды. Соңғы сатылар ұжымның кемелденуін көрсетеді. Яғни жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талаптар қоюы, көзқарастары мен іс-әрекеттерінің тұрақтануы.

4. Ұжымның дамуы мен қалыптасуында алға қойған мақсат - перспектива маңызды роль атқарады. А.С.Макаренко перспективаны үшке бөледі:


  1. Жақын перспектива - күнделікті өмірде пайда болып, орындалатын міндеттер, мысалы жарыс, жексенбілік саяхат, үйірмеге қатысу, т.б.

  2. Орта перспектива - оқу жылы ішінде орындалатын міндеттер, мысалы балалар лагеріне бару, конкурстар өткізу, т.б.

  3. Қашық перспектива - ұзақ мерзімге жоспарланған жұмыстар. Мысалы, мамандық таңдау, мектеп бітірген соң оқуға түсу, т.б

Перспективалар оқушыға, мектепке, қоғамға пайда келтіретіндей болуы керек. Перспективаларды жоспарлағанда мұғалім балалардың жас және дербес ерекшеліктерін, қызығушылығын, дайындығын ескеруі керек.

Ұжымның өмірінде дәстүрдің тәрбиелік мәні зор. Дәстүр - бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, адамдар арасындағы қатынастарды көрсететін нормалар мен принциптер. Дәстүр ұжымды нығайтады, ұжымның өмірінің қызықты өтуіне әсер етеді. Мысалы, мектеп мерекелері, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыға көмектесу, т.б.


Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың ұжым туралы еңбектерінен конспект жазу.

2. Педагогикалық ситуацияға талдау жасау.

Ситуация

Мұғалім балалар ұжымына жүргізген бақылауы нәтижесінде, өзінің момын, үндемейтін мінезімен көзге түсетін Серік ең беделді оқушы қатарына шықты да, көңілді, жарқын мінезді, балалармен қарым-қатынаста үнемі белсенділік көрсететін Нұрлан үш-ақ дауыс алды.

Сұрақтар:


  1. Алынған мәлімет бойынша, Нұрлан кезінде белсенділер қатарына дұрыс тағайындалған ба?

  2. Мұндай жағдайда мұғалім қандай шешім қабылдауы керек?

  3. Бұл класта оқушылардың өзін-өзі басқаруы қандай дәрежеде деп ойлайсыз?


Таблицаны толтырыңыз:


Ұжымның даму кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Активтің іс - әрекеті

1 кезең








2 кезең








3 кезең









Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Мына пікірлердің қайсысы ұжымның қалыптасуының ІІ-ші сатысын сипаттайды?



  1. Тәрбиеленушілер бір-бірін толық білмейді, бір-бірінің іс-әрекеті қызықтырмайды.

  2. Белсенділер бөлінеді.

  3. Балалардың көпшілігі тәрбиешінің талабын қолдайды.

  4. Белсенділер ұжым өміріне әсер етеді.

  5. Ұжымдағы барлық сұрақтар жалпы жиналыста шешіледі.

  6. Азшылық көпшілікті бағындырады.

  7. Тәрбиеленушілер мәселені бірлесіп шешеді.


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. А. 1988

4. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.


Лекция №8

Тақырыбы: Ұжым және тұлға
Мақсаты: ұжымның жеке тұлғаның дамуына ықпалы, жеке адам мен ұжымның арасындағы қарым-қатынастың түрлері туралы түсінік беру.
Жоспар:

1. Жеке адам мен ұжымның арасындағы қарым-қатынастың түрлері

2. Ұжымға педагогикалық басшылық
Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, лидер, конформизм, гармония, ұжымға басшылық.
Ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынас маңызды болып саналады. Көп уақыт бойы ұжымның жеке адамға тәрбиелік әсеріне көңіл бөлінбеді. Жеке адам ұжымға сөзсіз бағынуы керек деп есептелді. Қазір бұл мәселеге жаңа көзқарас пайда болды.

Оқушының ұжымға енуі - күрделі, қарама-қайшылықты процесс. Өйткені бір ұжымға енетін балалардың мінез-құлқы, сыртқы келбеті, денсаулығы, білімі, көзқарастары, т.б. ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан олар ұжымға әртүрлі енеді, жолдастарының талаптарына әртүрлі қарайды.

Егер оқушының әлеуметтік тәжірибесі ұжымның тәжірибесіне сәйкес келсе, ондай оқушы ұжымға жеңіл енеді. Егер оқушының тәжірибесі төмен немесе, керісінше, жоғары болса, онда оған құрдастарымен қарым-қатынас жасау қиынырақ болады.

Ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынас тек оқушыға ғана емес, ұжымға да байланысты. Жоғары дәрежеде дамыған ұжымда қарым-қатынас та жақсы деңгейде болады.

Әрбір адам ұжымда өз орнын табуға тырысады. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ұжым мен жеке адамның арасындағы қарым-қатынастың 3 түрін көрсетуге болады:


  1. Жеке адам ұжымға бағынады.

  2. Жеке адам мен ұжым арасындағы үйлесімді қарым-қатынас.

  3. Жеке адам ұжымды бағындырады.

Жеке адамның ұжымға бағынуының екі жағы бар: 1). Жеке адам өз еркімен бағынады. 2). Жеке адам сырттай бағынғанымен, іштей өз көзқарасын сақтайды, үнсіз бағынады. Ашық қарсы шығу сирек кездеседі. Өйткені өзін-өзі сақтау инстинкті жұмыс істейді.

Жеке адам мен ұжым арасындағы үйлесімді қарым-қатынаста өзара түсінушілік, келісушілік орын алады.

Жеке адамның ұжымды бағындыруы сирек кездеседі. Егер лидердің көзқарасы, білімі, қызығушылығы, т.б. ерекшеліктері ұжымнан жоғары болса, ұжымның дамуына жағымды әсер етеді. Егер керісінше болса, онда ұжым дамымайды.
Практикалық тапсырмалар:

1. А.Макаренконың еңбегінен конспект жазу.

2. Педагогикалық ситуацияға талдау жасау.

Ситуация

7 класс оқушылары мектеп алаңын көгалдандыру жексенбілігіне түгел жиналған еді. Бірақ, класс жетекшісі келмей қалды. Балалар абыржып, класс жетекшісінің неге келмегендігі туралы әр түрлі пікірлер айта бастады: аурып қалған болар, қауырт жұмысы болды ма екен, уақытын білмеді ме екен, т.б.

Сонда да балалар жұмысты өздері істей бастады. Алайда жұмысқа оқушылардың бір тобы ықылассыздық білдіріп, тапсырманы амалсыздан орындап жатты. Ал екінші тобы жұмыс істеуден мүлдем бас тартты. Бұлардың барлығына қарамастан, оқушылардың қалған бір тобы ешқандай қобалжусыз, айқай-шусыз жұмысқа белсене кірісіп кетті.

Сұрақтар:


  1. Бұл ситуациядан оқушылар ұжымының даму кезеңі қай сатыда деп есептейсіз?

  2. Ұжымдағы құрылған топтарға байланысты сіз қандай тәрбие жұмысын жоспарлар едіңіз?


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жеке адам ұжымға қалай бағынады?

  2. Ұжымдағы қарым-қатынастың үйлесімділігі деген не?

  3. Жеке адам ұжымды өзіне бағындыра ала ма?


Әдебиеттер:

  1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

  2. Макаренко А.С. Соч. в семи томах, т 5, М. 1958.

  3. Макаренко А.С. Ұстаздық дастан. А 1985.

4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №9

Тақырыбы: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
Мақсаты: дүниетаным туралы түсінік беру, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда сабақ пен сабақтан тыс жұмыс формаларының ролін көрсету.
Жоспар:

1. Дүниетаным және оның компоненттері

2. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен жолдары
Негізгі ұғымдар: дүниетаным, сенім, мұрат.
1. Дүниетаным дегеніміз обьективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі. Дүниетанымның компоненттері: білім, дүниетаным, сенім, мұрат.

Білім обьективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы ой тұжырымы. Сенім терең, тиянақта ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мақсат-мұраттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы.

2. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру сабақта, пәндерді оқыту барысында, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарында жүзеге асады. Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. ол адамның өмірін түгел қамтиды. Оқушының дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Дүниетанымды қалыптастыруға барлық пәндердің қатысы бар. Сонымен бірге сыныптан және мектептен тыс жұмыстар оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қажетті құралы. Осы бағытта көркемөнерпаздар үйірмесі, жас техниктер клубы, т.б. оқушылардың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау