№9 Лекция тақырыбы:
Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1.
пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әр түрлі саладағы әлеуметтік
қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;
2.
әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар,тіл,мәдениет,саяси бағдарламалар, қазақ
қоғамының әр түрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;
3.
түрліқарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзегеа сыраалу;
Лекция мазмұны:
Қарым-қатынас түсінігі. Қарым-қатынастың түрлері,
формалары, қызметтері. Тұлғааралық қарым-қатынас ғылыми білімнің пәні ретінде.
Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамалары. Тұлғааралық коммуникация, ӛзара
әрекеттесу,
тұлғааралық
қабылдау
түсініктері.Тұлғааралық,
топаралық
жәнеұлтаралыққарым-қатынас
ерекшеліктері.
Қарым-қатынас
стильдері.
Кӛшбасшылық және жетекшілік.
1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым.
Қарым-қатынас – бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар
арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды,
ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Қарым-қатынастың
екінші жағы – қатынасушылардың ӛзара әрекеті, сӛйлеу үрдісінде тек сӛздермен емес,
сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың
үшінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады.
Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа
адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, ӛзара
түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде
қатысы болмайтын адамға тән психикалық құбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас, іс-
әрекетпен бӛлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтжесін меңгереді.
Қарым-қатынас адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында психикалық
байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, ӛзара әсер ету, ӛзара кӛңіл білдіру, ӛзара
түсінісу түрінде аңғарылады.
Соңғы жылдары ғылымда «қатынас» ұғымымен қатар «коммуникация» деген ұғым
қолданылады. Коммуникация кӛлемі жағынан кең мағынада қолданылады. Қарым-
қатынас – адамдар арасында ақпарат алмасу. Адам ӛзінің іс-әрекетінде және күнделікті
тұрмысында басқа адамдармен әруақытта да қарым-қатынаста болады.
2.Қарым-қатынастың түрлері мен құрылымы.
Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және
топтық,тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке
қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккӛрушіліктен, сыйластық пен
араздықтан, сенім мен кү-діктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда
болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала ӛз
ата-анасын сыйлауы да, жеккӛруі де мүмкін; ӛз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген
мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін кӛргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол
топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар
жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да кӛп
адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топ-тық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері
теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған
жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, ӛзара терең сыйластық жайлаған
ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз
ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.
Адамдардың бір-біріне деген ӛшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалды
қатынастар ӛрбиді.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл
остранизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың кӛпшілік арасында
сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар кӛпшіліктің
жек кӛрушілігіне тап болып, на-зардан тыс қалады, еленбейді. Адам
аралық
қатынастардың ерекшелігі - олардың эмоционалды болуында. Адам ӛзі тектеспен араласа
отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықластарға кезігеді. Жеке аралық
қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не
теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқа-шан адамның кӛңіл-күйіне байланысты,
бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен ӛзгеріске келіп тұрады.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, әдетте,
кӛңіл-күйге байланысты ӛзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның кӛңіл-
күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды.
Бірақ ӛмірде жеке және қызметтік қатынастар ӛзара кіріге байланысқан, сондықтан
оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам ӛзінің
даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады;
екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға ӛзінің жеке ниет, ой, толғаныс және
сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік
қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.
Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар ӛмірде сирек кездеседі, сондықтан
мұндай қатынастарды адамдардың мәнгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жӛн.
Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін "сүйіспеншілік" қатынасты жатқызуға болады.
Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған
қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде
қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай
сезінбейді, яғни ӛзара қатынас жасауға ешқандай қажеттікті таппайды, мұндайда олар
арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың
бірі екіншісінен ӛзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-
біріне тікелей жек кӛрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім
мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың
ушығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі - бұл екі ұшты, амбивалентті
қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген ӛзара тікелей
қарсы екі бірдей эмоцияның: жек кӛрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан
мұндай қатынастағы адамдар ӛздерінің кӛңіл тӛркінінде жатқан ниеттерінің нендей
жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында ӛз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты
байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды.
Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да
жәрдем етуге бағышталады.
Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі
психологиялық үйлестік (үйлесімсіздік). Кӛп жағдайда адамдар ӛз қажеттіктерін
қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ кӛзқарас, ниеттеріндегі болмашы
айырмашылықтардан ӛзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық
психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік
қатынас болғанымен, уақыт ӛтумен бірте-бірте ӛрім түскен арақатынастағы жеке
психологиялық үйлеспестік олардың ресми байланыстарының кедергісіне айналады.
3.Қарым-қатынастың коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті жақтары.
" Қарым-қатынас - ӛте күрделі феномен. Оның әртүрліліті кӛптеген функцияларына
тәуелді, ал кӛпқызметтілігі (многофункциональность)жеке адам мен қоғам ӛміріндегі
орны мен мағынасына байланысты.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы да ӛте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа
бӛлуге болады: коммуникация, перцепция, нптеракция. Біртұтас, ішкі бірлігі бұзылмас
процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жанжақты талдау үшін үшке бӛлеміз. Естен
шығармайтын жайт: тіршілкте арақатынас - біркелкі, бұзылмайтын процесс.
Коммуникация - арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді,
идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.
Интеракция- тұлғааралық қимыл ұйымдастыру. Қатысушылардың ӛзара қозғалыс
пен әрекет алмасуы.
Перцепция – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын
белгілі тұлғааралық қатынастар.
4.Қарым-қатынастың тұлғааралық қатынастардағы ролі.
Адам қоғамнан тыс ӛмір сүре алмайды. Ӛйткені оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық
тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның
дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам ӛмірінің болуы мүмкін емес. Кез-келген адам
дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен,
нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді,
мейірімсіз болып ӛсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп
соқтыратыны байқалып жүр. Сӛйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай
жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана ұйқы, демалу қандай қажет болса,
айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет.
Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі
екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Ӛзгелермен қарым-қатынас жасау- бұл тіршілікке
аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сӛз. Адам қарым-қатынас арқылы
айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына
машықтанады, адамзат жасап шығаратын түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-
қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кӛп қырлы ұғым.
Спектакль кӛрсекте, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарласақ та, дос жарандармен
сӛйлесек те- осының бәрі- қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Ӛмірдегі сан алуан
тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе – жүз не жанама (хат жүзінде, радио,
теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Адам психикасының мәдени мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуында қарым-
қатынастың үлкен ролі бар.
Қарым-қатынас арқылы адам оқуға, тәжірибе алмасуға үйренеді, сонымен бірге
жоғары сапаға ие болады, қабілеттерін артады. Адам тұлғалармен белсенді қарым –
қатынас жасау арқылы ӛзі де тұлғаға айналады.
Егер адам туылғаннан қарым-қатынас жасаудан шектеулі болса, ол ешқашан
мәдениетті, дамыған адамгершілігі жоғары азамат бола алмайды, ӛмірінің соңына дейін
мақрұм қалар еді. Бұл туралы әдебиеттердегі берілген кӛптеген фактілер мысал бола
алады: ӛзіне қарым-қатынас жасаудан шектеу қойған адам тірі организм ретінде қалуы
мүмкін.
Қарым-қатынас адамзат тарихының жолсерігі, оның адамзат филогенезіндегі мәні
шексіз. Жеке адамдардың да күнделікті тіршілігінің алғы шарты — қарым-қатынас.
Қарым-қатынас —адамның психикалық дамуының және мінезінің алғышарты,
негізі, адамның психикалық дамуының факторы:
—
Қарым-қатынас үрдісінде басқалардан ӛзгешелігі қалыптасады, адам тек
қана қарым-қатынас арқылыадам болады.
—
Қарым қатынас прецессінде жеке адам жалпы адамдық тәжірибені
меңгереді.
—
Қарым-қатынас процесінде ӛзге үшін, ӛзі үшін адамның психологиялық
қасиеттері ашылады.( ғашық болған адам ӛзін-ӛзі жаңа қырынан таниды.)
Ӛзара әсердегі ситуацияның басым кӛпшілігі, азды – кӛпті болсын әлеуметтік
мәнге мынадай жағдайда ғана ие болады, егерде осы ӛзара әлеуметтік ролдері олардың
мінез –құлықтарына белгілі жағдайда ықпал жасаса. Солай болғанның ӛзіңде де
әсердегілердің барлығы да жеке даралық жағдайда қалады да, оның ситуацияға деген
деген кӛзқарасы ролінде міндетті түрде оның мінез –құлығына із салады.
Достарыңызбен бөлісу: |