З. Е. Сүлейменова, М. Т.Қошанова педагогика ббк 74. 00 С 90 Рецензенттер



жүктеу 2,88 Mb.
бет6/11
Дата20.05.2018
өлшемі2,88 Mb.
#15390
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Оқыту процесі
Е


рекшеліктері функциялары құрылымы


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. А. 1976

4. Иванова Н., Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні. А. 1991

5. Лихачев Б. Педагогика. М., 1998.

6. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. А. 1992

7. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

8. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №5

Тақырыбы: Оқыту түрлері
Мақсаты: оқыту түрлеріне сипаттама беру, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
Жоспар:


  1. Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту

  2. Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту.

  3. Проблемалық оқыту


Негізгі ұғымдар: түсіндірмелі-иллюстрациялы, бағдарламалы, проблемалық.
1. Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқыту басқаша дәстүрлі оқыту деп аталады. Оқыту түрлі көрнекіліктерді қолдана отырып, түсіндіру арқылы жүреді. Сабақта оқушы тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды. Т/и оқытудың пайдалы жақтары:

  • уақытты үнемдейді;

  • күрделі білімді қабылдауды жеңілдетеді;

  • мұғалім мен оқушының арасындағы тікелей қарым-қатынас;

  • оқу процесін тиімді басқару;

Т/и оқытудың кемшіліктері:

  • оқушылардың дайын білімді жаттап алуы;

  • оқушының өз бетімен ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;

  • жеке оқытуға көңіл бөлінбеуі;

2. Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін жетілдіру, өзін-өзі тексеру мен өзін-өзі оқытуға көшу. Бұл оқыту машинамен және машинасыз оқыту болып екіге бөлінеді. Жетістігі:

  • оқу материалының бөлшектенуі;

  • оқушынынң өзіндік жұмысы;

  • тұрақтытексеру;

  • техникалық құралды пайдалану;

Кемшілігі:

  • бағдарлама жасауға көп уақыт, күш кетеді;

  • мектепте компьютер жетпейді;

3 Проблемалық оқытуда ең маңыздысы: проблемалы сұрақ қоя білу. Кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың дайын жауабы болмайды. Оқушы ойлану арқылы жауабын өзі табады.

Жетістігі:



  • оқушылардың ойлауын арттырады;

  • оқу еңбегіне қызықтырадыы;

  • өздігінен жұмыс істеуге үйретеді;

  • жоғары нәтижеге жеткізеді;

Кемшілігі:

  • оқушының іс-әрекетін басқару жеткіліксіз;

  • масатқа жету үшін көп уақыт жұмсалады;


Практикалық тапсырмалар:

1. Тақырып бойынша әдебиеттерді конспектілеу.

2. Бір оқыту түрінің модулін құрып, оны қорғау.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:

І. Проблемалық оқытудың мәні

А) Оқытуда қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ету

В) Оқушылар алдына проблемалар қою

С) Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару

Д)Оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін басқару

Е)Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару

ІІ. Көрнекілікті оқу үрдісіне кеңінен пайдалану нәтижесінде (Ф.Бэкон, Дж.Локк) пайда болды:

А) Догмалық оқыту

В) Иллюстративті әдіс

С) Білімді өзіндік іздеу

Д) Сократтық әңгімелер

Е) Түсіндірмелі иллюстративтік оқыту

ІІ. Оқыту үрдісінде ойлауды дамытудың принциптерінің, яғни, жедел темпта және жоғарғы деңгейде оқытудың негізін салған

А) Н.Ф.Талызин

В) В.В.Давыдов

С) М.Я.Гальперин

D) Л.С.Выготский

Е) Л.В.Занков


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Махмудов М. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. А. 1981

4. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

5. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.


Лекция №6

Тақырыбы: Оқыту заңдылықтары
Мақсаты: оқыту заңдылықтарына сипаттама беру.
Жоспар:

  1. Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік

  2. Заңдылықтарға сипаттама


Негізгі ұғымдар: заңдылық, қоғаммен байланыс.
1. Құбылыстар мен процестер арасындағы обьектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Оқыту заңдылықтары сыртқы, ішкі, жалпы, жеке болып бөлінеді. Оқыту процесінің өзіне тән ерекшелігі бар: оқыту процесі тәрбиеге қарағанда оңай басқарылады, тез іске асырылады әрі нәтижесін тез байқауға болады.

  1. Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған.

* Оқытудың қоғаммен байланыс заңдылығы;

* Оқыту, білім беру және дамудың өзара байланыс заңдылығы;

* Оқыту процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру заңдылығы;

* Оқытудың міндеттері, мазмұны, формалары мен әдістерінің өзара байланыс заңдылығы;
Практикалық тапсырмалар:

Оқыту заңдылықтарының тарихы туралы жазу.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Дұрыс жауапты көрсетіңіздер:

Педагогикалық процестің заңдылықтары

А) педагогикалық процестің ережелері

В) педагогикалық процестің принциптерінен туындайды

С) барлық жауаптар дұрыс

D) педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талартар

Е) педагогикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын, объективті байланыстар


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Педагогика. Учебное пособие.) Под ред. П.И. Пидкасистого. М., 1996.

4. Харламов В.Ф. Педагогика. М., 1999.

5. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

6. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.

Лекция №7

Тақырыбы: Оқыту принциптері
Мақсаты: оқыту принциптеріне сипаттама беру, принциптер туралы атақты педагогтардың пікірлерін салыстыру.

Жоспар:


  1. Оқыту принципі туралы түсінік

  2. Оқыту принциптерінің негізін салған педагогтар

  3. Оқыту принциптеріне сипаттама


Негізгі ұғымдар: оқыту принциптері.


  1. «Принцип» термині латын тілінен аударғанда ереже, іс-әрекетке қойылатын негізгі талап деген мағынаны білдіреді. Сонда оқыту принциптері дегеніміз оқыту ережелері немесе оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар.

  2. Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Коменский. «Ұлы Дидактика» атты еңбегінде ол бірнеше оқыту принциптерін басшылыққа алуды ұсынады: табиғатқа сай болу, түсініктілік, көрнекілік. И.Г.Песталоцци ерекше бағалаған принцип - көрнекілік принципі. Көрнекілік баланың логикалық ойлауын жетілдіреді деп есептеген. К.Д.Ушинский оқытудың халықтық сипатына ерекше назар аударып, түсініктілік принципін жақтаған. Ы.Алтынсарин оқыту принциптерін қазақ мектептерінің ерекшеліктеріне сай пайдалану керек деген.

  3. Оқыту принциптерінің жүйесі мына принциптерден құралған:

  • Ғылымилық

  • Жүйелілік және бірізділік

  • Саналылық және белсенділік

  • Көрнекілік

  • Беріктілік

  • Ынталандыру (мотивизация)

  • Ізгілендіру (гуманизациялау)

  • Проблемалық

  • Интеграциялау (кіріктіру)


Практикалық тапсырмалар:

1. Оқыту принциптері туралы атақты педагогтардың пікірлерін жазу.

2. Жаңа принциптердің ерекшеліктерін сипаттау.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Төмендегі ұғымдардың арасынан оқыту принциптерін көрсетіңіздер:



  1. Саналылық

  2. Мақұлдау

  3. Белсенділік

  4. Көрнекілік

  5. Бақылау

  6. Жүйелілік

  7. Тексеру

  8. Ғылымилық

  9. Жас ерекшеліктерін ескеру

  10. Дербес ерекшеліктерді ескеру

  11. Беріктілік

  12. Мұғалімнің басшылығы

  13. Теория мен практиканың байланысы

  14. Алгоритм

  15. Бағдарлама


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Педагогика. Учебное пособие. Под ред. П.И. Пидкасистого. М., 1996.

4. Харламов В.Ф. Педагогика. М., 1999.

5. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

6. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция № 8

Тақырыбы: Мектептегі білімнің мазмұны
Мақсаты: мектептегі білімнің мазмұнымен таныстыру.
Жоспар:


  1. Білім беру мазмұны туралы түсінік

  2. Жалпы, политехникалық, кәсіптік білім


Негізгі ұғымдар: білім беру мазмұны, жалпы білім, кәсіптік білім, политехникалық білім.
1. Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен іскерліктер жүйесі. Білім мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, ғылыми жетістіктер әсер етеді.

Білім берудің мазмұнының теориялық негізі ХҮІІ ғ. соңы ХІХ ғ. басында қалыптасты. Білім берудің мазмұны материалистік және формальдық болып бөлінді.

Материалистік білім мазмұнын Я.А.Коменский жақтаған. Ол балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан кең көлемде білім беру керек деп есептеді.

Формальдық білім мазмұнын жақтаушылар И.Г.Песталоцци, А.Дистервег оқушылардың дұрыс ойлауын, танымдық қызығушылықтарын дамытуды көздеді.

Орыс педагогы К.Д.Ушинский материалдық және формальдық теориялардың бірлігін жақтады.

2. Жалпы білім - оқушылардың ғылым негіздерін игеру процесі және нәтижесі. Жалпы білім мазмұнына оқытылатын пәндердің негізгі үш циклі кіреді: ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы.Политехникалық білім беру оқушыларды аспаптармен, құралдармен жұмыс істеуге үйрету, компьютер, ЭЕМ -мен таныстыру, техника мен өндіріс жайлы түсінік беру, мамандық таңдау т.б. мәселелерді қамтиды. Кәсіптік білімнің негізі - жалпы және политехникалық білім. Осы білімнің енгізінде арнаулы орта және жоғары оқу орнын орнын бітіретін мамандардың жалпы ғылыми даярлығы кеңиді, сауаттылығы артады, өз мамандығын терең игереді.


Практикалық тапсырмалар:

1. Білім мазмұнын гуманитарландыру жайлы реферат дайындау.

2. Білім мазмұны жайлы құжаттарды конспектілеу.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Мектептегі білімнің мазмұнына қойылатын талаптарды көрсетіңіздер



  1. ғылымилық

  2. қызықты болуы

  3. ғылыми дүниетанымды қалыптастыру

  4. бірізділік

  5. тарихилық

  6. политехникалық

  7. идеялығы

  8. оқудың жеңілдігі

  9. өмірмен байланыс

  10. жүйелілік

  11. кәсіби қызметке дайындау

  12. саналылық және белсенділік

  13. патриоттық

  14. жас ерекшелігін ескеру

  15. ұлттық ерекшелігі

  16. экологиялық бағыты

  17. жаңа технологияларды енгізу


Әдебиеттер:

1. ҚР “Білім туралы” Заңы. А. 2001ж

2. ҚР жалпы орта білім беру тұжырымдамасы //Қазақстан мұғалімі, №14, 13 маусым 1997ж

3. ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы А. 1994

4. ҚР этникалық білім беру тұжырымдамасы, А.1996

5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

7. Леднев В.С. Содержание образования. М., 1989.

8. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №9

Тақырыбы: Білім беру құжаттары
Мақсаты: білім беру құжаттарымен таныстыру, оқыту процесінде құжаттарды қолдану жолдарын көрсету.
Жоспар:


  1. Оқу жоспары

  2. Оқу бағдарламасы

  3. Стандарт

  4. Оқулықтар


Негізгі ұғымдар: оқу жоспары, оқу бағдарламасы, стандарт, оқулық.
Оқу жоспары - бұл оқу пәндерінің құрамын әрбір сынып және пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат. Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу бағдарламаларында білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға оқытылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінген сағаттар саны белгіленеді. Оқу бағдарламасы оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндерге арналып құрылады. Мемлекеттік білім беру стандарты маңызды мемлекеттік құжат болып есептеледі. Онда оқушылар меңгеруге тиіс білімнің міндетті деңгейі көрсетіледі. Оқулық оқу бағдарламасының негізінде жасалады. Оқулық оқушыға білім берудің негізгі көзі. Оқулық арнаулы талаптарға сай болуы керек. Талаптардың күрделілігіне орай, соңғы кезде әр пәннен оқулықтардың бірнеше нұсқалары (вариант) шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар, электронды оқулықтар, аудио-видео кассеталар, компакт-дискілерге жазылған оқулықтар пайдаланылады.

Практикалық тапсырмалар:

1. Білім беру құжаттарымен танысу.

2. Мамандығына сәйкес оқулықпен танысу, оның мазмұнын бағдарламамен салыстыру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

І. Оқу бағдарламасы дегеніміз не?


  1. Оқу бағдарламасы оқу пәндерінің өтілу ретін, оларға бөлінген сағат санын, әр тоқсанның басталуы мен аяқталуын анықтайды.

  2. Оқу бағдарламасында тақырыптың мазмұны мен көлемі, әр тақырыпқа бөлінген сағат саны анықталады.

  3. Оқу бағдарламасы дегеніміз белгілі бір сыныпта оқытылатын пәндердің тізімі мен оларға бөлінген сағат саны көрсетілген құжат.

ІІ. Оқу жоспары дегеніміз не?

  1. Оқу жоспары - оқу пәндерінің құрамы мен олардың апталық және жылдық сағат санын анықтайтын құжат.

  2. Оқу жоспары оқу пәндерінің саны мен әр пән бойынша оқу материалының мазмұнын анықтайды.

  3. Оқу жоспарында оқу жылының басталуы мен аяқталуы, демалыстар, пән бойынша оқу материалының мазмұны анықталады.



ІІІ. Схеманы қолданып 8,9 лекцияларды қорытындылаңыз
Я.Коменский И.Песталоцци, А.Дистервег

оқушыларға оқушылардың

ғылымның түрлі танымдық қабілеттерін,

салаларынан кең білім беру ойлауын дамыту


Материалистік Формальдық

мазмұны


Білім беру

Құжаттары компоненттері


Стандарт Білім

Оқу жоспары Іскерлік

Оқу бағдарламасы Дағды


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.



4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.

Лекция №10

Тақырыбы: Оқыту әдістері
Мақсаты: оқыту әдістеріне сипаттама беру, оқыту әдістерін таңдау шарттарын түсіндіру.
Жоспар:

  1. Оқыту әдістері туралы түсінік

  2. Оқыту әдістеріне қойылатын талаптар

  3. Оқыту әдістерін топтастыру

  4. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама

  5. Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдай білуі


Негізгі ұғымдар: оқыту әдістері, сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер.


  1. Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан, қазақша мағынасы - ақиқатқа, шындыққа жету жолдары дегенді білдіреді. Сонда оқыту әдістері дегеніміз - оқытудың мақсатына жету жолдары. Оқыту әдістері «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді. Оқыту әдістері мұғалім мен оқушының бірлесе жасайтын әрекеті. Педагогикалық энциклопедияда: «Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен БІД-ны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды» - деп жазылған (ПЭ. 2-том, М. 1965, 812 бет). Ал философиялық сөздікте: «Әдіс, дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері» деп жазылған (Ф.сөздік, М. 1963, 272 бет). Әдістің бөлігі тәсіл деп аталады. Сонымен бірге мұғалім оқу құралдарын пайдаланады.

  2. Оқыту әдістеріне қойылатын жалпы талаптар мыналар:

    • оқытудың міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс;

    • оқытудың тәрбиелік мәнін арттыруға көмектеседі;

    • мұғалім оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістермен таныстыруға міндетті;

    • оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруы тиіс;

    • Мұғалім әдістерді қолдануда озат іс-тәжірибелерді пайдалануы керек;

  3. Оқыту әдістері педагогикада әлі толық зерттеліп болмаған тақырыптардың бірі. Сондықтан оларды топтастыруда әр түрлі пікірлер қалыптасқан:

  • Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер).

  • Оқытудың мақсаты мен міндеттеріне қарай (М.А.Давыдов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина).

  • Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский).

  • Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг).

  • Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь).

  • Білім берудің көздеріне қарай (И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант).

  1. Оқыту процесінде жиі қолданылатыны білім берудің көздеріне қарай жіктелуі:

  • Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.

  • Көрнекі әдістер: демонстрация және иллюстрация.

  • Практикалық әдістер: лабораториялық, практикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығу жұмыстары, ойындар.

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқыту әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады. Мұғалімнің әдістерді таңдауы мына шарттарға байланысты:

  • Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері;

  • Сабақтың мақсаты мен міндеттері;

  • Қолда бар көрнекі және техникалық құралдар;

  • Мектептің географиялық орны;

  • Мұғалімнің шеберлігі;


Практикалық тапсырмалар:

1. Оқыту әдістерін топтастыру түрлерімен танысу.

2. Мектепте мұғалімнің сабағына қатысып, оқыту әдістерінің қолданылуын іс жүзінде бақылау. Бақылау нәтижесін дәптерге жазып алу.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

І. Оқыту әдісі дегеніміз не? Мына жауаптардың арасынан дұрысын көрсетіңіз. Қалғандарының қате не толық еместігін дәлелдеңіз.


  1. Оқыту әдісі - мұғалімнен оқушыға білімнің берілуі.

  2. Оқыту әдісі - оқу процесін ұйымдастыруды анықтайтын заңдылық.

  3. Оқыту әдісі танымдық қызметті ұйымдастыруды анықтайды.

  4. Оқыту әдісі - оқытудың мақсатына жетуге бағытталған педагог пен оқушының реттелген қызметі.

  5. Оқыту әдісі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінің жолы.

ІІ. Мына ұғымдардың арасынан оқыту әдістерін белгілеңіз:

  1. әңгіме

  2. ауызша түсіндіру

  3. лекция

  4. түсіндіру

  5. эстетикалық талғамды қалыптастыру

  6. проблемалық оқыту

  7. диспут

  8. еңбекке үйрету

  9. қайталау

  10. демонстрация

  11. өткенді қайталау

  12. қорытындылау

  13. иллюстрация

  14. ынталандыру

  15. жаттығу

  16. индукция

  17. тәжірибе жасау

  18. бақылау

  19. жазба жұмысы

  20. бағдарлама құру

ІІІ. Төмендегі схеманы қолданып, оқыту әдістеріне сипаттама беріңіз:



жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау