З. Е. Сүлейменова, М. Т.Қошанова педагогика ббк 74. 00 С 90 Рецензенттер



жүктеу 2,88 Mb.
бет2/11
Дата20.05.2018
өлшемі2,88 Mb.
#15390
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ІІ. Қайдан іздеу керек?


1. Библиографиялық көрсеткіштер

2. Компьютерлік каталогтар

3.Кітапханалық каталогтар

ІІІ. Қалай іздеу керек?

1-кезең : Әдебиеттер тізімін құрастыру.

2-кезең: Библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс істеу .

3-кезең: Керек әдебиеттерді іздеп табу.

Керекті әдебиеттермен жұмыс барысында оқумен қатар жоспар құру, конспектілеу, аннотация, тезис жазу сияқты жұмыстар қатар жүреді.

Конспект - тексттің қысқаша мазмұны. Конспектіде тексттен үзінділер келтіруге болады.

Тезис - тексттің ең маңызды жерін қысқаша мазмұндау.

Жоспар - негізгі тұжырымдарды, ойларды ретімен жазу.

Аннотация - тексттің мазмұнын бірнеше сөйлеммен беру.

Цитата - әдебиеттегі, тесттегі пікірді өзгертпей, сол күйінде беру.

Библиография - зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттер тізімін құру.

Мемлекеттік стандарт талаптарына сай пайдаланылған әдебиеттер тізімі былай көрсетіледі:



  1. Авторы. Мақаланың аты // Журналдың аты. - Шыққан жылы. - Номері (мысалы №3.) Беті (мысалы 34б немесе 15-24б)

  2. Авторы. Кітаптың аты. - Басылған жері (мысалы А.:) Баспасы (мысалы Рауан,) Шыққан жылы. - Кітаптың көлемі (мысалы 239б) немесе нақты беті (мысалы 69б)

Зерттеу жұмысы жұмысты безендірумен аяқталады. Зерттеу жұмысын безендіру онымен басқалардың танысуына мүмкіндік береді. Кез келген жұмысты безендіру белгілі талаптарға сәйкес жүргізіледі:

  1. Жазба жұмысы стандартты А4 форматты парақта орындалады.

  2. Парақтың сол жағынан - 2,5 см, оң жағынан - 1,5 см, жоғарғы және төменгі жағынан - 2,5 см бос орын қалдырылады.

  3. Жұмыс таза, ұқыпты, түзетулерсіз орындалуы керек.

  4. Әр бетке номері қойылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы студентті ғылыми зерттеуге баулудың неғұрлым жоғары дәрежесімен сипатталады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын дайындағанда алдын-ала мынандай екі міндетті шешу керек:

  1. Оқылып отырған пәннің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу кезеңінің дидактикалық міндеттеріне сәйкес, студенттерге күрделілігі түрлі дәрежедегі тапсырмалар дайындау;

  2. Тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруда студенттердің ізденімпаздығының түрлі деңгейлерін анықтау;

Ғылыми ізденістер жүйесі студенттердің көзқарасын кеңейтуде, интеллектін дамытуда, болашақ маманның әлеуметтік психологиялық сипаты мен жеке қасиеттерінің дамуына елеулі әсер етеді. Студенттерде ортақ іске деген жауапкершілік сезімі артады, бірлесіп қызмет етуге үйренеді, бірін-бірі жақсырақ білуіне әсер етеді, әрі осындай жұмыс түрлері ертеңгі педагогикалық қызметінде қажеттігін түсінеді. Еңбексүйгіштігі, танымдық белсенділігі, ғылымға үлесі, оған қызығушылығы артады. Ғылымға қажетті ізденімпаздық, табандылық сияқты қасиеттері қалыптасады. Сөйтіп, студенттің қажетті бағытты таңдауына, өзінде әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруына жағымды әсер етеді.
Практикалық тапсырмалар:

1. Еркін тақырыпқа зерттеу жұмысын дайындау, безендіру.

2. Таңдаған тақырып бойынша зерттеу жұмысының жоспарын құру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлерін атаңыздар.

  2. Зерттеу жұмысын безендіруге қандай талаптар қойылады?


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика формирования. А., 2000.

4. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.
І модуль бойынша тест сұрақтары

1. «Педагогика» термині қай елдің сөзі?

A) Латын

В) Грек


С) Орыс

Д) Араб


Е) Қазақ

2. «Педагогика» термині қандай мағынаны білдіреді?

A) Баланы оқыту

В) Бала жетектеу

С) Баланы тәрбиелеу

Д) Баланың дамуы

Е) Баланың қалыптасуы

3. Педагогика ғылымы нені зерттейді?

A) Жеке адамның дамуын

В) Жалпы адам тәрбиесін

С) Қоғамның дамуын

Д) Жеке адамның қалыптасуын

Е) Оқытуды

4. Педагогика ғылымының негізін салушы

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) К.Д.Ушинский

Д). Ы.Алтынсарин

Е) А.Дистервег

5. Россияда педагогиканың негізін салушы

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) К.Д.Ушинский

Д) Ы.Алтынсарин

Е) Л.Толстой

6. Қазақстанда педагогиканың негізін салушы

A) Я.А.Коменский

В) И.Г.Песталоцци

С) К.Д.Ушинский

Д) Ы.Алтынсарин

Е) Ш.Уәлиханов

7. Қазақтың тұңғыш ағартушы-ғалымы

A) Ш.Уәлиханов

В) А.Байтұрсынов

С) М.Жұмабаев

Д) Ш.Құдайбердиев

Е) А.Құнанбаев

8. Алғашқы ғылыми педагогикалық еңбек

A) «Педагогика»

В) «Психология»

С) «Ұлы Дидактика»

Д) «Тәрбие туралы»

Е) «Қирағат»

9. «Ұлы Дидактика» еңбегінің авторы

A) Я.Коменский

В) И.Песталоцци

С) Ы.Алтынсарин

Д) К.Ушинский

Е) Ж.Руссо

10. «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің авторы

A) Я.Коменский

В) И.Песталоцци

С) Ы.Алтынсарин

Д) К.Ушинский

Е) А.Байтұрсынов

11. Тұңғыш «Әліппе» оқулығының авторы

A) М.Жұмабаев

В) А.Байтұрсынов

С) Ж.Аймауытов

Д) М.Дулатов

Е) Н.Құлжанова

12. «Педагогика» оқулығының авторы

A) М.Жұмабаев

В) А.Байтұрсынов

С) Ж.Аймауытов

Д) М.Дулатов

Е) Ш. Құдайбердиев

13. «Психология» оқулығының авторы

A) М.Жұмабаев

В) А.Байтұрсынов

С) Ж.Аймауытов

Д) М.Дулатов

Е) Х.Досмұхамедов

14. «Есеп құралы» оқулығының авторы

A) М.Жұмабаев

В) А.Байтұрсынов

С) Ж.Аймауытов

Д) М.Дулатов

Е) Н.Құлжанова

15. Алғашқы адамдар қоғамындағы тәрбие

A) Дене

В) Ақыл-ой

С) Еңбек

Д) Адамгершілік

Е) Эстетикалық

16. Құл иеленушілік қоғамдағы тәрбие

A) Дене

В) Ақыл-ой

С) Еңбек

Д) Адамгершілік

Е) Экологиялық

17. Негізгі педагогикалық ұғымдар

A) Әдіс-тәсілдер

В) Оқулық, оқу құралдары

С) Тәрбие, білім беру, оқыту

Д) Көрнекі құралдар

Е) Мұғалім, оқушы

18.«Білім беру» ұғымын педагогикаға кім енгізді?

A) Я.Коменский

В) И.Песталоцци

С) А.Дистервег

Д) И.Гербарт

Е) Ы.Алтынсарин

19. Білім беру дегеніміз не?

A) Ғылым негіздерін меңгерту

В) Белсенділікті қалыптастыру

С) Өзін-өзі тәрбиелеу

Д) Дағдыға үйрету

Е) Тәрбиелеу


  1. Білім берудің жолы

A) Оқыту

В) Үйрету

С) Түсіндіру

Д) Көрсету

Е) Жаттықтыру

21. Тәрбиенің ерекшелігі



жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау