Мұстафа Шоқай – ХХ ғ. басында Түркістан халықтары мүддесін қорғау жолында белсенділігімен көзге түскен қазақ зиялыларының алғашқы толқынының өкілі. Сонымен қатар ол 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін құрылған Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясының) жетекшісі болғанын да білеміз. М.Шоқай Уақытша үкіметтің басшылығын қолына алып, өзбек, қазақ, қырғыздарды бір бағытта нығайтуды көздеді. Сонымен қатар М.Шоқайдың басшылығымен үкіметтің жеке меншік қаржы базасы құрылды. Бірақ, қаржы тапшылығы бәрібір басым болды. Әскери күштерді құруда да төтенше қиыншылықтар кездесті. Үкіметте түркістандықтардан бірде-бір офицер болған жоқ. Орыс әскерінде 4-5 түркістандық офицер бар болатын. Олар: екі жас жетілмеген татар офицерлері және екі поляк офицері. Соған қарамастан, үкімет өз әскери күшіне сенді. Олар өте қымбатқа мылтық, патрон сатып алып отырды. Қоқан үкіметі барлық түркістандықтарды Автономия туының астына жинауға қол жеткізді. Сонымен бірге үкімет көптеген мемлекеттік бағдарламалар тарапынан қолдау тапты. Мысалы, Ферғана автономиялы басқаруға ауысты, тіпті сот процесі “автономиялы Түркістанның” уақытша үкіметінің шешімі арқылы жүргізіліп отырды. Сол сияқты, бақылау палатасы, Мемлекеттік Банк, Сот палатасы Автономия бағдарламасын қабылдады Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы. Орыс халқы мен отар елдер халықтары, оның ішінде қазақ халқы да, оның арман-тілегі де азамат соғысының құрбандығына айналды. Оның себебі «қазақ қоғамының ой-арманы мен саяси бағытын бетке ұстаған Алашорда саясаты Россияның қоғамдық санасы мен оның негізгі саяси күштерінде белең алған, біріншіден, ұлы және бөлінбес Россия және екіншіден, ұлт мәселенің билік мәселесіне бағындырылуы идеясына байланысты шешілмес қайшылыққа тап болды. Өйткені, бұл екі идеяны да жүзеге асыру унитаризмді талап етті, ол және соғыс уақыты практикасында жеңіске жетті де. Алашорда болса бұл күресте өз алдына бөлек саясат ұстап, «үшінші күш» бола алмады. Сонымен бірге қандай да болмасын қарама-қарсы күштердің бірімен одаққа бару Алашорданы программалық мақсаттардан алыстата түсті және жеңіліске ұшыратты» 1918 жылы көктемде басталып кеткен азамат соғысы енді ғана ұлт-азаттық күрес арнасына түскен қазақ қоғамын бүкіл Ресей империясын қамтыған тапаралық соғыс орбитасына тартты. Қазақ қоғамы болашақ мемлекеттік құрылыстың түрлі нұсқаларын жақтап (ұлттық және кеңестік) екіге бөлініп кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |