«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идесы Орындаған: Сәулебай Әдемі (кад 22-3) ЖОСПАР: - Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім.
- Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері. Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы.
- Алаш Орда үкіметінің қазақ ұлттық әскерінің іс-қимылдары. Қазақ аумағында әскери іс-қимылдардың тарауы. «Соғыс коммунизмі» саясаты.
- Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. Қырғыз (Қазақ) АССР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі.
- ҚазАССР және Түркістан Республикасы. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Біртұтас Түркістан идеясының жеңілуі.
- Т.Рысқұлов пен М.Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар паша және А.З.Валидов. Қазақстанда большевиктік режимнің қалыптасуы.
Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында ХХ ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез. Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты Төрағасы — Б.Құлманов.
Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
Сібір автономиясы
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы
Қазақ-қырғыз автономиясы
Милиция туралы
Ұлт кеңесі
Мүфтилік мәселесі
Халық соты
Ауылды басқару
Азық-түлік мәселесі
Мәселері:
Сьезд нәтижелері:
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң , Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді.
Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |