101
- техникалық бақылаудың заманауи құралдарының болмауы;
- ИТЖ тарапынан бақылаудың болмауы және т.б.
Сонымен қатар, сейсмикалық белсенді аудандардағы сапасыз құрылыс
тұрғын үйлердің құлауына әкелуі мүмкін.
Бұдан басқа, нысандарды өткізу мерзімінен қалуы немесе құрылыстың
тоқтап қалуы байқалады. Оның себептері мынадай: құрылысты жеткіліксіз
немесе кеш қаржыландыру, осының салдарынан жұмыс өндірісі кестесінен
артта қалу және жұмысты аяқтау мерзімінің бірнеше рет ұзартылуы туындап
отыр; Алматы қаласы Қаржылық бақылау инспекциясының құрылысқа
жарияланған мемлекеттік сатып алуды іске асыру бойынша конкурстық
рәсімдерінің қорытындысынан бас тартуы, бұл нысандарды уақтылы
пайдалануға беруді тоқтату және құрылыс жұмыстарын белгісіз мерзімге
қалдыру қаупін тудырады; нысанды пайдалануға беру мерзімінен артта қалу
мемлекеттік комиссия актісін алуға әсер етеді, мұнда нысанды пайдалануға
беру актісін келісуге қатысатын әрбір комиссия мүшесі нысанға және
техникалық құжаттамаларға ұзақ мерзімді тексеру жүргізеді; қыс кезінде сумен
жабдықтау және кәріз желілерін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізуге
мүмкіндіктің болмауы; ағымдағы жылы "ҚиК" АҚ тұрғын үй құрылысына
кіріспегендіктен, үйлерге инфрақұрылым жүргізуді қамтамасыз ету мүмкін
болмай отыр (газбен жабдықтау желілері, телефон, электрмен жабдықтау
ғимараттардың қасбеттері бойынша жүргізіледі).
Сондай-ақ,
нысандар
құрылысының
тоқтауы
Шарт
бойынша
қабылданған міндеттерін орындамаған құрылыс ұйымдарының кінәсінен болып
отыр.
Кесте 2.1.4.2.8. SWOT-талдау
Күшті жақтары:
- қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік,
мәдени және тұрмыстық мақсаттағы
нысандар
құрылысын ынталандыру,
құрылыс индустриясының қолданыстағы
және жаңа салаларын дамытуға ықпал ету.
Әлсіз жақтары:
-
- құрылысқа арналған бос алаңдардың
жетіспеушілігі;
-
- күрделі жөндеуді және ескі тұрғын
үйлерді сүрлеуді талап ететін тұрғын үй
үлесінің жоғары болуы.
-
Мүмкіндіктер:
- құрылыс саласындағы жұмысшылардың
біліктілігін арттыру, құрылыс өндірісінің
жоғары
сапасына қол жеткізу, құрылыс
индустриясы саласындағы отандық тауар
өндірушілерді қолдау.
-
Қауіп-қатер:
- Талап етілетін сейсмикалық сенімдік
деңгейін сақтамау.
Түйіткілді мәселелер:
- тұрғын үй қорын күрделі жөндеу міндеттерін шешу үшін бөлінетін
қаражаттардың жетіспеушілігі;
102
- тұрғын үймен қамтылудың төменгі деңгейі;
- тұрғын үй құрылысына арналған бос жер учаскелерінің шектеулі саны;
- пәтер иелерінің ақша қаражаттарын пайдалану бойынша ПИК
қызметінің айқындылығын көтеруді талап ететін заңнамалық нормалардың
болмауы;
- студенттік жатақханалар
санының жеткіліксіздігі;
- тұрғын үй қорының нысандары бойынша техникалық паспорттың болу
деңгейінің төмендігі;
- мүгедектердің
қолжетімділігін
қамтамасыз
ететін
әлеуметтік
инфрақұрылым нысандары үлесінің аз болуы.
2.1.4.3. Жолдар мен көлік
Көлік саны мен жолаушылар легі
2014 және 2016 жылдар аралығы кезеңінде Алматы қаласында
жолаушыларды тасымалдаудың айтарлықтай өсуі байқалды.
Есепті кезеңде жалпы жолаушыларды тасымалдау 2014 жылы 34,8-ден
2015 жылы 36,2-ден, ал 2016 жылы 37,7 млрд.жол-км дейін 11,7% өсті.
2.1.4.3.1 кесте. Көлік түрлері бойынша жолаушылар тасымалы мен
жолаушылар айналымы
Атауы
2014
2015
2016
млн. адам
Барлық көлік түрлері
4 808,6
4 988,2
5 167,8
Оның ішінде:
Автобуспен
3 745,2
3 915,5
4 107,6
Әуедегі жүк көлігімен
3,8
4,3
4,8
Таксимен
1 033,5
1 035,2
1 036,9
Қалалық электрлі
26,1
32,9
18,5
млн. жкм
Барлық көлік түрлері
34 839,7
36 271,6
37 703,5
Оның ішінде:
Автобуспен
20 933,3
21 743,0
22 552,7
Әуедегі жүк көлігімен
7 571,8
8 374,4
9 177,0
Таксимен
6 193,2
5 929,7
5 666,2
Қалалық электрлі
141,4
224,5
307,6
Дереккөз: Алматы
қаласы Статистика департаменті, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
басқармасы
Жеке көлікпен жолаушылар айналымы ұлғаюының негізгі себебі өзге
қаладан және облыстан жұмыс пен оқуға келетін тұрғындардың жыл сайынғы
өсуі болып табылады.
103
2.1.4.3.1 сурет. Жолдардағы көлік тығыздығының талдауы
Жолдардағы көлік тығыздығы,
бірлік 1 км жолға
-11% жылына
Дереккөз: Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының
мәліметтері
Жолдардағы көлік тығыздығының ұлғаюы қала халқының өсуімен бір
мезгілде жүрді. Сондықтан Алматы халқының көлікпен қамтамасыз етілу
деңгейі 2014-2016 жылдар кезеңінде сәл алға шықты және 1000 тұрғынға
шамамен 370 автокөлікті құрады.
Қозғалыстың орташа жылдамдығы
Көлік жүйесінің тиімді қызмет етуінің түйінді индикаторларының бірі
кептеліс кезіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығы болып табылады. СМЭУ
деректеріне сәйкес Алматы қаласындағы қозғалыстың ағымдағы орташа
жылдамдығы сағатына 22 км, қарбалас уақытта сағатына 18-19 км/сағ құрайды,
бұл салыстырылып отырған қалалардан айтарлықтай төмен.
2.1.4.3.2 сурет. Қарбалас уақыттағы қозғалыстың орташа жылдамдығы,
2016 ж.
Дереккөз: «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы» БҰҰ
даму бағдарламасы; Көлік
холдингі; қалалардың статистикалық агенттіктері