104
Жұмыс тобының талдауына сәйкес көлік санының жылына 4% өсуінен
(ағымдағы жол инфрақұрылымы құрылысының қарқыны кезінде) келесі 5-7
жылда қозғалыстың орташа жылдамдығының 20% төмендеуі күтіледі.
Көрсетілген алғышарттарды ескере отырып, 2020 жылға қарай қозғалыс
жылдамдығы сағатына 15 км дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан қалаға көлік
тығыздығын төмендетуге бағытталған шараларды қарастыру қажет.
Қоғамдық көлік
Соңғы жылдары қала қазірдің өзінде көрінетіндей нәтижеге ие көлік
инфрақұрылымын дамытудың бірқатар жобаларын іске асырды. Төменде
қоғамдық көлік саласындағы елеулі инвестициялық жобалар көрсетілді:
Метрополитеннің бірінші желісінің іске қосу кешенінің 2-ші кезегінің
құрылысын аяқтау;
Сығымдалған газбен жұмыс жасайтын автобустардың саны 737;
Заманауи және энерготиімді троллейбустардың саны 175;
Сығымдалған газбен жұмыс істейтін такси саны 400 дана;
3 коммуналдық
автобус парктерінің құрылысы;
Моторсыз көлік үшін инфрақұрылымды кайта жаңғырту және ішінара
жаңғырту;
Ақылы тұрақтар жүйесін енгізу.
Пандустармен жабдықталған қалалық көлік үлесі 45% құрайды, оның
ішінде 737 автобус және 175 троллейбус. Бұдан басқа, қала бойынша мүмкіндігі
шектеулі адамдар үшін 8260 жол белгілері мен көрсеткіштері орнатылған.
Метрополитен де мүгедектер үшін жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Қаладағы барлық тұрақтарда мүгедектер автомашиналары үшін орындар
бар.
Алматы қаласының Абай даңғ., Фурманов, Достық даңғ, Алтынсарин
даңғ., сияқты негізгі орталық көшелеріндегі аялдамалар мүмкіндігі шектеулі
адамдар үшін шамамен 150 бірлік пандустармен жабдықталған
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру, қоғамдық көлік қызметінің
сапасын соның ішінде, инвестициялар салынған бағыттар бойынша жақсартуға
мүмкіндік береді:
Метрополитен құрылысы – жылына 68 млн. жолаушы.км;
Сығымдалған газбен жұмыс істейтін автобустарды сатып алу - жылына 1
млрд. жолаушы.км;
Заманауи және энерготиімді троллейбустар сатып алу – жылына 190 млн.
жолаушы.км;
Сығымдалған газбен жұмыс істейтін таксилерді сатып алу – жылына 80
млн. жолаушы.км.
2.1.4.3.2 кесте. Қоғамдық көлік автопаркінің құрылымы
105
Атауы/жылдар
Өлш. бірл
2014
2015
2016
Қоғамдық көліктің саны
бірлік
2 101
1 848
1421
Оның ішінде:
Автобустар
бірлік
1 855
1 609
1239
Троллейбустар
бірлік
212
215
175
Трамвайлар
бірлік
27
17
0
Метрополитен
бірлік
7
7
7
Дереккөз: Алматы
қаласы Статистика департаменті, Алматы
қаласы Жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
басқармасы
Қоғамдық көлік жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Жеке инвесторлар үшін саланың тартымдылығын көтеру шараларының
бірі жобалардың таза табысын қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық көліктегі ағымдағы тарифтер салыстырылып отырған
қалалардың деңгейіне қатысты төменгі деңгейде тұр және көп мәрте қолдануға
болатын билеттерді ынталандыру тетіктерін көздемейді.
2.1.4.3.3 сурет. Қоғамдық көліктегі жол жүру тарифтері, 2016 ж.
Дереккөз: қалалардың статистикалық агенттіктері; қалалардың көлік басқармаларының
сайттары, Алматы қаласы
Статистика департаменті
Жоғарыда аталған салыстыруларға сүйене отырып, көлік шығынының
үлесі Алматының үй шаруашылығындағы шығындардың жалпы құрылымында
шамамен 5% құрайды, ал салыстырылып отырған қалалардың бұл көрсеткіші
9,8% өңірінде немесе Алматы қаласы бойынша көрсеткіштер 40% жоғары.
Субсидиялаудың болмауы және тарифтер деңгейінің төмендеуі жеке
инвесторлар
үшін
қоғамдық
көлік
жобаларының
инвестициялық
тартымдылығын төмендетеді.
Билет беру жүйесі
2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, барлық қалалық бағыттарда «ОҢАЙ»
электрондық билет беру жүйесіне толық көшу жүргізілді. Жолаушылардың