107
ҮАК жолының бойындағы магистральдық көшелерді ұзарту кезінде және Абай
даңғылын күрделі жөндеу кезінде салынды.
Алматы қаласында 2011 жылдан 2016 жылға дейін 12 веложол салынды.
2.1.4.3.4 сурет. Веложолдардың жалпы ұзындығы және қамтылуы,
2015 ж.
Дереккөз:
баспасөз шолуы, сарапшылармен сұхбат
Велосипед инфрақұрылымының басқа да маңызды құрамдас бөлігі
велотұрақтардың болуы. Қаланың аумағында велотұрақтар әкімдік, бизнес
құрылымдары және қоғамдық бірлестіктердің күшімен орнатылады.
2015 жылы қаланың аумағында жалпы сыйымдылығы 700-900 орын
болатын шамамен 120 велотұрақ орналасты. Велотұрақтардың бұл саны
велокөлікті дамытуды шектейді, өйткені қаланың көлемінде велокөлікті
дамытудың ағымдағы жоспары кезінде жеткіліксіз болып табылады, бұл
салыстырмалы түрде басқа қалалардағы велотұрақтармен қамту деңгейін қарау
кезінде байқалады.
2.1.4.3.5 сурет. Велотұрақтардың саны және қамтылуы, 2015 ж.
Дереккөз: қалалар муниципалитеттерінің сайттары, сарапшылармен сұхбат
Велокөлікті дамытудағы үшінші фактор велосипедті жалға беру жүйесін
дамыту болып саналады. Қалада біріккен велосипедті жалға беру жүйесіне
қосылмаған жалға беру пункттері жұмыс істеуде. 2014 жылы қалада 30
велосипедке арналған велосипедті жалға берудің 2 стансасын орнату бойынша
пилоттық жоба іске асырылды. Велокөлікті одан әрі насихаттау үшін қаланың
108
ішінде ауқымды тұйық желіні құруға мүмкіндік беретін, велосипедті жалға
беру станциясының қажетті мөлшерін қалыптастыру қажет.
Велокөлікті дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жалпы
жолаушылар ағынында велокөліктің қомақты үлесіне қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
2016 жылы «Аlmaty bike» автоматтандырылған велосипедті жалға беру
жүйесі арқылы Алматы қаласында 50 велобекет орнатылды.
2.1.4.3.6 сурет. Жолаушылар ағынында велокөліктің үлесі, 2015 ж.
Дереккөз: баспасөз шолуы,
муниципалитеттердің сайттары, сарапшылармен сұхбат
Тұрақтар
Алматы қаласының әкімдігі ақылы тұрақтарды (автотұрақтарды)
ұйымдастыру бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру мақсатында ақылы
автотұрақтар желісін құру, тұрақ бойынша қызмет көрсету сапасын қамтамасыз
ету үшін жағдай жасау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көше-
жол желілерінің өткізу қабілетін арттыру, Алматы қаласының аумағында
қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына
және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Алматы қаласы
әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/945 қаулысымен бекітілген Алматы
қаласының ақылы автотұрақтарын ұйымдастыру қағидасы әзірленді.
Жер қатынастары басқармасы Алматы қаласы Сәулет және қала
құрылысы басқармасымен бірге ақылы автотұрақтарды ұйымдастыру үшін жер
учаскелерін белгілеген.
Қағидаға сәйкес ақылы коммуналдық автотұрақтарды (тұрақтарды)
жабдықтау, абаттандыру және пайдалану бойынша тендер өткізіледі, тендер
жеңімпазымен сенімгерлік басқару шарты жасалады. Шарттың талаптары
бойынша пайдаланушы ұйым құрал-жабдыққа, автотұрақты абаттандыруға
және пайдалануға жауап береді.
Алматы қаласының тұрақ инфрақұрылымын дамыту бойынша әзірленген
Кешендік жоспарға сәйкес 2015 жылдың 1 қарашасынан бастап тротуар
үлгісіндегі барлық автотұрақтарда ақы алуға тыйым салу енгізілген.
109
Пайдаланушы ұйымдармен бұрын (2013-2014 жылдары) жасалған
шарттар шарт міндеттемелерін орындамауға және салық заңнамасын көптеген
бұзушылықтарға байланысты бұзылды. Бұл тыйым сауда кешендерінің, ойын-
сауық мекемелерінің, әуежайдың, вокзалдардың аумағында және жер
учаскелерінде, басқа орналасқан жеке меншіктегі тұрақтарға қолданылмайды.
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы №2/168 Алматы
қаласының тротуар үлгісіндегі ақылы коммуналдық автотұрақтарын
(тұрақтарды) жабдықтау, абаттандыру және пайдалануды ұйымдастыру туралы
қаулысына сәйкес, «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС 2016 жылдың 21
маусымынан бастап Алматы қаласында тұрақ кеңістігінің бірыңғай
автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Аталған Жоба Алматы қаласын дамыту жоспарына сәйкес әзірленді.
Тұрақтардың толық автоматтандырылған жүйесі ең жоғарғы әлемдік
стандарттарға сәйкес келетін болады. Халықаралық тәжірибені егжей-тегжейлі
зерттеуге негізделген жоба бірнеше кезеңдерді қарастырады. Бірінші кезеңде
қаланың барынша кептелісі көп көшелер ақылы тұрақ аймақтарымен
қамтылатын болады, осылайша 2016 жылдың 21 маусымынан бастап мына
мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Зенков көшесі (Мақатаев және Жібек
Жолы көшелері арасындағы 64 тұрақ орны) орналасқан пилоттық жоба
тестіленуде.
2.1.4.3.3 кесте. SWOT - талдау
Күшті жақтары:
- салыстырмалы түрде дамыған көлік
инфрақұрылымы.
Әлсіз жақтары:
- қоғамдық көлік қызметтерінің төменгі
сапасы (бағыттардың жүйесіздігі,
жылжымалы құрам мен жүргізушілердің
жетіспеуі,
сондай-ақ Жолаушыларды және
багажды тасымалдау ережелерін бұзу);
- көлік кептелістері және қалаға сырттан
кіретін көлік санының көптігі.
Мүмкіндіктер:
- қалаға кіретін негізгі бағыттарда
автовокзалдар
мен автостанциялар салу;
- бағыттар карта/сызбаларын орнату, дәл
сол уақыт режиміндегі қоғамдық көліктің
кестесі бар
электрондық ақпараттық табло,
бейнебақылау камераларын орнату.
Қауіп-қатерлер:
- Алматы қаласында ластаушы заттардың,
шекті жол
берілетін нормасының
айтарлықтай өсуі;
- көлік санының артуы.
Түйткілді мәселелер:
- тұрақ кеңістігін ұйымдастырудың пысықталмаған нормативтік құқықтық
базасы.
Автожолдар