Тезисы выступления акима города



жүктеу 106 Kb.
Дата02.02.2020
өлшемі106 Kb.
#28016
түріБағдарламасы

2016 жылға Өскемен қаласының жергілікті атқару органдарының

жұмыс қорытындысы және 2017 жылға міндеттер бойынша тұрғындармен еесептік кездесуде қала әкімі Е.К. Аймұқашевтың сөз сөйлеу тезистері

 

Өткен жылы біздің барлық жұмысымыз мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын іске асыруға бағытталды, бірінші кезекте «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы, және «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» индустриалды-инновационалдық даму бағдарламалары.

Өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 949 млрд. Тенге деңгейіне жетті, қала экономикасына 949 млрд. теңге инвестиция салынды, олардың 76,8 % кәсіпорындар мен коммерциялық құрылымдардың меншікті қаражаттары.

Ауыл шаруашылығы және бөлшек сауда көрсеткіштері 2015 жылғыдан жоғары деңгейде қалыптасты. 29,1 % артық жаңа тұрғын үй салынды. Барлық деңгейдегі бюджетке салық түсімінің өсім қарқыны 150,4 % түсімі қамтамасыз етілді, соның ішінде жергілікті бюджетке – 111 %.

Жыл бойы 5,5 мың жұмыс орны құрылды, қала бойынша орташа айлық жалақы 9 % өсіп, 126,5 мың теңгені құрады.
Өнеркәсіп

Дайын өнімді шығарудың өсімі барлық салалар бойынша қамтамасыз етілді: металлургия, азық-түлік және құрылыс материалдарының өндірісі, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі, фармацевтика. Төмендеу негізінен машина жасау саласында қалыптасты: «Азия Авто» АҚ автомобиль өндірісі сәуір айында қайта жаңғыртылды, 2962 бірлік шығарылды, немесе 2015 жылғы деңгейден 43 %.

2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновационалдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 127,2 млрд. теңгеге 11 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін 4900 аса жұмыс орындарын құру белгіленді.



2015 жылы 3 жоба жүзеге асырылды («ӨК ТМК» АҚ, «Мелисса ЖШС, «Өскемен технологиялық жабдық зауыты» ЖШС) және 230 астам жұмыс орны құрылды, 2016 жылы 1,1 млрд. теңге көлемде инвестиция салумен және жаңадан 68 жұмыс орнын құрумен 2 жоба жүзеге асырылды («KazWoodGroup» ЖШС, «Вертеск-Восток» ЖШС).

Индустрияландыру Картасына енгізу үшін Үйлестіру кеңесінің жұмыс тобының отырысында жалпы сомасы 6,2 млрд. теңге 5 жоба қаралды («Өскемен Кірпіш» ЖШС, «Роса Востока» ЖШК, «Майра Лифт» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Құрылыс Гарант» ЖШС). Олардан «Казцинк» ЖШС жобасы (5 млрд. теңге) индустрияландыру Картасына енгізілді, «У-Ка Кирпич» ЖШС жобасы (300,0 млн. теңге) өңірлік Үйлестіру кеңесінің отырысында таныстырылды.



2017 жылға міндеттер:

Өндірістің көлемін 2,5-3 пайызға өсуін қамтамасыз ету, соның ішінде өткен жылдың желтоқсанында автопромда іске қосылған «Азия Авто» АҚ Лада жаңа модельдерінің есебінен.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу бойынша «Вертекс-Восток» ЖШС және «ТАГ-ТИН» ЖШС жобаны іске асыру бойынша зауытын жобалық қуатқа шығу.

Үйлестіру кеңесіне қарастыруға 7 кем емес инвестициялық жоба енгізілсін.


Ауылшаруашылығы

2016 жылға ауылшаруашылығы жалпы өнімін шығаруы 12,9 млрд. теңгені құрады, 2015 жылғыдан 3,1 % өсіммен. Ет және сүт өндірісі артты.



«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге субсидиялаудың барлық түрлері арқылы 2016 жылға 101,4 млн. теңге төленді.

2017 жылға міндеттер:

Ауылшаруашылығы өнімін шығару өсу қарқынын 105 пайыз шегінде қамтамасыз ету.

Алдағы екі жылда келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:

- меншік қаражат есебінен «АльЖан АгроТрейд» ЖШС жылы жай кешенін кеңейту,

- «Зеленстрой» ЖШС топинамбурды өсіру және тереңдеп өңдеу,

- «Восток Агро Холдинг» ЖШС майлы дақылдарды өңдеу бойынша зауыттың құрылысы,

- Локотош С. В ЖК мал жемдейтін алаңша және мал сою цехымен «Тірі мал базары» малды сату және сою бойынша базардың құрылысын аяқтау

- шошқа шаруашылығы үшін «Родничок» ШҚ мал сою цехының құрылысы,

- «Пасека» ШҚ балды қатты бойынша жабдықты монтаждау және цехтың құрылысын аяқтау,

- «Өскемен тоған шаруашлығы» ЖШС құртшабақтың өндірісі үшін тоғанақты балыққа толтыру және өндірісті кеңейту есебінен 500 тоннаға дейін тауарлы балық және 500 мыңға дейін еркек шабақтарды жүзеге асыру өндірісін кеңейту,

- Өскемен қаласының су қоймасы акваторияларныда форель балығының шабақтарын өндіру, «Авитатор 2000» ЖШС-де 300 тоннаға дейін тауарлы балықты өсіру және өңдеу, сондай-ақ 75 тоннаға жуық қызыл уылдырықты өндіру.



Инвестициялар

2015 жылы қалыптасқан елеулі экономикалық қауіп-қатерлер мен әлемдік нарықтардағы қолайсыз жағдайға қарамастан өткен жылғы негізгі капиталға салынған инвестициялар 76,8 млрд. теңгені құрады. Келесі объектілер енгізілді «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургиялық кешенінің сервистік цехының оттегі-аргон бөлімшесі, 19 тұрғын ауданда 1000 орынға мемлекеттік тілде білім беретін мектеп, Пермитин көш. бойында қонақ-үй кешені ашылды, Орталы базар ауданында сайда үйі, және басқа да 60 шақты шағын бизнес саласындағы объектілер енгізілді (кафе, ТҚКС, дүкендер, кеңселер, өндірістік ғимараттар). Жобаға түзету және қосымша келісу қажеттілігіне байланысты «Азия Авто Қазақстан» АҚ жобасы бойынша жоспарланған инвестициялар шығындары қалыптасты.

ЕҚҚДБ серіктестік шеңберінде Өскемен қаласы бойынша жалпы сомасы 97,1 млрд. теңгеге 21 инвестициялық жоба ұсынылды.

Олардан 24,6 млрд. теңгеге кредиттік шартқа және жобаларды қаржыландыру туралы алдын ала шартқа қол қойылды, олардың ішінде:

- «Өскемен қаласының су тарту және сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша кредиттік шарт.

- алдын ала қаржыландыру туралы келісім, келесі жобалар бойынша: «Өскемен қаласындағы көшелік жарықтандыруларды энергия үнемдеуіш лампаларға ауыстыру», «Өскемен қаласында жылумен жабдықтау желілерін жаңарту», «Өскемен қаласында қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту», «Өскемен қаласының әуежай кешенін қайта құрылымдау».

Сондай-ақ концессия әдісімен іске асырылатын жоба жоспарлануда:

- «Өскемен қаласында 300 орынды көп салалы аурухана құрылысы».

Жоба бойынша жер учаскелері бөлінді, әлеуетті инвесторлармен тиісті жұмыс жүргізілуде.
2017 жылға міндеттер:

Бірқатар маңызды коммерциялық және әлеуметтік жобалар бойынша: «Азия авто Қазақстан» АҚ зауытының, Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Неке қию Сарайының, «Диамант» қонақ үйінің, Киров көш. бойында кеңсе жайларымен әкімшілік ғимарат құрылысын жалғастыруға күрделі қаржы бөлу жоспарланған. Бұл біздің 2017 жылға резервтер.

Индустрияландыру Картасының объектілері бойынша инвестиция көлемі 530 млн. теңгеден астам, 130-дан астам жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Кәсіпорынның қытай компаниясымен бірлесіп жылына қуаттылығы 200 тонна жылу бөлгіш құрамалар шығару бойынша «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС жобасын іске асыру жалғасуда.

ЕҚҚДБ қаржыландыруы шеңберінде «Су тарту және сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту», «Жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту», «Өскемен қаласындағы көшелік жарықтандыруларды энергия үнемдеуіш лампаларға ауыстыру» жобаларын іске асыру бойынша жұмыстарды бастау.
Бюджет

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге түсімдердің өсімі қамтамасыз етілді: 2016 жылға мемлекеттік бюджетке 252,1 млрд. теңге, 150,4 өсімм қарқынымен түсті, жергілікті бюджетке 42,8 млрд. теңге, 111 % өсім қарқынымен аударылды. Жергілікті бюджетке ішкі резервтерді анықтау есебінен қосымша 416,8 млн. теңге салық аударылды.

2017 жылға міндеттер:

2017 жылға салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны 110 % деңгейінде болжануда.


Сауда

Бөлшек сауда көлемі артып келеді, ол 379,4 млрд. теңгені құрады, 2015 жылғы ға өсу қарқыны 102,3 %.

2016 жылдың қорытындысы бойынша инфляция айтарлықтай төмендеді, ол 8,3 пайызды құрады, 2015 жылы бағалардың өсімі 13,2 пайызды құрады.

Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында қаланың атқарушы органдарымен бірқатар шаралар қабылданды:

-базарлармен, көтерме саудамен өткізушілермен, жергілікті тауар өндірушілерімен, ауыл шаруашылығы құрылымдарымен және жеке кәсіпкерлермен жасалған 409 меморандумдар қолданыста;

- қоғамдық бірлестіктер, Нұр Отан партиясымен бірлесіп, өсімнің себебін анықтау және шара қабылдау ірі дүкендер және базарлар бойынша күнделікті баға мониторингі жүргізіледі,. Қант бағасының негізсіз өсуіне тұрғындардың шағымдар бойынша Монополияға қарсы комитетке өтінімдер жолданды, қарау нәтижелері бойынша ірі жеткізушілерге айыппұлдар салынды, баға төмендетілді;

- қаланың 25 дүкендерінде әлеуметтік бөлімдер жұмыс жасайды, соның ішінде 2016 жылы шалғайдағы аудан тұрғындары үшін 2 жаңа бөлім ашылды (Согра және Аблакетка);

- «Жәрдем» базарының аумағында азық-түлік өнімдерін көтерме сауда арқылы сататын бір сауда орныны ашылды, оларды ең төменгі сауда үстемесімен іске асыруды жүргізіледі. Олардың санын арттыру жоспарлануда;

- тұрақтандыру қорына қараша айынан бастап мамыр айына дейін қаланың 72 сауда орындарында іске асыру үшін 2,5 мың тонна көкөніс өнімдері сатып алынды, олардан 13 орыны сауда үстемесін қолданбай және 10 % сауда үстемесін қосумен, яғни сәйкесті 50 және 55 теңге бойынша «Ертіс» ӘКК. Өткен жылмен салыстырғанда баға 30 % төмендеді. «Ертіс» ӘКК сауда орындарын 20 дейін арттыру жоспарлануда.

-Апта сайын ММС, «Венера» базары, «ФрешМаркет» СЛО аудандарында және де Согра, Прохладный, Аблакетка шағын аудандарында, Шығыс ауылы, ЖМК демалыс күн жәрмеңкесі өткізіледі;

- Глубокое ауданының ірі нан-тоқаш өнімдерін өндіруші шақырылды, оған жеңіл бағамен сату сауда орынданы ұсынылды, 60 теңге бағасымен сатылады. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 4 наубайхана ұйымдастыруға шағын кредиттер бөлінді.
2017 жылға міндеттер:

Бөлшек тауарайналым көлемінің өсім қарқынын 107 % кем емес қамтамасыз етілсін.

Тұтынушылық баға деңгейін тежеу бойынша барлық шаралар қабылдансын.
Шағын бизнес

Шағын бизнес саласындағы белсенді кәсіпорындар саны 3117 бірлікті құрады, шағын және орта бизнес саласында шамамен 30 мың адам жұмыс жасайды. Өткен жылы «2020 Бизнестің жол картасы» біріңғай бағдарламасы бойынша 7,5 млрд. теңге сомаға 2015 жылғы көлемнен 12 % өсіммен 56 кәсіпкерлердің өтініштері қаралды, 258 жұмыс орындарын құрумен:

Бірінші бағыт бойынша – 1,7 млрд. теңгеге 8 жоба, 47 жұмыс орны;

Екінші бағыт бойынша – 5,8 млрд. теңгеге 48 жоба, 211 жұмыс орны;

Төрт кәсіпкерге: WeddingGorp ЖК көрсету залы бар кесте тігу бойынша ательесін ашуға, Кусаинова ЖК жылыжай шаруашылығын ашуға, «Тулепов и К» ЖШС кілем және кілем бұйымдарын химиялық тазарту цехын ашуға, Маратқызы ЖК көрпе тігу бойынша цех ашуға грант берілді.

2016 жылы кәсіпкерлер үшін «Өңірлік кәсіпкерлер форумы», «Өнімділік 2020» Бағдарламасы бойынша семинар-тұсаукесер, «Алтай Invest-2016» Халықаралық инвестициялық Форумы, «Үздік кәсіпкер» конкурсы ұйымдастырылды.

2017 жылға міндеттер:

Ағымдағы жылы «2020-Бизнестің жол картасы» Біріңғай бағдарламасы шеңберінде 60 жаңа жобаны қарау жоспарлануда.

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру үшін «2016 жылғы үздік кәсіпкер» конкурсы ұйымдастырылсын және өткізілсін.
Құрылыс

2017 жылға құрылыс жұмыстардың көлемі 35,8 млрд. теңгені құрады, пайдалануға 181,9 мың шаршы мерт тұрғын–үй 2015 жылға 29,1 % өсіммен енгізілді. Құрылыс бөлімінің, Қазақстан ипотекалық компаниясының, «Ертіс» ӘКК, «Самрұқ Қазына» және де жеке құрылысшылардың (Ривьерра тұрғын кешені) желісі бойынша жалпы алаңы 150,5 мың шаршы метр 22 көпқабатты үйлер және 31,4 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы тапсырылды.

2016 жылға міндеттер:

2017 жылы пайдалануға шамамен 218 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарлануда.

Жеке салушылар есебінен 2017 жылы Машиностроительдер көш. бойындағы тұрғын үй, «Ривьера», «Өскемен құрылыс» ЖШС, «Темір-бетон комбинаты» ЖШС тұрғын үй кешені бір бөлігі пайдалануға беріледі.

Транспорттық инфрақұрылым және абаттандыру

2016 жылы көшелер мен жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 647,6 млн. теңге көлемінде бюджеттік қаражаттар бөлінді және игерілді. Жалпы ұзындығы 13 км 16 көшеде жұмыс жүргізілді. 165 млн. теңге сомаға жалпы көлемі 54,3 мың м3 150 учаскелерде шұңқырларды жөндеу бойынша жұмыстар орындалды.

20 шағын сәулет нысандары орнатылды.

Жабдықтарын толық ауыстыра отырып, 10 лифтке 70,8 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мүгедектердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында реттелмейтін 7 жаяу жүргіншілер өткелінде жарықдиодты жол белгілері және бағдаршам объектілерінің 3 орындарында дыбыстық дабыл бергіштер орнатылған. Крылов -Протозанов көшелері, Астана-Дзержинский көшелері қиылысында бағдаршам объектілері орнатылған.

Қар күрейтін техникалардың санын көбейту үшін 10 МТЗ трактор, 2 тиегіш және 2-шағын погрузчик сатып алынды.

2017 жылға міндеттер:

Жол желісін дамыту бойынша ауқымды бағдарламалары біздің жоспарда, келесі жобаларды іске асыру басталады:

- Лопатино аралы ауданында Ертіс өзені арқылы өтетін көпірден Ахмер ауылына дейін автокөлік жолдарын қайта құрылымдау;

- Өскемен қаласында Әуезов даңғылынан Даңқ мемориалына дейін Славскиий атындағы жағалауды қайта құрылымдау;

- Сәтпаев даң. қиылысында оң жақты бұрылуын құрастырумен Жібек Жолы көш. қайта құрылымдау;

- Даңқ мемориалынан Орджоникидзе көш. қиылысындағы Үлбі өзенінен өтетін көпірге дейін Протозанов көш. қайта құрылымдау;

- Үлбі өзені арқылы өтетін көпірдің тұсындағы Тәуелсіздік даңғылынан Потанин көш. дейін Астана көш. аумағын қайта жаңарту және абаттандырды дамыту.

«Өскемен қаласында Қазақстан көшесі қиылысындағы Ертіс өзені арқылы көпірді қайта құрылымдау» жобасы бойынша қозғалыс жолақтар санының 8-ге дейін ұлғаюына байланысты жұмыс жобасын түзеу жоспарланды. Сәтпаев- Жібек Жолы көш. қиылысында жол айырығының орнатуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу жоспарлануда.

2017 жылы 7 жаңа бағдаршам нысандарын орнату жоспарлануда.

Көп қабатты тұрғын үйлерде 14 лифттерді күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Қала мектептеріне іргелес аумақтарды жарықтандырумен қамтамасыз етуге 60 млн. теңге бөлінді.

Аулаішілік аумақ және квартал ішілік жол бөлігінің орташа және ағымдағы жөндеуіне 150 млн. теңге қарастырылды.

Екі жылы аялдамаларды жайластыру жоспарланды.

Жолдарды орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді.

Қиыршық тас жолдарды жөндеуге қалалық бюджеттен 40 млн. теңге қарастырылды.

Келесі жобаларға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу басталуда:

-«Өскемен-Таврия» автокөлік жолына шығатын Виноградов көшесі бойында Ертіс өзені арқылы көпір құрылысы»;

- «ШҚО Өскемен қаласында Вешний переулок көшесін қайта құрылымдау».

Келешекте екі ірі жоба жүзеге асыру жоспарда:

-Самар тас жолына шығатын Қ.Сәтпаев даңғылы бойында және Алматы тас жолына шығатын К.Маркс даңғ. бойында транспорттық инфрақұрылым құрылысы.



Коммуналдық шаруашылық

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қаланың кәріз тазарту қондырғыларын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде арнайы ерітінді көмегімен жағымсыз иісті бейтараптандыру үшін «Ылғалды барьер» құрылғысы бойынша жобаны әзірлеуге «Востокагропромпроект» ЖШС меморандум жасалды. Бұл Ертіс өзеніне және ауаға жағымсыз әсерін азайтуға, қаланың кәріз жүйесінің жұмысын тұрақтандыруға және электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.

2016 жылы электрмен қамтамасыз ету бойынша: Ахмер а. және Бажов көш.-Мотовозная-Вытяжной тұйық көш. желілерінің ағымдағы жөндеуі.

2016 жылдың соңында Меновной а. сумен қамту желісін қайта құруға (2 кезек) және Ахмер а. сумен қамту желісін қайта құруға (2 кезек), Меновное а. кәріз желісінің құрылысына, Северный ауылдарында суменқамту желісін қайта құру және Октябрь су тоғанын қайта құруға ЖСҚ әзірлеу аяқталды.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша Менделеев көшесі бойында жылу трассасын қайта құру бойынша және №3 қазандықтан «Промбаза» тұрғылықты ауданға дейін жылу трассасының құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ 2016 жылы келесі бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді:

- «18 тұрғылықты ауданында (Үлбі ауылы) сумен қамту және кәріз жүйесі желілерінің құрылысы»;

- «Өскемен қ. Оңтүстік-Ауыл көшесі бойында сутартқыш желісінің құрылысы»;

-«Өскемен қаласы № 2 қазандықтан 19 тұрғылықты ауданға дейін магистралды желілерінің құрылысы»;

- «Өскемен қ. Ленинагорский көшесі бойында сорғы бекеттін қайта құрылымдау».

2017 жылға міндеттер:

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бұрын басталған объектілерді аяқтау және Өскемен қаласы Үлбі ауылында жылумен жабдықтау бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар:

- Солтүстік-Атаман және Төменгі Согра су бөгеттерін қайта жаңарту (2 кезек);

- Байбатчин көшесіндегі № 30 КСС канализациялық коллекторды реконструкциялау (траншеясыз әдіспен);

- Прохладный ауданында Щербаков к. бойына жылумен қамту трассасының құрылысы;

- Сәтпаев даң. бойында жауын канализациясының магистралды коллекторының құрылысы.


Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

2016 жылы жұмыстың негізгі назары халықты әлеуметтік қолдаудың белсенді нысандарын қолдануға бағытталған, 8 мыңнан астам адам қамтылды.

Жұмыспен қамту мәселесі бойынша өтініш еткен 7817 адамнан 6273 адам жұмысқа орналастырылды, немесе 80,3 %. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға ресми тіркелген жұмыссыздар саны 636 адамды құрады, 2016 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 251 адамға төмендеді.

Қоғамдық жұмыстарға 1291 жұмыссыз жолданды, жастар тәжірибесіне – 162, әлеуметтік жұмыс орындарына – 130, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға – 247 еңбекке қабілетті тұрғындар жолданды. 5506 жұмыс орындары құрылды.

118 кәсіпорын қатысуымен 2 жалпы қалалық және 47 шағын жәрмеңкесі өткізілді, онда жұмыс іздеп жүрген 134 азаматтармен еңбек келісім шарттар жасалды.

Жылдың аяғында аз қамтылған азаматтар саны 1658 адамды құрады. Мұқтаж азаматтарды қолдауды қамтамасыз ету үшін 699 отбасыларға 15,3 млн. теңге тұрғын үй көмегі төленді, 26 отбасына 3,3 млн. теңге-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 809 балалалы 321 отбасына 9,3 млн. теңге 18 жасқа дейін балаларға арналған жәрдемақы төленді. «Өрлеу» жобасының аясында 82 отбасына 10,7 млн. теңге ақшалай көмек тағайындалды.

«Бизнестің жол картасы-2020» іске асыру жалғасуда:

Бірінші бағыт бойынша 4 жоба жүзеге асырылды («Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ төбесін ағымдағы жөндеу, «Өскемен қаласының мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектебі» КММ жылыту жүйесін күрделі жөндеу, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу – өндірістік комбинаты» КММ алдыңғы жағын ағымдағы жөндеу, Стахановская көш. бойындағы екі спорт залдарын ағымдағы жөндеу), 16 жұмыс орны құрылды.

Екінші бағыт бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚФ арқылы 95,0 млн. теңге сомада 33 адам шағын несие алды, 6 жоба іске асырылып, 20 жұмыс орны құрылды.

Үшінші бағыт бойынша кәсіптік даярлауға 339 адам жолданды, соның ішіне жұмыс берушілер үшін 155 адамға ұсынылған мемлекеттік гранттарды қосқанда; жастар тәжірибесіне 150 түлек жолданды, әлеуметтік жұмыс орындарына 222 адам жолданды. Айырылып қалған табыстың үштен екісімен «Востокмашзавод» АҚ 402 білікті қызметкері уақытша субсидиялаумен қамтылды.

Егде жастағы азаматтардың, мүгедектердің аз қамтылған үлесі сақталады. Мәселені шешу үшін аулаларды аралау бойынша электронды деректер базасы әзірленді, шартты қаржылай көмек көрсету бойынша «Өрлеу» жобасы жүзеге асырылуда.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мәселесін шешу үшін 65 объект бейімделді, 93 төлқұжаттандыру жүргізілді.

2017 жылға міндеттер:

-әлеуметтік және көлік саласына 65 объектіні бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізу.

-80- кәсіптік оқуға, 383-қоғамдық жұмыстарға, 250-әлеуметтік жұмыс орындарына, 250- жастар тәжірибесіне жолдау;

- жұмысқа орналастыру деңгейін өткен жылдан төмендетпей қамтамасыз ету.


Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласында бала өлімінің көрсеткіші 3,5 % төмендеді, 1000 тірі туған баладан 8,2 жағдайды құрады, 2016 жылы Өскемен қаласы бойынша ана өлімі тіркелген жоқ. Туберкулезбен ауырғандардың көрсеткіштері 30,9 % төмендеді, туберкулез бойынша өлім 17,2 % қысқарды.

Ауруларды ерте сатысында анықтау үшін халықты скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу жалғасуда: өткен жылы барлығы 161,4 мың адам немес халықтың 48,5 % қараудан өтті.

2016 жылы 48 жас маман дәрігер жұмысқа кірісті.

2017 жылға міндеттер:

- тұрғын үй бөле отырып, қаланың денсаулық сақтау мекемелеріне дәрігерлерді тарту бойынша жұмыстар жалғастырылсын;

- Куленов атындағы кентте халықтар достығы көш. бойындағы ғимаратты емханаға қайта құрылымдау;

- жедел медициналық көмек үшін жылжымалы құрамды жаңарту.


Білім беру

Бүгінгі таңда балалар ыңғайлы, жайлы, қазіргі заманғы жағдайында оқып үйренуі қажет, сондықтан біз қомақты бюджеттік қаражатын білімге жұмсаймыз. 2016 жылы саланы қаржыландыруға бюджеттен 11,9 млрд. теңге бөлінді, ол 2015 жылға қарағанда 2,4 млрд. теңгеге артық. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін 218,2 млн. теңге сомада қаражат бөлінді, 2015 жылғыдан 2,6 есе өсіммен, оның ішінде: пәндік кабинеттерді алу үшін 69 млн. теңге, бейнебақылау қондырғыларын орнату үшін 23 млн. теңге, № 42 және 46 мектептеге 2 автобус сатып алу үшін 17,4 млн. теңге.

1-11 сынып оқушыларының саны 33,5 мың оқушыны құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 2,7 мың оқушыға артты. Тегін ыстық тамақпен тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігінен балалардың 100 % қамтылды.

Электрондық поштаға және Ғаламтор желісіне мектептер 100% қосылды, барлық мектептер «Кателко плюс» оқу телевидениясының қызметін пайдалану үшін қажетті жабдықпен толық қамтамасыз етілген.

2016 жылы ҰБТ орташа балы 86 дан 86,6 көтерілді. «Алтын белгі» жалпы орта білімі туралы аттестат 36 түлек алды.

1 ден 6 жастағы мектепке дейінгі білім берумен балаларды қамту 91,4 % және 3 тен 6 жастағы – 99,4% құрады.



2016 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 422 орын ашылды. Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында жекеменшік балабақшаларға білім беру тапсырысы 3847 орынға орналастырылды.

2017 жылға міндеттер:

19 тұрғын ауданда, Ахмер а. жаңа мектептер салу, Согра ауданындағы № 23 мектепке жалғастыра ғимарат салу.

3 балабақша құрылысы, соның ішінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы меморандум аясында 140 орындық балабақша (AES компаниясы) және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 500 орынды 2 балабақша құрылысы.


Қоғамдық қауіпсіздік

Өткізілген жедел-профилактикалық мақсатқа бағытталған іс-шаралар қылмыс деңгейін 2,5% төмендетуге мүмкіндік берді (9 607 ден 9 365 дейін), сонымен бір мезгілде жалпы қылмыстарды ашу 3,7% артты (53,9 %-дан 57,6 %-ға дейін).



Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын іске асыру барысында 21 695 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды және жойылды.
2017 жылы өнеркәсіпк өндірісінің көлемі кемінде 2,5 %-ға, ауылшаруашылығы өнімін шығаруды – 5 %-ға, тұрғын үй енгізуді – 20 %-ға, жергілікті бюджетке түсімдерді – 10 %-ға артуын қамтамасыз ету қажет.
жүктеу 106 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау