Vi сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII кезектен тыс сессиясының 2017 жылғы № шешіміне қосымша



жүктеу 2,96 Mb.
Pdf просмотр
бет28/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,96 Mb.
#25603
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66

82 
 
Дереккөзі:  Алматы  қаласы  Тілдерді  дамыту  басқармасының  және  Алматы 
қаласы Білім басқармасының мәліметтері  
 
2.1.2.7.2-кесте. SWOT-талдауы 
Күшті жақтары: 
- Алматы қаласында мемлекеттік 
тілдің әлеуметтік-коммуникативтік 
қызметтері бар тиімді толерантты 
тілдік орта. 
 
Әлсіз жақтары: 
- қоғамдық өмірдің барлық 
саласында мемлекеттік тілдің аз 
қолданылуы, тұрғындардың 
мемлекеттік тілді меңгеруге деген 
қызығушылығын жоғарылату 
жұмыстары қажетті деңгейде 
жүргізілмейді. 
 
Мүмкіндіктері:  
- Алматы халықаралық туризм мен 
бизнес үшін барынша ашық және 
түсінікті қала болуға ұмтылады. Ол 
үшін ең кемінде 3 тілді (қазақ, орыс 
және ағылшын тілдерін) 
меңгерумемлекеттік орган 
қызметкерлері мен қаланың қызмет 
көрсету секторы 
еңбеккерлерініңмашықтану 
дағдыларын қалыптастырудың және 
біліктілік деңгейін көтерудің ең 
маңызды бөлігіне айналады. 
 
Қауіп -қатерлер: 
- тұрғындардың басым көпшілігінің 
мемлекеттік тілге деген 
қызығушылығының төмендігіне 
байланысты тілді меңгеру кезінде
сондай-ақ іс-қағаздарын жүргізуде 
айтарлықтай шектеулер болуы 
мүмкін. 
 
 
Түйткілді мәселелер: 
- мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік  тілді  меңгеруге  бағытталған 
жұмыстар  және  іс-қағаздарын  мемлекеттік  тілге  толық  көшіруді  аяқтау 
жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмейді; 
- мемлекеттік  тілді  меңгерген  және  оны  қызмет  барысында  қолданатын 
мамандарды көтермелеу жұмыстары іске асырылмайды; 
- ағылшын тілін дамытуға аз көңіл бөлінуде, келешекте бұл салаға ерекше 
көңіл бөлінуі қажет.  
-  
-  
 
2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық  тәртіп 
 


83 
 
2014  және  2016  жылдардағы  Алматы  қаласы  аумағындағы  жедел 
жағдайды 
талдай 
отырып, 
осы 
кезең 
криминогендік 
жағдайдың  
тұрақтылығымен сипаталатынын атап өткен жөн. 
Ішкі  істер  департаменті  соңғы  үш  жылда  қылмысты  тіркеу  мен  есепке 
алуды  түбегейлі  өзгертуге,  қылмыспен  күресуге  және  құқық  бұзушылықтың 
алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. 
Егер  2014  жылы  –  60211,  2015  жылы  70098  қылмыс  тіркелсе,  ал 
қабылданған  ескерту  шаралары  барысында  2016  жылы  олардың  саны  
4,5%-ға төмендеген, яғни 70098 қылмыс. 
2015  және  2016  жылдардағы  жалпы  қылмыстық  қылмыстардың 
статистикалық  өсуі  Алматы  облысының  23,2  мың  гектар  аумағының  қала 
шекарасына  қосылуынан және  тұрғындар санының 10%-ға (1552349 адамнан 
1699714 мыңға) көбеюінен туындап отыр. 
2016  жылы  Алматы  қаласының  үлесіне  республикада  тіркелген 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  19,2%    тиесілі,  республика  бойынша  - 
348849
Қылмыс  жасаған  11169  адамның  46,2%  (5159)  республиканың  көрші 
өңірлерінің тұрғындарына тиесілі. 
 
2.1.3.1. сурет.  Қылмыс жасаған тұлғалар 
 
 
 
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және 
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 
 
Ауыр  және  аса  ауыр  қылмыстарды  ашу  бойынша  мақсатты  бағытталған 
жұмыстар жүргізілді. 
Нәтижесінде,  ауыр  қылмыстардың  ашылуы  2014  жылы  -  27,7%,   
2015 жылы - 31,7 %, 2016 жылы - 39,2 %, аса ауыр қылмыстар 2014 жылы - 
76,2%, 2015 жылы - 85,0 %, 2016 жылы  85,7 % құрады 
2016  жылдың  қорытындысы  бойынша  барлық  желілер  бойынша 
қылмыстың  ашылуы  1,9%-ға  (21,3%-дан  23,2%-ға)  жақсарған.  Кісі  өлтірудің 
ашылуы  -  90,4%  (+0,6%),  қасақана  денсаулыққа  ауыр  зиян  келтіру  -  88,2%  
(+5,5%),  қарақшылық  -  66,9%    (+7,8%),  зорлау  -  90,0%    (+10,7%),  


84 
 
тонау  -  27,1%    (+6,5%),  бөтеннің  мүлкін  ұрлау  -  24,2%    (+3,8%),  пәтерлерді 
тонау - 31,6%  (+7,9%), бопсалау - 86,7%  (+8,4%), алаяқтық - 46,1%  (+9,6%), 
бұзақылық - 34,3%  (+7,8%). 
Қалада  криминалдық  белсенділікті  төмендету  мақсатында  қарақшылық 
шабуылмен  -  50  (2015  жыл  -  54),  тонаумен  -  135    (2015  жыл  -  126),  пәтер 
тонаумен  -  54  (2015  жыл  -  46),  көлікте  -  57  (2015  жыл  -  49),  қоғамдық 
орындарда  жеке  мүлікті  ұрлаумен  -  69  (2015  жыл  -  61),  көлік  ұрлаумен  және 
айдап кетумен - 15 (2015 жыл - 14) айналысатын топтардың қылмыстық жолы 
кесілді. 
540  есірткі  құқық  бұзушылығы,  оның  ішінде  212  есірткі  өткізумен 
байланысты бұзушылықтар анықталған. 
2016 жылы қабылданған мәжбүрлеу шараларының нәтижесінде аса ауыр 
қылмыс 41,1%  (209-дан 123-ке), ауыр  19,6%  (6467-ден 5201-ге), кісі өлтіру 
23,9%  (88-ден  67-ге),  қарақшылық  33,7%  (205-тен  136-ға),  қасақана 
денсаулыққа  ауыр  зиян  келтіру  17,9%  (195-тен  160-қа),  тонау  8,7%   
(3016-дан  2755-ке),  пәтер  тонау  2,7%  (8184-тен  7967-ге),  зорлау  41,0%   
(307-ден  181-ге),  бұзақылық  46,5%  (4047-ден  2164-ке)  қылмыстардың  саны 
қысқарған. 
Қоғамдық  орындарда  жасалған  қылмыстардың  серпіні  келесідей:  2014 
жылы  -  29664,  2015  жылы  -  30830,  2016  жылы  -  32268,  көшеде  жасалғандар 
2014 жылы - 17351, 2015 жылы - 18317, 2016 жылы - 20806
Алматы  қаласында  қоғамдық  тәртіпті  қамтамасыз  етуге  тәулік  сайын 
2377  полиция  қызметкері  және  ҚР  ІІМ  Ұлттық  Ұланының  әскери 
қызметкерлері  қойылады,  олар  600-ге  дейінгі  патрульдеу  маршруттарын 
қамтиды, оның ішінде 330 автомобильдік және 270 жаяу бағыттар, тәулік бойғы 
режимде 19 стационарлық бекет жұмыс істейді. 
Бүгінгі  күні  көшедегі  қылмыстың  алдын  алудың  негізгі  тетігі  әкімшілік 
құқық  бұзушылықтың  жолын  уақтылы  кесу  (негізінен  бұл  кішігірім 
бұзақылықтар, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу фактілері), сондай-ақ 
олардың жасалуына мүлдем төзбеушілік таныту болып табылады. 
«Мүлдем төзбеушіліктің» қағидаты бойынша әкімшілік жауапкершілікке 
135749 құқық бұзушы тартылған (2015 жылы - 128566). 
Құқықтық тәртіпті бұзу мен қауіптіліктің негізгі көзіне  тұрақты табысы 
жоқ, бұрын сотталған және басқа қаладан келген тұлғалар жатады.  
Талдау 
көрсеткендей,  2016  жылы  қылмыстық  жауапкершілікке  11169  (2015  жыл  - 
10170)  тұлға тартылған, 4553 (2015 жыл - 4177)  немесе   82,9% Қазақстанның 
басқа  өңірлерінің  тұрғындары,    606  немесе  5,4%  -  шетелдіктер  (2015  жыл  - 
623),  436  немесе  3,9%  -  тұрақты  мекенжайы  жоқ  тұлғалар(2015  жыл  -  201) 
құрайды. 
Бұрын  қылмыс  жасағандар  жасаған  қылмыстың  серпінін  талдау  2014 
жылы - 1003, 2015 жылы  - 2001, 2016 жылы – 2271  қылмыс тіркелгенін, яғни 
13,5%-ға өскендігін көрсетті.   
Бұрын  2013-2014  жылдары  жасалған  қылмыстардың  үлес  салмағы 
тұрақты  деңгейде  болып,  8,4%  құраған,  2015  жылы  статистикалық  есепке 


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау