Vi сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII кезектен тыс сессиясының 2017 жылғы № шешіміне қосымша



жүктеу 2,96 Mb.
Pdf просмотр
бет24/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,96 Mb.
#25603
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66

71 
 
 
 
Түйткілді мәселелер: 
 
 ішкі  еңбек  мигранттары  мен  жоғары  оқу  орындарының  түлектері 
есебінен еңбек ресурстарының тым артуы; 
- қажетті  еңбек  нарығының  есебінсіз  жоғары  оқу  орындарында  мамандар 
дайындау; 
- жұмыс  күшінің  сұранысы  мен  ұсынысының  үйлесімсіздігі,  еңбек 
нарығының  заманауи  талаптарына  сай  келетін  білікті  жұмыс  күшінің 
жетіспеушілігі; 
- жастар  арасындағы  жұмыссыздықтың  айтарлықтай  жоғары  деңгейі, 
негізінен  бірінші  рет  еңбек  нарығына  кіретін  жас  мамандарды  жұмысқа 
орналастыру  мәселелері  әсерінен,  аталған  мәселені  шешу  үшін  кешенді 
шараның болмауы; 
- еңбекке  жарамды  мүгедектерді  жұмыспен  қамту  үшін,  мүгедектерге 
жұмыс орнының болмауы; 
- мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларға  әлеуметтік  және  көлік  инфрақұрылым 
нысандарының қолжетімділік деңгейінің төмендігі; 
- арнайы  әлеуметтік  қызметті  қажет  ететін  психожүйкелік  аурулары  бар 
мүгедектерге әлеуметтік медициналық мекемелерде орынның жеткіліксіздігі. 
2.1.2.4. Мәдениет 
Қала республикамыздың мәдени орталығы болып табылады. Мұнда 100-
ден  астам  мәдениет  және  демалыс    мекемелері  орналасқан,  оның  ішінде  24 
музей,  31  кітапхана,  18  театр,  23  кинотеатр,  1  цирк,  1  зообақ,  10  концерттік 
ұйым,  сондай-ақ  бірқатар  жеке  галереялар  мен  өзге  этно-мәдени  орталықтар 
орналасқан. Бұдан басқа, қалада тарих пен мәдениеттің 136 ескерткіші бар.   
Соңғы  жылдары  ұлттық-мәдени  іс-шараларды  қолдауға  ерекше  назар 
аударылуда.  Олардың  арасында  Халықаралық    жыршы-термешілердің  «Ұлы 
дала  елі»  фестивалін,  дәстүрлі  музыканың  «Әуенмен  тербелген  1000  жыл» 
фестивалін,    суырып-салма  ақындардың  айтысын,  Ықылас  атындағы  Ұлттық 
музыкалық  аспаптар  музейі  негізінде  шығарылатын  «Інжу  маржан» 
телевизиялық бағдарламасын атауға болады.  
Қалада  тұрақты  негізде  тарихи-мәдени  мұраны  сақтау  бойынша 
жұмыстар атқарылуда, оның ішінде мәдениет мекемелері мен ескерткіштердің 
құрылысы, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары. Мысалы, 2015 жылы 2 
тарих пен мәдениет ескерткіштері ағымдағы жөндеуден өтті, нақты айтқанда Ә. 
Жангелдиннің ескерткіші мен «Қазақ Мемлекеттік циркі» КМҚК ғимараты.  


72 
 
Жөндеу  жұмыстарын  жүргізумен  қатар,  соңғы  3  жылда,  ҚР  Үкіметінің 
Қаулысына  сәйкес  жаңа  ескерткіштер  де  бой  көтерді.  Олардың  ішінде:  Әди 
Шәріповтың ескерткіші, Сүйінбай Аронұлының және Малбағар Мендіқұловтың 
ескерткіші,  Чернобыль  АЭС  апатының  салдарын  жоюшы  -  жауынгерлерге 
арналған  ескерткіш,    1931-1933  жылдардағы  ашаршылық  құрбандарына 
арналған ескерткіш және Шапық Шөкиннің ескерткіші.            28 гвардияшы-
панфиловшылар  саябағындағы  Қаһарман  гвардияшы-панфиловшылардың 
мемориалды тумбаларындағы туу және қайтыс болу даталары түзетілді.  
Қаланың  24  музейі  арасында  жекелеген  музейлер  заманауи  техникалық 
жабдықтармен  және  экспозициямен  қамтамасыз  етілді,  мысалы,    2012  жылы 
қайта  жаңғыртылған  Қазақ  Ұлттық  музыкалық  аспаптар  музейі  және  2016 
жылы  жаңа  ғимаратта  ашылған  Алматы  қаласының  музейі,  сонымен  қатар 
Атлетикалық 
ауылдың 
ғимаратында 
орналасқан 
дәстүрлі 
өнердің 
мультимедиялық орталығы.   
 
2.1.2.4.1. кесте. Мәдениет ұйымдарының негізгі көрсеткіштері  
Атауы/жылы 
Өлшем 
бірлігі 
2014 
2015 
2016 
Театрлар саны  
бір. 
13 
15 
16 
Көрермендер саны 
мың адам 
462,5 
466,9 
453,8 
Музейлер саны 
бір. 
16 
16 
16 
Келушілер саны 
мың адам 
308,3 
323,0 
319,8 
Кинотеатрлар саны 
бір. 
17 
15 
17 
Келушілер саны 
мың адам 
4 712,9 
3 903,3 
5 020,1 
Кітапханалар саны 
бір. 
30 
30 
31 
Кітапхана қоры 
мың адам
 
37 545,2 
37 677,1 
37 960,8 
Оқырмандар саны 
мың адам
 
374,2 
372,6 
344,1 
Концерттік ұйымдар саны 
бір. 
11 
12 
10 
Келушілер саны 
мың адам
 
492,4 
543,6 
383,3 
Халықтың орташа жылдық саны 
мың адам
 
1 548,3 
1 703,5 
1 756,3* 
Ақпарат көзі: Алматы қаласы Статистика департаментінің мәліметтері 
 
2.1.2.4.2.  кесте.  Мәдени  іс-шараларды  өткізу  және  мәдениет 
ұйымдарына бару көрсеткіштері 
Атауы/жылы 
2014 
2015 
2016 
Мәдениет  саласында  өткізілген  әлеуметтік  маңызды 
және мәдени іс-шаралардың саны, бірлік 
452 
192 
 
1000 
адамға  шаққанда  мәдениет  ұйымдарына 
барушылардың орташа саны: 
 
 
 
- кітапханалар 
227,7 
222,7 
219,8 
- театрлар 
281 
279 
285,2 
- концерттік ұйымдар 
299,8 
324 
303,7 
- музейлер 
187,5 
193 
190,3 
Ақпарат көзі: Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының ведомстволық 
деректері. 


73 
 
 
  2.1.2.4.3. кесте. SWOT-талдау
 
Күшті тұстары: 
-  Алматы  қаласы  республикамыздың 
интеллектуалды, 
рухани 
әрі 
мәдени 
орталығы болуда;.  
Осал тұстары: 
-  Бірқатар  мәдениет  нысандарының 
жеткіліксіз 
материалдық-техникалық 
жабдықталуы; 
-  Біліктілігі 
жоғары 
мәдениет 
кадрларының тұрақтамаушылығы 
Мүмкіндіктері: 
-  заманауи  жалпы  ұлттық  мәдени, 
ақпараттық  орта  мәдениетті  жаңғыртуға, 
сақтауға және дамытуға, халықтың рухани-
мәдени  деңгейін  көтеруге  мүмкіндіктер 
ашады, 
себебі 
осының 
бәрі 
республикамыздың  мәдени-экономикалық 
орталығы  ретінде  қаламыздың  имиджін 
нығайтады.  
Қауіптер:- 
 
 
Мәселелер: 
-  қалаға  жаңа  қосылған  және  орталықтан  шалғай  аудандарында  мәдениет 
нысандарының жоқтығы;  
-  қаланың  бірқатар  мәдениет  нысандарының  жеткіліксіз  материалды-
техникалық жабдықталуы; 
- жаңа типті музейдің жоқтығы, мысалы,заманауи өнер мен  ғылым музейі; 
- арт-менеджмент саласында білікті мамандардың жоқтығы.  
 
2.1.2.5. Дене шынықтыру және  спорт 
 
2016  жылдың  қорытындысы  бойынша  Алматы  қаласының  спорттық 
құрылғыларының  желісі  1439  нысанды  құрады.  Қалада  12  стадион,  14  спорт 
кешені,  34  жүзу  бассейні,  5  оқу-жаттығу  орталығы,  қаланың  ЖОО  және 
мектептері жанында 403 спорт нысаны жұмыс жасайды.  
Қалада  27  мемлекеттік  кәсіпорын  өз  қызметін  жүзеге  асырады,  онда  74 
спорт  түрі  қарастырылған.  Оның  ішінде:  16  жасөспірімдер  спорт  мектебі,             
7 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігінің мектебі, 1 олимпиадалық резервті  
даярлау орталығы,  1 спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат. 
2016  жылдың  қорытындысы  бойынша  спортпен  шұғылданатындардың  жалпы 
саны  -  14 247
 
адамды,  2015  жылы  -  13 716  адамды  және  2014  жылы  -  13  500 
адамды құрады. 
Білікті  спортшылар  санының  артуы  байқалады.  Мәселен,  2014  жылы 
«Халықаралық 
дәрежедегі 
спорт 
шебері» 
спорт 
атағын 
иеленген 
спортшылардың  саны  60  құрады,  2015  жылы  –  21,  2016  жылы  –  4;                         


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау