34
2.1.1.5.2.
сурет – 2016 жылғы неркәсіп өнімдерін жөнелтудің
құрылымындағы өңірлердің үлесі
Дереккөз: «Көтерме сауда саласында қызметтер көрсететін кәсіпорынның есебі-1 Вт (қосымша)» бюллетенінің
деректері негізінде есептелді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
2.1.1.5.1. кесте SWOT-талдау
Күшті жақтары:
- өсу драйвері бола алатын сервиске-
бағытталған шағын және орта бизнестің
үлесі жоғары дамыған экономика;
- ішкі сауданы дамыту үшін
институционалдық негіздің болуы;
- елдің көптеген қалаларымен және жалпы
Орталық Азиямен салыстырғандағы
халықтың төлем қабілетінің жоғарылығы;
Әлсіз жақтары:
- кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық
қамтамасыз етудің жетілдірілмеуі;
- нарықта тұрақсыз жағдайға байланысты
тәуекелдің жоғары деңгейі;
- сыртқы нарықтарға шағын және орта
кәсіпорындардың шығуының қиындығы;
- отандық кәсіпорындар өнімдері түрлерінің
аздығы, оның шет елдік тауарларға қарағанда
әлсіз бәсекеге қабілеттілігі.
Мүмкіндіктер:
- Қазақстанның қайта өңдеу өнеркәсібін
дамыту;
- отандық өнімді өндірудің өсуі;
- әкімшілік кедергілерді төмендету
бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;
- көлік-логистикалық орталықтар желісін
дамыту;
- бәсекелестіктің өсуі, сауда желілерінің
бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру;
- экспорт/импорттың сауданың реттелуін
жетілдіру.
Қауіп-қатерлер:
- ұсақ сауда кәсіпорындарының ықтымал
банкроттығы;
-шетелдік сауда желілерінің өнімдеріне
сұраныс жоғары болғанда отандық тауар
өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің
төмендігі;
- заманауи сауда форматтарының шағын
бизнес кәсіпорындарын ығыстыруы.
35
Түйткілді мәселелер:
- қаржы ресурстарына қолжетімділіктің төменгі деңгейі.
- бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерінің шаралары туралы кәсіпкерлерді
хабардар етудің жеткіліксіздігі;
- айналым қаражатын толтыру бойынша сауда кәсіпорындарын екінші
деңгейдегі банктердің несиелеуінің жеткіліксіздігі және т.б.;
- сауда нарықтарын жаңғыртуға кәсіпкерлердің ақша қаражатының
жетіспеушілігі.
2.1.1.6. Инновациялар және инвестициялар
Инвестициялар
Алматы Қазақстанның инвестициялық тұрғыда тартымды өңірлерінің бірі
болып табылады, себебі қала қажетті еңбек, тұтынушылық және
инфрақұрылымдық әлеуетке ие.
2014-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға салынған
инвестициялар 511,6 млрд. теңгеден 581,4 млрд. теңгеге дейін өсті.
2.1.1.6.1. сурет. Негізгі капиталға құйылған инвестициялардың
динамикасы, млрд. теңге
өткен жылдың өсу қарқыны
, %
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
2014-2016 жылдардағы кезеңде инвестициялардың жалпы көлемінде қарыз
және жеке қаражаттың үлесі артты, мемлекеттік қаражаттардың үлесі
36
төмендеді.
Инвестицияның
маңызды
көлемі
жылжымайтын
мүлік
операцияларына, өнеркәсіп, көтерме және бөлшек саудаға көлікті және
мотоциклдерді жөндеуге жұмсалды.
2.1.1.6.2. сурет. Қаржыландыру көздері және шығындар бойынша негізгі
капиталға ивестициялар
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
2014 мен 2016 жылдардағы ЖӨӨ негізгі капиталына салынған
инвестиция үлесі 7,4%-дан 5,5%-ға дейін төмендеген.
Осы орайда, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-
ақ қаладағы қаражатты көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларға
стратегиялық серіктестерді тарту бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырылуда
.
Атап айтқанда:
37
Әкімдік муниципалдық секторға ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту
үшін тұрақты негізде халықаралық қаржы институттарымен (Еуропа даму және
қайта құру банкі, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және т.б.)
ынтымақтастық жасасады;
Инвестициялық
жобалардың
тізбесі
жасалды,
халықаралық
дипломатиялық және бизнес делегацияларымен кездесулер өткізіліп тұрады.
2014-2016 жылдардағы инвестицияның жалпы көлеміндегі негізгі
капиталға салынған сыртқы инвестицияның үлесі 2015 жылы 3,5%-ға төмендей
отырып және 2016 жылы 2,3%-ға көбейе отырып тұрақсыз болды. 2016 жылы
сыртқы инвестициялар көлемі 75,2 млрд. теңгені құрады, бұл негізгі капиталға
салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 12,9%-ын құрайды.
Талданып отырған кезеңде инвестициялардың елеулі бөлігі құрылыс
және күрделі жөндеу жұмыстарына (ҚҚЖ), сондай-ақ машиналар мен
жабдықтар сатып алуға жұмасалды.
2.1.1.6.3. сурет. Негізгі капиталға инвестициялардың технологиялық
құрылымы,%
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы
2.1.1.6.1. кесте. Инвестициялық қызмет көрсеткіштері
Атауы/жылдар
Өл.
бір.
2014
2015
2016
Негізгі капиталға инвестиция
млрд.
теңге
511,6
532,7
581,4
Өсу қарқыны
%
94,7
102,3
102,5
Қазақстан Республикасының
көрсеткіштеріндегі инвестицияның үлес
салмағы
%
7,8
7,6
7,5
Жалпы өңірлік өнімдегі негізгі капиталға
инвестицияның үлесі
%
7,4
6,2
5,5
Дереккөз: Алматы қаласыСтатистика департаментінің Санақ жинағы
Достарыңызбен бөлісу: |