УДК 628.3.0343.
«АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕЛГЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ»
Рыскулбекова Лаура Молдахановна, PhD докторы,
Алдиярова Айнура Есиркеповна, PhD докторы ,
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Алматы, Қазақстан
Түйінді сөздер: ағынды сулар, қайта өңдеу технологиясы, жербеті, жерасты және төгінді сулар, шаруашылық салалары, урбанизация және индустрияландыру, гидротехникалық су жүргізу жүйелері, және технологиялық тазарту процестері, қалдықтарды қайта өңдеу, биогаз алудың технологиялық әдістерін дайындау, төгінді суларды тиімді пайдалану.
Аннотация. Мақалада ауыл шаруашылығының егістік дақылдарын ағынды сулармен суару технологиясы мен төгінді суларды тазарту мен қайта өңдеудің техникалық шешімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру тиімділігі қарастырылған.
Кіріспе. Қазақстан Республикасы индустриалды дамыған мемлекеттердің қатарында болса да, су ресурстары тапшылығы өткір де өзекті мәселе болып отыр. Себебі, Қазақстан Республикасы ТМД елдері арасында сумен қамтамасыз ету бойынша соңғы орындарды алады, өйткені барлық негізгі өзендер транзиттік болып табылады.
Бүгінгі таңда – еліміздегі экономикалық, өндірістік дамулардың әртүрлі салалары мен қала құрылымдарының көлемінің ұлғаюынан, бірінші мәселе техникалық және тұрмыстық-шаруашылықтардың суға деген сұранымдық қажеттіліктерін сумен қамтамасыз ету болса, ал енді екінші мәселе пайдаланылған төгінді сулардың жарамсыздығына байланысты бүгінгі күнде шешімі табылмай отырғандығы ең негізгі күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Осындай мәселелердің әсіресе аридтік аудандарда судың тапшы болуы жоғарыда аталып өткен сұранымдарды қамтамасыз етуде төгінді суларды дұрыс пайдаланудың да өзіндік ерекшелігіне тоқталуды қажет етеді.
Жалпы республикада су ресурстарының тапшылығын туғызатын су объектілерінің ластануының өсу үрдісі байқалады. Осыған байланысты қалалар мен елді мекендер және өнеркәсіптік кәсіпорындардың тазартылған ағынды суларын резервтік жүйе ретінде қарастыру ғылыми негіз болып табылады.
Тазартылған ағынды суларды пайдаланудағы негізгі техникалық және технологиялық әдістерді ауыл шаруашылығымен тікелей байланыстырудың маңызы өте зор. Ағынды сулардың тұнбасын дұрыс пайдаланудың жолдары топырақ құнарлылығын және ауыл шаруашылығының егістік дақылдарының өнімділігін арттырады және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді [1-2].
Ағынды суларды қайта өңдеу тәсілдерінің бірі оны органикалық-минералды тыңайтқыштар ретінде пайдалану, сақтау (көму) қажеттіліктерін жою, топырақ құнарлылығы мен ауылшаруашылық егістік дақылдарының өнімділігін арттыру, қоршаған ортаны ластамау және т.б. сонымен қатар бірқатар мәселелердің алдын алу шаралары болып табылады [3].
«Экологиялық кодекстің» 36-бабына сәйкес қоршаған ортадағы әсерді бағалау қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады. Кодекстің 4-бөліміне сәйкес экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық экологиялық бақылау жүзеге асырылады [6].
Ағынды суларды арнайы сақтау резервуарларында ашыту процесінен өндіріліп алынған биогазды когенерациялық жүйелердің жағу үшін және бұл арқылы жылуды өндіруде қолданудың маңызы өте зор.
Әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктер (жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету) үшін алынған биогазды генераторларда тұтыну қажеттіліктері, қыс айларында маусымдық кезеңдерде шамамен 91 күнді қоспағанда, (метанктенктерде) биогаздың 10% ашыту камераларында қажетті жылу мөлшерін қамтамасыз ету үшін жылыту қазандықтарында толығымен пайдаланылады. Бұл мазутты сатып алу қажеттілігіне қосымша көрсеткіш болады. Жоғарыда айтылғандардың орындылығы қазандықтың (~94%) және когенерациялық қондырғылардың (~85,1%) тиімділігін қарастырғанда айқын көрінеді.
Ағынды сулардың тұнбасынан алынатын биогазды жылуды тұтынудың біркелкі еместігін ескере отырып, жылуды атмосфераға шектеусіз тастамау үшін, оны тиімді де мақсатты түрде яғни, ашыту камерасының жүйелеріне, кәріздік тазарту қондырғыларын жылытуға, тұрмыстық-тұтынудың ыстық су жүйесіне және басқа да мақсаттар үшін пайдалануды қамтамасыз етуге болады [1-4].
Қалалық ағынды сулардың биологиялық тазартудан кейін қалыптасатын тұнбалары қайта өңдеуді қолданудың жаңа технологиясы ретінде әзірленеді. Бұндай технологияларды енгізудің нәтижесінде сұйық отынды тікелей өндіру орнында пайдалануға немесе жылуды қажет ететін кез келген кәсіпорындарға қолдануға болады [5].
Достарыңызбен бөлісу: |