Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет93/99
Дата18.12.2017
өлшемі5,03 Kb.
#4968
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   99

194 
 
Әзірбайжан, Түркменстанда  кӛптеген сандағы мыңдаған скважиналар бұрап тесілді және 
бұлар  қазіргі  уақытта  су  астында  қалды.  Толық  саны  белгісіз,  біра қ  су  астында  қалған 
бұлардың  қауіпті  екендігін  ұмытпауымыз  керек.  Олардың  әр  бірі  қайтадан  орнына 
келтіріп болмайтын ақыбетлерге әкеп соқтыруы мүмкін, бұл скважиналардың үскенелери 
коррозияға  тез  ұшырайтын  материалдардан  жасалған.  Олар  тез  тат  басып,  теңіз  суының 
әсерінен  әр  түрлі  атлығып  кету  ақыбетлерине  алып  келуі  мүмкін.  Каспий  теңізі  арка 
бӛлімдерінде,  қыс  маусымдарында  мұздардың  жылысуы  және  мұздардың  асырып  алып 
кетуші  толқындардың  әсерінде  теңіз  жағаларында  жайласқан  коммуникацияларға  ӛте 
қауіпті  болып  есептеледі.  Мұздар  мұнай  качалкаларын  және  теңіздегі  скважина 
бӛлімдерін,  бетон  пробкаларды  жұлып  алып  кетсе  мұнай  және  газ  су  бетіне  атылып 
шығуы мүмкін [4]. 
Әр  жылы  Каспий  айналасындағы  мемлекеттер  осы  жоғарыдағы  құрылыстарды 
қорғау үшін миллиардтаған қаражат жұмсап отыр. Жер бетіне  істелген топырақ және тас 
дамбалар  теңіз  суының,  толқындардың,  теңіздегі  мұздардың  әсерінен  тез  бұзылады  және 
әр  жылы  қайта  құрылады.  Каспий  теңізіндегі  кеткен  экологиялық  зиянды  есептеу  қиын, 
себебі  Каспий  теңізінің  аймағы  үлкен,  биоресурсқа  және  минерал  ресурстарға  ӛте  бай. 
Каспийдің  экономикалық  және  экологиялық  апатшылық  ақыбетлерин  есептейтін  болсақ, 
Арал  теңізіндегі  апатшылықтан  асып  кетуі  мүмкін  [5].  Каспийдің  биологиялық  жағдайы 
мен  ластануы  бойынша  туындаған  мәселелер  аумақта  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша 
шұғыл шаралар қолдануды талап етеді.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Ә.Бейсенова,  А.Самақова,  Т.Есполов,  Ж.Шілдебаев  Экология  және  табиғатты 
тиімді пайдалану, Алматы.-2004,328 бет. 
2. Қазақстанның балықтары, 3-том.- Алматы,1988ж. 
3. А. Г Қасымов Каспий теңізі.- Л, 1987 ж. 
4. Каспий экологиялық программасы, Информациялық бюллетень, 2001,№2.-61 бет. 
5.  Ә.  Бейсенова,  А.  Самақова,  Т.Есполов,  Ж.  Шілдебаев.  Экология  және  табиғатты 
тиімді пайдалану, Алматы.- 2004, 328 бет. 
    
Аннотация 
Мақалада Каспий теңізінің биологиялық және экологиялық жағдайына талдау жасалған. 
Сондай ақ мақалада, Каспий теңізінің биологиялық жағдайы мен ластануы бойынша туындаған 
мәселелері мен оны шешу мүмкіндіктері кӛрсетілген. 
Аннотация 
В статье приведен анализ экологического состояния и биоразнообразия Каспийского моря. А 
также раскрывается загрязнение Каспийского моря и пути решения проблемы. 
Annotation 
To the article the analysis of the ecological state and биоразнообразия of the Caspian sea is driven. 
And also contamination of the Caspian sea and way of decision of problem opens up.  
 
 
 
 


195 
 
ӘОЖ 372.891 Қ 34 
 
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫН ОҚЫТУДАҒЫ М ҦҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ 
ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУ МҤМКІНДІКТЕРІ 
 
Қонысбекова Қ.Қ., Шалқар М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Бүгінде  қоғам  мен  заман  дамуда.  Соған  байланысты  осы  таңдағы  қоғам  алдындағы 
басты  мәселе  болып  отырған  –  жас  ұрпақтың  саналы  тәрбие  мен   сапалы  білім  алуы. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  «Білімді, сауатты адамдар – бұл  ХХІ ғасырды 
адамзат дамуы кӛшінен қалмай ілгерілеу күші» деген еді. Білім саласының дамуы кӛшінен 
қалмай  ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол  кӛшке  ілесе алмасақ, бізге сын. Еліміздің ертеңі 
жас  ұрпақтың  қолында,  жас  ұрпақты  болашақ  ӛмірге  сен іммен  аттандыру   ұстаздың 
қолында. Ұстаз осы жолда аянбай еңбек етіп, тынбай ізденуі, оқытуға қажетті жаңа, тиімді 
әдіс-тәсілдерді іріктеп, сұрыптап алуы шарт [1]. 
Бүгінгі  таңда  мұғалім  қандай  болу  керек  оның  кәсіби  біліктілігі  қандай  жолдармен 
кӛрінеді?  Мұғалім  ең  алдымен,бала  жанының  тамыршысы  болуы  тиіс.  Бала 
жүрегінің   пернелерін  дәл  тауып,оны  ойната  білу  оңайлықпен  келмейді.  Оқушының 
дарындылығының  дамуы,  қабілетінің  ашылуы  кӛбінесе  мұғалімнің  кәсіби  біліктілігіне 
және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. 
Қазіргі таңда елімізде білім берудің ӛзіндік үлгісі  қалыптасып келеді. Білім  берудегі 
дәстүрлі  мазмұнның  орнына  жаңаша  мазмұндағы  оқыту  әдістері  келуде.  Жаңа  білім 
парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білімі  мен  білігін  емес,  оның  жеке  тұлғасын  білім 
арқылы  дамытуды  қойып  отыр.  Білімді  жеке  тұлғаға  бағыттау,  оның  қабілетін,  дарынын 
дамыту,  яғни  жан  -  жақты  дамыған  рухани  бай  тұлғаны  қалыптастыру  әріптестерімізге 
үлкен мақсаттар жүктеп отыр [2]. 
Сабақ  барысында  тиімді  әдістерді  қолдану  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігіне 
байланысты.  Сабақ  барысындағы  әдіс-тәсілдерді  шеберлік  пен  қолдана  білу  мұғалімнің 
сабағын  әрі  қызықты,  әрі  сапалы  ӛткізе  алуына  мүмкіндік  береді.  Әдіс  –  оқу-тәрбие 
жұмыстарының  алдында  тұрған  міндеттерді  дұрыс  орындау  үшін  мұғалім  мен 
оқушылардың  бірлесіп  жұмыс  істеу  үшін  қолданатын  тәсілдері.  Әдіс  арқылы  мақсатқа 
жету  үшін  істелетін  жұмыстар  ретке  келтіріледі.  Оқыту  әдістері  танымға  қызығушылық 
туғызып,  оқушының  ақыл-ойын  дамытады,  ізденуге,  жаңа  білімді  түсінуге  ықпал  етеді. 
Оқытуда  ең  басты  нәрсе  –  оқушылардың  танымдық  жұмыстары.  Оқыту  әдістері  ең  анық 
фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.  
Тәсіл  –  оқыту  әдісінің  элементі.  Жоспарды  хабарлау,  оқушылардың  зейінін  сабаққа 
аудару, оқушылардың мұғалім кӛрсеткен  іс-қимылдарды  қайталауы, ақыл-ой жұмыстары 
тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: 

ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; 

мәселелі жағдаят тудыруға кӛмектесетін тәсілдер; 

оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер

жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері. 
Сонымен  қатар,  география  сабағын  оқытуда  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  арттыру 
мақсатында  жаңа  технологияларды  қолдану,  оның  ішінде  АКТ-ны  қолдану  сабақ 
барысының сапасын ғана арттырып қоймай, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын 
арттырады.  Жаңа  технологияларды  күнделікті  сабақ  процесінде  пайдалану  үшін,  әр 
мұғалім  ӛзінің  алдында  отырған  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
педагогикалық  мақсат  мүддесіне  байланысты,  ӛзінің  шеберлігіне  байланысты  таңдап 
алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,  шығармашылық, 
ізденіс,  ӛз  мамандығына  деген  сүйіспеншілігі,  алдындағы  шәкірттерін  бағалауы  ерекше 
орын алады [3]. 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау