3
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ТАРИХ (ОТАН, ЖАЛПЫ), ФИЛОСОФИЯ,
САЯСАТТАНУ, ӘЛЕУМЕТТАНУ, ДІНТАНУ, МӘДЕНИЕТТАНУ,
ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ, ҚҦҚЫҚТАНУ, ЭКОНОМИКА
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР
ӘОЖ 940.2:37 (574)
А 14
1916 ЖЫЛҒЫ КӚТЕРІЛІСТІҢ ҦРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕ
АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӚЛІ
Абдирасилова З.С.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Еліміздің тарихын барынша толық меңгеру – жас ұрпақтың рухани кемелденуін
жетілдіре түсетіні анық. Қазіргі кезеңде Қазақстанның қоғамдық-саяси ӛмірінде ӛзгерістер
болып жатқанда, ел тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихи дамуында, оның ӛткен тарихи
кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығының артатындығы белгілі. Осы орайда,
биылғы жылы 100 жыл толып отырған 1916 жылғы кӛтеріліс тарихының себеп-салдары
мен тарихи маңызын зерделеу, ӛсіп келе жатқан жеткеншек ұрпаққа ӛнеге болары анық.
Бүгінгі таңда ел тәуелсіздігі нығайту және сақтап қалу ұрпақ еншісінде. Олай болса,
ӛткен тарих беттеріндегі ата-бабаларымыздың бастан ӛткерген қилы замандары,
ұрпағымыздың ұлттық рухын кӛтеріп, рухани байлығын арттырады деп есептеймін.
Осыдан 100 жыл бұрынғы ӛткен тарихқа кӛз жүгіртер болсақ, қазақ халқының кӛтеріліске
шығуының бірнеше себептері пісіп жетілген болатын. Оның бастамасы Ресей
империясының отарлау кезеңдерінен бастау алады. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында
патшалық Ресейдің жүргізген бірқатар әскери-саяси қимылдарының нәтижесінде,
Қазақстанның Ресей империясының құрамына еніп, бұл аймақ үлкен отарлық иелікке
айналды. Жаңа отарланған аймақтардағы әкімшілікті басқару,
жер қатынастары, сот, білім
және салық саясаты тәрізді маңызды салаларды қамтыды. Отар аймақтар аумақтық-
әкімшіліктерге бӛлініп, оларға жаңа басқару жүйесі енгізді. Патша үіметі жаулап алынған
жерлерде саяси тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында орыстарды қоныстандыру саясатын
ұстанды. Жаңа қосылған шет аймақтарды қарқынды отарлау
мақсатында патша әкімшілігі
алғашында казак әскерлерін, кейіннен қара шаруаны қоныс аудару әрекеттерін жүргізді.
Алғашқы қоныс аударушылар Ресейдің әскери-стратегиялық саясатын жүзеге
асырушы казак әскерлері болды. Ресей империясы жаулаушылық шабуылдарын аяқтап,
бекіністер салып алған соң, енді жерсіз қалған қарапайым шаруаларды қоныс аудару
арқылы Ресейдегі жер қатынасы мәселесін шешудің оңай жолын тапты. Түркістан
ӛлкесінің генерал-губернаторы Кауфман және Жетісу ӛлкесінің әскери губернаторы
Колпаковский ӛлкені казак отарлауына қарағанда қоныс аударушы шаруалармен отарлау
орыс патшалығы үшін әлдеқайда пайдалы деген ұстанымға келді [1, 203 б.].
Казак жасақтары жергілікті тұрғындардан жерді күштеп тартып алу үшін, олардың
қарсылығын тұншықтыру үшін, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет етті.
Ӛлкені отарлау аяқталғаннан кейін казак әскерлеріне қарағанда шаруалар тиімді бола
бастады. Ресейдің ішкі аудандарындағы кедей және орта шаруаларды кӛшіріп, олардың
жер үшін күресін тоқтатуды кӛздеді.
Бұл мәселе жӛнінде П.Г. Галузо: « патша үкіметі ӛз
үстемдігіне мықты тірек қылу мақсатында Орта Азияға орыс шаруаларын
қоныстандырды» деп хабарлады [2, 3 б.].