109
диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады. Диалогтік
әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, ӛтінішті, таңдануды, бұйыруды
қолданып,
бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік,
толықтыру, тілдік материал кӛлемінде ӛзара пікір алыса білуге дағдыландырамын.
Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру
мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін. Тілдік міндет пен
жағдаятқа сәйкес бастауыш сынып оқушыларының еркін түрде тілдік қарым-
қатынастарын дамытуда рӛлдік ойынның алатын орны ерекше деп есептеймін.
Ролдік ойын кезіндегі оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда
сӛздік қорларының да орны ерекше. Оқушылардың диалогтік ортасын құруда кесте
мазмұнының да алатын орны ерекше. Кестедегі түйін сӛздердің кӛмегімен оқушы сұрақ
қою арқылы диалогтік ортаға енеді. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың
коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады. Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап
айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық
материалдар оқушылардың сӛйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған
диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады. Бастауыш сынып
оқушыларының білім сапасын арттыруда және оқу тәрбие үрдісінде бастауыш сынып
оқушыларының құзыреттілін қалыптастыруда жаңа технологияны тиімді пайдалана білу
үлкен рӛл атқарады. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін
жетілдіру әр ұстаздың негізгі міндеті.
Сонымен, қорыта айтқанда, біз мектепте ӛз оқушыларымыздың бойында жоғарғы
дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз.
Оқушыларымыздың ӛмірлік жағдаяттарда ӛздерінің алған білім, біліктілік, дағдыларды
дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз. Демек, бастауыш сынып
оқушыларын оқыту барысында ӛзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен
тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару
арқылы коммуникативтік құзіреттіліктерін арттырудың тиімді жолында атқарар еңбектері
әлі де алда деп есептеймін. Сонымен қатар егер мұғалім ӛзінің кәсіби ӛсу жобасын дұрыс
жолға қоя отырып, ӛзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін
ӛмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана
оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ф.Ш.
Оразбаева, «Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 б.
2. Ә. Әлметова, «Сӛйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007
3. «12-жылдық білім беру журналы», №8, 2012 ж.
4. Ж.
Аймауытов, бес томдық шығармалар жинағы «Ғылым», 1998, 30 бет
5. М. Жұмабаев «Педагогика» А. «Рауан», 102 бет.
Аннотация
Ұсынылып отырған мақалада бастауыш сынып оқушыларының құзыреттілігін
қалыптастыру қарастырылады. Құзыреттілік- оқушының алған білімі мен дағдыларын
тәжірибеде, күнделікті ӛмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды
шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік
құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор. Бастауыш сынып
оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін дамыту туралы барлық ақпараттар
мақалада қарастырылған.
Аннотация
В данной статье расматривается формирования студентов образовательных начальной
школы в процессе компетенции. Компетенция – включает совокупность взаимосвязанных качеств
личности (знаний, умений, навыков, способов деятельности), задаваемых по отношению к
определенному кругу предметов и процессов и необходимых для качественной продуктивной