Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет48/99
Дата18.12.2017
өлшемі5,03 Kb.
#4968
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99

99 
 
Ойындарды  мектепке  дейінгі  балаларының  оқу-іс-әрекеттері  де  белгілі  бір  жүйемен 
пайдалану  қажет.  Ойындардың  оқыту  мазмұнына,  танымдықіс-әрекет  сипатына,  ойын 
құрылымына  сәйкес  жіктемелері  бар.  Ойындардың  жіктемесі  оқушылардың 
жасерекшеліктеріне,  ойын  сипатына,  дене  қасиеттерін,  қимылдық  әрекеттерді  дамытуға, 
ойындардың  педагогикалық  мүмкіндіктеріне  сәйкес  жасалады.  Ойындарды  оқыту 
мазмұнына сәйкес түрлері: 
1.  Ойын  -  саяхаттар.  Олар  ертегіге  ұқсас,  фактілер  немесе  оқиғаларды  бейнелейді. 
Бірақ  олар  ерекше  түрде  ашып  кӛрсетеді,  қарапайым  жұмбақ  арқылы,  қимылдық  –  оңай 
жолмен, қажеттілер – қызық жолмен беріледі. 
2.  Ойын-тапсырмалар.  Бұл  ойындардың  негізін  заттар  мен  әрекет,  сӛздік 
тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді. 
3. Ойын - болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер...?»  
деген сұрақтарға негізделеді. 
Ойынның  дидактикалық    мазмұны    балалардың    алдына  проблемалық  міндет  пен 
ситуацияны қоюда ерекшеленеді.  Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда қалыптастыра 
байланыс есептерін тағайындауды талап етеді. 
4.  Ойын -  жұмбақтар.  Жұмбақтың  негізгі  ерекшелігі  логикалық  астарын  болуында, 
олар  баланың  есі  әрекетін  белсендіреді.  Жұмбақтар  салыстыру,  теңеу  және  сипаттау 
арқылы  ұғымның  қасиеттерін    ажыратуға    тәрбиелейді,  оқушы    қиялының  дамуына  әсер 
етеді. 
Баршамызға  белгілі  ойын  арқылы  баланың  дене  құрылысы  жетіліп  ӛзі  жасаған 
қимылына  сенімі  артады.  Баланың  бойында  ойлау,  тапқырлық,  шыдамдылық, 
ұйымдастырушылық,  белсенділік  қасиеттер  қалыптасады.  Сабақтан  тыс  уақытта 
ойналатын  ойын  түрлері  оқушылардың  қимыл  қозғалысқа  деген  икемділігін  арттырып, 
шығармашылық  қабілетін  кеңейтеді.  Халық  ӛзін  қоршаған  дүниенің  қыры  мен  сырын 
егжей  -  тегжейлі  білуді  баланың  шамасына  ойын  арқылы  жастайынан  сіңіре  беруді 
кӛздеген.  Ойын  бала  табиғатымен  егіз.  Ӛйткені  бала  ойынсыз  піспек  емес,  жан  -  жақты 
дамымақ  емес. Бұл жерде  атап айтатын бір нәрсе, ойындарды бүгінгі педагогикалық  ілім 
талаптарына  сай  іріктеп,  ретті  қолдана  білсек,  онда  ол  сабақтың  сапасын  кӛтеріп, 
тиімділігін арттырады, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары жандандыра 
түседі. 
Ойынның  міндеті  баланың  қызығушылығын  туғызып,  белсенділігін  арттыратындай 
іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.Ойындар жаңа тақырыптарды ӛткенде, 
сӛздерді,  грамматикалық  материалды,  тұрақты  сӛз  тіркестерін  пысықтыруға  арналған 
жаттығулардың  бір  түрі  ретінде  пайдаланылады.  Мұғалім  ойындардың  сабақ  кезінде 
қолдануға  ыңғайлы,  ықшам,  ӛткізілуі  жағынан  қарапайым  түрлерін  таңдап  алғаны  жӛн. 
Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сӛз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.  
Қандай  да  болмасын  ойынды  ӛткізу  үшін  мұғалім  алдын  ала  жоспар  құрып  алуы 
қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай  шарттарға жауап беруі 
қажет: 
-  Ойынның ӛтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;  
-  Ойынға бӛлінетін уақыттың нақты белгіленуі; 
-  Ойынның  ойналу  түрінің  топ  болып  ойнау,  кішірек  топ  болып  ойнау  т.  б. 
нақтылануы қажет; 
-  Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы; 
-  Қолданылатын  сӛздер,  сӛз  тіркестері,  мақал-  мәтелдері,  тақпақтар  ӛлеңдердің 
таңдалынып алынуы; 
-  Пысықталатын 
грамматикалық,  фонетикалық,  лексикалық  материалдардың 
анықталуы; 
-  Ойынның ӛту барысының жоспары жасалуы. 
Қазіргі  бала-бақшадағы  ойынды  қолданар  алдында  ақпараттық  құралдарды  жетік 
меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс  істеп қана  қоймай 


100 
 
үнемі  интернет  жүйесіндегі  жаңалықтар  мен  ӛзгерістерді  ӛзінің  кәсіби  шеберлігіне 
қолдана  білу,  білім  кеңістігін  кеңейту,  ашу  бағытындағы  ӛзгерістер  мен  әлемдік  білім 
беру  кеңістігіне  кіруге талпындырады. Интернет жүйесінің балаға тәрбие беру  барысына 
қосар үлесі кӛп. 
Ойын  түрлерінің  материалдары  сабақтың  тақырыбы  мен  мазмұны  неғұрлым  сәйкес 
алынса,  соғұрлым  оның  танымдық,  тәрбиелік  маңызы  да  арта  түседі.  Оны  тиімді 
пайдалану  сабақтың  әсерлігін  тартымдылығын  күшейтеді,  балалардың  сабаққа  ынтасы 
мен қызығушылығын арттырады.  
Ойын - адамның ӛміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар 
ӛмірден  кӛптеген  мәліметтер  алып,  дамиды.  Ойынның  басты  шарты  жеңіске  жету  болса, 
әр  ойыншы  ӛз  қарсыласының  мүмкіндігімен  санасып,  бір-біріне  деген  сенімділігін 
арттырады. 
Ойынның ӛзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың 
зейінін,  есін,  ойлауын,  қиялын  қалыптастыруда  зор  маңыз  атқарады.  Ойын  әсері  арқылы 
бала ӛз  қасиетін  қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті  бар екенін байқап  кӛре 
алады. Ал ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың 
тапқырлығын,  байқағыштығын,  зиінділігін  арттырумен  қатар  ерік  сезім  түрлерінде 
дамытады. 
Бала-бақша балдырғандарына беретін болғандықтан ағылшын тілі сабағын  қызықты 
етіп ӛткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады: 
-  Фонетикалық ойындар; 
-  Сӛздік ойындар; 
-  Оқу ережесіне байланысты ойындар; 
-  Сӛйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар; 
-  Сергіту ойындары; 
-  Сан есімге байланысты ойындар; 
-  Дидактикалық мақсаттағы ойындар. 
Ағылшын  тілі  сабағында  әрбір  баланың  сабаққа  белсенді  қатысуының,  ауызекі 
сӛйлеуге 
құлшындыратын,  ағылшын  тілін  оқып  үйренуге  талпынысы  мен 
қызығушылығын  арттыратын  әдіс-тәсілдер  түрі  ерекше  орыналады.  Бұл  міндеттерді 
сабақта  оқытудың  ойын  әдістерінің  кӛмегімен  шешуге  болады.  Алайда,  ойын  әрекетін 
қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде 
жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір педагогты толғандыратыны сӛзсіз. 
Ойынды  мынадай мақсаттар қойып  пайдалану  керек:  лексиканы  меңгерту,  қарым-
қатынас  жасай  алуға  үйрету,  тілдік  материалдарды  есте  сақтау,  белгілі  бір  тілдік  білімді 
дамыту,  қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім  беру. Сондай-ақ, 
ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады. 
Ағылшын  тілінде  жұмбақтар,  сӛзжұмбақтар,  лото,  лингвистикалық  ойындар, 
бӛлмедегі  жиһаздарды  орнына  қою,  дүкендерді  аралау,  телефонмен  сӛйлесу,  т.б.  түрінде 
де ойналады. Ерте жастан ағылшын тілін үйретудің тиімділігін оқушылардың тілге  деген 
құштарлығынан,  жаңа  сӛздерді  жаттау  қабілеттерінің  ересек  оқушыларға  қарағанда 
жоғары  болуынан  және  оқулықтан,  жұмыс  дәптерінен  тапсырмалар  орындағанда 
тиянақты, ұқыпты орындайтындарын байқауға болады.  
Қорыта  айтқанда,  шет  тілін  ерте  жастан  оқытудың  тиімділігі  оқушылардың  пәнге 
деген  қызығушылығымен  бірге,  олардың  сабаққа  түгел  атсалысатындығы,  бәсекеге 
қабілеттілігі,  бір-бірінен  қалғысы  келмейтін-еркін,  сӛздерді  қайта-қайта  айтуда  бір-бірін 
ықпалдарының  әсер  етуі  жақсы  нәтижелерге  жетелейді.  Қазақтың  қаһарманы 
Б.Момышұлы:  «Қолына  қалам  ұстаған  әр  азамат  ана  тілінің  қорын  игерумен  бірге,  басқа 
тілдердің  де  асыл  қазынасынан  сусындауы,  оны  кәдеге  жарата  білуі  абзал»  дегендей 
қазіргі кезде ағылшын тілін ерте жастан меңгертудің маңызы зор. 
 
 
 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау