106
Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің дамуына сипаттама беріп, ғылыми деректермен ӛз
тұжырымдамасын дәлелдейді.
Ғалым Ӛтебойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри
еңбектеріне тоқталып, жан құбылыстарына талдау жасайды. Жыраулар поэзиясының
ӛкілдері Асан Қайғы, Бұхар жырау, Ақтамберді, Шал, Дулат, Махамбет, т.б.
шығармаларындағы жан құбылыстарына талдау жасайды.
19 ғасырдың екінші жартысымен 20 ғасырдың бас кезіндегі Шоқан, Абай, Ыбырай
еңбектерімен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бӛкейханов, Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатовб т.б. психологиялық кӛзқарасына терең талдау жасады. Сонымен бірге
«Махамбет Ӛтемісұлы жастар тәрбиесі хақында», «Әл- Фараби», «Аталар сӛзі-ақылдың
кӛзі», «Ұстаздық еткен жалықпас», т.б. еңбектері жарық кӛрді. Осы аталған еңбектерінде
автор қазақтың тәлім-тәрбиелік нұсқасын психологиялық ғылыми негізге айналдырып
жастар және ұрпақ тәрбиесінің психологиялық негізін салды.
Қазақстанда 30-жылдары еңбек еткен, аты бүкіл әлемге әйгілі А.П.Нечаевтың
республикада психология ғылымын дамытуға сіңірген ерекше еңбегіне жоғары баға берді.
30-жылдары психологияға қатысты зерттеулерді жүргізген қазақ ғалымдары Ш.Әлжанов,
М.Әуезов, С.Балаубаев, Ә.Сытдықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, С.Қожахметов,
Е.Суфиев, М.Мұқановтардың еңбектеріне талдау жасайды.
2004 жылы «Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы» атты тақырыпта
диссертация қорғап, психология ғылымының докторы дәрежесін алды.
Ғалым-жаңа рухта жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік, жақмы мінез-құлық
қалыптастыру қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде іске асырып қоймай, бұл мәселелерді
теориялық тұрғыдан да терең зерттеген.
Сол кездегі Білім Министрлігі басшыларының – (Ш.Шаяхметов, Е.Мәмбетқазиев,
М.Жұрынов) мақұлдауымен және министрлік алқасының арнайы шешімімен бекітілген
1992- 1997 жж. жалпы орта білім беретін мектептердің бағдарламалары жасалып, оқу
құралдары әзірлене бастады. Олардың ішінде: 1-4 сынып үшін «Әдеп әліппесі» - авторы,
профессор Ә.Табылдиев. 5-7 сыныптар үшін «Әдеп негіздері»- авторлары профессор
Қ.Жарықбаев, доцент Ә.Алдамұратов, профессор С.Ғабитов. 8 сынып үшін «Әдеп
негіздері»- авторы профессор Ж.Молдабеков. 9 сынып үшін «Әдеп негіздері»- авторы,
профессор С.Қалиев. 10-11 сыныптар үшін «Әдептану және жантану»- авторлары
профессорлар Қ.Жарықбаев пен Ә.Табылдиев.
Бұл оқулықтарды мектептерде оқытуға арналған әдістемелік конференциялар
бірнеше рет ӛткізіліп, бұл пәндердің бала санасына қазақтың ұлттық рухын сіңіруде зор
маңызы бар екені ғылыми –педагогикалық тұрғыдан жеткілікті негізделді. Мәселен, 1
сыныпта халық педагогикасынан «Сӛз басы- сәлем», «Аялаған ана», «Әлпештеген әке»,
«Әдеппен сӛйлеп әдеттен» дегенедей тақырыптар болса: 2 сыныпта- туған жерді
қастерлеу, ата –ананы сыйлау, текті білу, бата туралы мағлұмат берілді; 3 сыныпта-
табиғатты айлау, обал, сауап, ысырап, ырым мен сенім, ағайын- жекжатты сыйлау дәстүрі,
рәсімдер; 4 сыныпта- жыл қайыру, әдет-ғұрып; 5 сыныпта- туыстық қатынастар, кісілік
қасиеттер; 6 сыныпта- тыйым сӛздер, салауаттылық, жан тазалығы мен тән тазалығы; 7
сыныпта- ұлттық намыс, парыз бен қарыз; 8 сыныпта- иман және инабат, Отан, бақыт, т.б.
осы секілді тақырыптар. 10-11 сынып оқушылары үшін «Жантануға кіріспе» (авторлары
Қ.Жарықбаев пен О.Озғанбаев) жазылды.
Кӛрнекті ғалымның бүкіл саналы ғұмыры қазақтың ұлттық психология ғылымын
дамытуға, насихаттауға және жастардың санасына сіңіруге, оқу орындарында пән ретінде
оқытуға күш- жігер жұмсауға арналып келеді. 30-дан аса психологиялық және педагогика
ғылымдарының докторлары мен кандидаттарын даярлаған. Профессор Қ.Б.Жарықбаевтың
республика жоғары ору орындарының психология кафедралары үшін ғылыми кадрларды
даярлаудағы еңбегі-ӛз алдына бір тӛбе.
107
Әдебиеттер тізімі:
1.Әбиев Ж.Педагогика тарихы.- Алматы, 2006.- 452 б.
2. Бержанов Қ., Мусин С.Педагогика тарихы.Қысқаша курс.- Алматы, 1984.
3. Сейталиев Қ.Педагогика тарихы.- Алматы, 2012.
Аннотация
Бұл мақала таңымал ғалым Қ.Б.Жарықбаевқа арналған. Ол психология бағыты бойынша
зерттеу жұмыстарының авторы.Ғалым психологияны терең кӛптеген аспектілер бойынша зерттеді.
Аннотация
Данная статья посвящена педагогической деятельности известного учѐного К.Б.Жарыкбаева.
Он автор многих исследовательских работ по психологии. Учѐный глубоко исследовал
психологию во многих аспектах.
Annotation
This article is devoted to the pedagogical activity of a famous scholar K.B.Zharikbaev. He is an
author of some research works by such direction as psychology. This scholar deeply researched our native
psychology following all aspects.
ӘОЖ 374
Ж 81
ОҚУ ТӘРБИЕ ҤРДІСІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ҚҦЗЫРЕТТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жуматаева К.С.
Лицей мектебі, Қаратау қ.
Қоғамдық қарым-қатынастардың ӛзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, ӛндірістің
жетілдірілуі, әлемдік білім кеңістігіне енуіміз - жоғары, кәсіби білім беретін оқу
оындарының алдына бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау үшін адамның
құзырлылық қабілеттерін қалыптастыруды талап етеді. Себебі жаңа формация
мұғалімдері кәсіби тұрғыда қалыптастыруы тиіс. Қазіргі кезеңде мектептегі жас ұрпақ
тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге кӛзқарасы,
жалпы болмысы жоғары оқу орындары даярлайтын бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби
дайындығына байланысты. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің
қалыптасуы – жас ұрпаққа қоғам міндеттеп отырған талаптарға жауап беретіндей тәрбие
мен білім беру. Сол себепті бастауыш сынып мұғалімдерін кәс іби дамыту мен
құзырлылықтарын қалыптастыру ол бүгінгі біздің алдымызда тұрған міндеттердің бірі.
Сонымен қатар «Білім ғасыры» атанған ХХІ ғасырда оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша
ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Зерттеудің кӛкейкестілігі.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша
Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға
кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап кӛрсетті. Қол жеткен
нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына
қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы
міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің
басты ӛлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген
елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге кӛтерілу», - деп атап айтты [1].
Қазіргі технологиялардың қарқынды даму кезеңінде жоғары білім беретін оқу
орындарының оқу үдерісінің тиімділігі бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби
құзыреттілігіне тікелей қатысты. Сол себепті бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби
құзыреттілігінің қалыптасуы, олардың білікті маман болуы ӛзекті мәселе болып
табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
Достарыңызбен бөлісу: |