104
шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың бар екендігін анықтап, әр сабағымда
шығармашылық тапсырмалар беруге тырыстым. Мәселен, бес жолды ӛлең, реферат жазу,
эссе жазу, туған жер туралы тӛрт жол ӛлең құрастыру, т.б. Шығармашылық
тапсырмаларды сыныпқа жаппай бере отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап
отырды. Бұл дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке
орындаған оқушы да ӛз жұмысын топтың атынан қорғап, ӛз тобын алға сүйреуге
ұмтылғандары. Бұл жерден ынтымақтастықтың белгісін анық байқауға болады. Оқушылар
топқа әр түрлі тренингтер арқылы бӛлінген кезде ешқандай қарсылық білдірмей, бірден
іске кірісіп кетіп жатты. Бір-біріне деген жанашырлықтары, ӛзара татулықтары,
ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды. 7 модульді қолдана отырып, ӛзімнің де
кӛптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жӛнінде белсенділігім арта түсті.
Қазақстанның білім беру мазмұны сӛзсіз жаңа сатыға кӛтеріліп, алға қадам бастап келеді.
Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани
биікке кӛтеру біздердің міндетіміз.
Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа
технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, болатыны сӛзсіз.
Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай
алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын
нағыз кӛшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сӛзсіз. Қазақстанның білім беру мазмұны сӛзсіз жаңа
сатыға кӛтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас
ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке кӛтеру біздердің міндетіміз.
Әдебиеттер тізімі:
1. .Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бағдарламасы 3-деңгей.
2. Мирсеитова С.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.-19983.Интербелсенді
әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері, А.Әлімов Алматы 2013ж.
Аннотация
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдану арқылы,
Кембридждік әдістің тоериялық негіздерін, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері- 7 модульді
практикалық түрде қолдану арқылы біліктілік пен шеберліктің қалыптасуы туралы жазылған.
Аннотация
На сегоднешний день в процессе образования используя новые методы, новейшие идеи,
теротического основы Кембриджеского метода и 7 модулей в практике, осуществляеться
повышание квалификации и формирование мастерства.
Annotation
The date in the process of formation of new techniques available with new ideas, the theoretical
basis of the method of. Cambridge, with new teaching methods using the 7 modules in practice, improve
their qualifications and skills.
105
ӘОЖ + 001.895
Ж 88
ҚҦБЫҒҦЛ БОЗАЙҦЛЫ ЖАРЫҚБАЕВ: ТҦЛҒА, ҒАЛЫМ, ҦСТАЗ
Жумагалиев Р.А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
«...Түсінгендіктің шын белгісі - «иә» деген жауап емес,
шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады».
Абу-ль –Фарадж ал-Исфахани
«Ұстаз ... жаратылысынан ӛзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, кӛрген, естіген
және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын ...
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, ӛнер-білімге құштар, аса қанағатшыл
жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ...,
жұрттың бәріне...жақсылық пен ізгілік кӛрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін
батыл, ержүрек болуы керек»,- деп жазды ұлы ғұламамық Әл- Фараби.
Қасиетті халқымыздың рухани мұрасының әр саласында жемісті еңбек етіп,
республика жоғары мектебін дамытуда ұмытпас із қалдырған, атсалысқан, педагогика
ғылымының іргетасын қалауда ерекше еңбек сіңірген дарынды тұлғаларымыз аз емес.
Олар:
М.Дулатов,
А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов,
С.Меңдешев,
С.Қожахметов, Ә,Сембаев, Ш.Әлжанов, Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов, С.Қалиев, т.б. Солардың
қатарына
Әл-Фараби
атындағы
қазақ
Ұлттық
университетінің
профессоры
Қ.Б.Жарықбаевты жатқызуға болады. Кезінде Ж.Аймауытов: «Тәрбиелі адам, демек
иманды адам, ол білімін ӛз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды», - деген
екен [1, 452 б.].
Жүсіпбектің осы бір тәрбие туралы ғұламалық даналығы, аталық сӛзі кірмегенде
шығар, немесе елес берді ме оны сол кезден бастап тәрбие туралы талпыныс пен білім алу
туралы үлкен ұмтылыс, зор арман Алға қазақ орта мектебінде ұстаздық қызметін
бастағанда, оны болашаққа жетелей берді.
Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев 1929 жылы Ақтӛбе облысының Алға ауданында
дүниеге келген. Ақтӛбе оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті бӛлімін (1946
ж.), Қазақ университетінің логика және психология бӛлімін бітірген (1951 ж.), Педагогика
(1982 ж.) және психология (2003 ж.) ғылымдарының докторы, профессор (1984 ж.),
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998 ж.).
Ғылыми еңбектері: «Краткий библиографический указатель по психологии» (1917-
1967 ), «Развитие психологической мысли в Казахстане» (1968), «Тұрмыс және
денсаулық» (1970), «Қазақ психологиясының тарихы» (1996), «Этнопсихология» (1998),
«Ж.Аймауытұлының психологиялық кӛзқарастары» (2000), «Әдеп және жантану» (1996),
«Этнопсихология ұлт тәрбиесінің ӛзегі» (2005), «Жантану оқулығы» (2008), 1000-нан
асағылыми мақалалардың авторы.
Профессор Қ.Б. Жарықбаев жұмыс істейтін Қазақ Ұлттық университеті бүгінгі
күндері кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір орталығы болып
табылады.
Алғаш рет қазақ тілінде «Мектеп» баспасынан Қ.Жарықбаевтың «Психология»
оқулығы 1972, 1982,1993, 2002, 2004, 2005 жж. жарық кӛрді. Бұл оқулық күні бүгінге
дейін жоғары жіне арнаулы орта оқу орындарының қазақ аудиториялары студенттерінің
қолдан-қолға түспейтін кітабына айналды. Ең басты ғылыми-зерттеу жұмысының бағыты
қазақ психологиясы тарихының қалыптасуы мен дамуын негізгі 3 кезеңге бӛле отырып, әр
кезеңнің ӛзіндік ерекшелігіне, қазақ топырағында дүниеге келген ортағасырлық
ғұламалардан Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұниден бастап, 21 ғасырдың бас кезіне дейінге
Достарыңызбен бөлісу: |