70
дүниетанымымен, рухани мәдениетімен, психологиясымен тығыз байланысты [1; 1].
Сонымен бірге ақындық табиғаттың туа бітті сыйы болса, шешендік жүре бітті қасиет екені
де ертеден ұғынықты болған. Антик дәуірінің кейбір шешендері даусын мәнерлеп, сӛз
сарасын салмақтап сӛйлеуге теңіз жағалай жүріп жаттыққан екен. Ертедегі Афина, Рим
шешендері қарумен емес, сӛз құдіретімен ұлы империяларды «жаулап» алған. Шешендік
ӛнердің шам-шырағы атанған олар риторика арқылы ғылыми логиканың, этиканың,
философияның алғашқы әліппесін қалдырды. Заманына қарай шешендік ӛнер бірде саясат
пен биліктің қаруы болса, бірде ӛмір шындығынан алшақтап, сәндік пен салтанатқа, мадақ
пен марапатқа қызмет еткен [2; 18].
Ал, қазақ топырағында қалыптасқан рухани кеңістікте, Әл-Фарабиден Абайға дейінгі
аралықта шешендік ӛнер туралы айтқан ой саңлақтары баршылық. Мысалы, Әбунасыр Әл-
Фарабидің логиканы біртұтас ойкешті ғылымдық жүйеге түсіріп, оның танымдық тәсілдерін
айқындап бергені белгілі. Шешендік ӛнерге байланысты айтылған Әл-Фарабилік ойларға
қысқаша тоқталсақ, онда ол диалетиканың қарапайым пікір таластырушылық ӛнер емес,
ақылды ұстартатын ой кешу тәсілі екендігін баса айтқан болатын. Диалетика осы қасиетімен
шешендік ӛнердің арқауы бола алады. Әл-Фараби диалетика мен риториканың
тамырластығын бағамдай отырып, сонымен қатар, олардың айырмашылықтарын да кӛрсете
білген. Айталық, егерде диалетика тек шынайы білімге негізделген, қисынды дәлелдер
арқылы тұжырымдалатын ой түю тәсілі болса, риторика шешендік қисынға, ой жүйелілігіне,
ұғымдар үйлесіміне негізделеді [3; 63].
Жалпы шешендік ӛнер риторика ғылымының аясында, әдебиеттің бір жанры, сӛз ӛнері
ретінде біршама зерттелген сала. Алайда шешендік ӛнерді тек аталған бағыт аясында ғана
емес, лингвистика ғылымының антропоцентристік парадигма аясымен сабақтастықта зерттеу
арқылы жаңа бір тың деректерге қол жеткізуге болады. Антропоцентристік лингвистикада
ойлау процесі мен тіл табиғатының бір-бірімен күрделі заңдылықтар арқылы бір нүктеге
түйісуі басты назарда болады. Ал шешендік сӛз шиырлары тікелей ұтымды ой ұшқыны мен
тіл шұрайының жемісі. Яғни, антропоцентристік лингвистикадағы ой мен тіл сабақтастығы
адамның жан-жақты табиғатына сәйкес әлеуметтік, логикалық, философиялық, биологиялық,
когнитологиялық, т.б. факторларды
тұтастай қамтиды
4;2
.
Шешендік сӛз ой тасқынынан табиғи түрде туындайды. Ал шешендікке талпыныс
жасағандар әрине жаттайды, жаттығады. Шын мәніндегі шешен адам ой қуаты мен
философиялық білім тереңдігі арқылы шешендік сӛзді ӛз жанынан шығарады.
Алайда шешен
адамда ӛз білімін жетілдіру арқылы да шешендікке қатысты ойы мен сӛзін шымырлап
отыруы заңды құбылыс. Бұл жағынан келгенде тарихтағы Цицеронның шешендікке ӛзін-ӛзі
баулуын айтуымызға болады. Цицерон шешендік ӛнерді игерудің бес әдісін айқындаған.
Оның ең біріншісі, айтарыңның болуы, яғни сӛзіңнің мазмұны. Екіншісі, сол айтпақ ойыңды
салмақтап, жүйеге келтіру. Үшіншісі, кӛркемдеу, яғни әдеби ӛңдеу. Тӛртіншісі, жадыға
сақтау. Бесіншісі, келістіріп тұрып жақсылап айтып беру, сӛйлеу. Адам бойындағы
шешендік туа бітті ме, жоқ әлде жүре бітті ме деген таласты пікірге әйгілі шешен
Цицеронның осы бес әдісі жауап бергендей. Цицерон адам табиғатына жаратылыстан
берілген табиғи қабілетті (дарынды) мойындай отырып, тек қана соған малданып қалмай,
оны үнемі жетілдіру қажет деп санайды [4; 3].
Бұл тұжырымдардан байқағанымыз – полемикалық дискурс барысында қолданылатын
нақты дәлелдерді орынды, салмақты әрі жүйелі түрде жеткізе білудің маңызы зор екендігі.
Полемикағы түсуші тұлға алдымен айтар
ойын жинақтап, саралап барып қана жеткізуі қажет.
Сонда ғана ол ӛз мақсатына сенімді әрі шынай түрде жете алатыны сӛзсіз. Сонымен қатар,
шешендік ӛнер сӛз мәдениетіне тікелей қатысты жанр. Тіпті шешендік ӛнерді сӛз
мәдениетінің ең жоғарғы кӛрсеткіші деп тануға болады. Ал, «сӛз мәдениеті» дегеннің
ғылыми анықтамасына келетін болсақ, бұл мәселені қазақ тіл білімінде арнайы зерттеген
ғалымдардың ғылыми пікірлерін басшылыққа алуға болады. М.Балақаевтың тұжырымы
бойынша, сӛз мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен
қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық,
71
орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды
ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы болса [5; 17], Н.Уәли ӛзінің «Сӛз мәдениеті» атты
еңбегінде, тіл мәдениеті деп сӛйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен
қатар айқын ойлылық, сӛзді дәл айыру шеберлігі, сӛйлеу ӛнеріне шыныққандықты атаған [6;
24]. Ал тілші-ғалым Р. Сыздық тіл мәдениеті деп сӛздерді дұрыс орнымен қолдану
(лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс
дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау
(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру деген тұжырым жасаған
[7; 24-25 ].
Жалпы, сӛз мәдениеті — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік
амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сӛйлеуде
мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сӛз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі
тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сӛйлеуде диалектизмдерді,
қарапайым, дӛрекі сӛздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз кӛп сӛйлеу, бір пікірді
қайталай беру, ӛзіне ӛзі сілтеме жасау, асқақтап сӛйлеу, дене қимылдарын араластыра беру
сӛз мәдениетіне жатпайды. Кірме сӛздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды
қолдану сӛз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сӛз мәдениеті сӛйлеу әдебі деген ұғыммен
ұштасып жатыр. Сӛз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті
түсіндірме сӛздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сӛздіктер
манызды орын алады.
Ал, сӛйлеу әдебі – тіл практикасының ұлттық, ӛзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары;
бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны
қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен
тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады [8; 214]. Сӛйлеу әдебінің жағдаяттары
кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау секілді түрлері полемикалық
дискурста жиі қолданылады. Сонымен қатар, полемика барысында қарсыласқа қатысты
айтылатын «Сен» есімдігінің орнына «Сіз» есімдігін, әңгімеге қатысушының лауазымын,
атағын (мыс., доктор, профессор), қазіргі кезде сӛйлеу әдебінің мәдениетін кӛрсететін ханым,
мырза сӛздерін, әңгімеге қатысушының ӛз ісіне, кәсібіне қосқан үлесін кӛрсететін (мыс.,
әдебиеттің ақсақалы) шынайы қошемет сӛздер мен сӛз тіркестерін сӛз барысында қосып
отыру сыпайылықтың белгісі болып саналады [8; 230].
Чех жазушысы К.Чапектің пайымдауынша, полемикада дӛрекі сӛздер мен орынсыз іс-
қимылдарға орын жоқ дей отырып, полемиканы бокспен салыстыра отырып, мынадай мысал
келтіреді: бокста қарсыластар әр-түрлі амалдарды, ержелерді сақтай отырып қана, жеңіске
жететіні секілді тілдік қақтығыстың да тиесілі ережелерін орынды қолдану арқылы жеңіске
жету әбден мүмкін. Сонымен бірже К.Чапек полемикаға қатысты кӛптеген амал-тәсілдерді
ұсынған. Солардың бірнешеуіне тоқталар болсақ:
1. Despicere (менменсу- лат.) - немесе ең алғашқы тәсілі. Бұл амалда полемикаға түсуші
ӛз қарсыласына психологиялық тұрғыдан шабуыл жасауы қажет. Яғни, қарсыластың
тарапынан айтылған уәжбен дәлелді түрде келіспеу.
2. Ulises (Улисс (Одиссей) – қулық символы - лат.). Бұл ретте қарсыластың «басын
қатыру амалы» жасалады. Яғни, тақырыптан ауытқып, қарсыласты шатастыру арқылы оның
ұрымтал жерін іздеу амалы.
3. Testimonia (куәгерлік - лат.) – бұл тәсіл полемикаға түсушінің оқымыстылығын,
білімділігін кӛрсетуіне септігін тигізетін амал. Яғни, атақты ақын-жазушылардың,
ғалымдардың нақыл сӛздерін мысалға орынды келтіре отырып, қарсыласты сӛзден тұқырту
тәсілі
9; 108
.
Сонымен, полемикалық дискурс жағдайында жоғарыда келтірілген тәсілдері орынды
қолдана білген тұлғаның еш тұқырмайтыны белгілі. Себебі тілдік ережелер мен тұлғалық,
қатысымдық әдеп пен мәдениетті бойына сіңірген тұлғаның кез-келген дауды жеңіп шығары
сӛзсіз. Осы келтірілген анықтамаларды
қорытындылай келе, байқағанымыз - лингвистикалық
нормаларды сақтаған, сӛзді дұрыс айту мен дұрыс жазуды берік ұстанған, сол арқылы