64
бірліктері әр түрлі аспектіде қарастырылады. Құрылымдық синтаксисте тіл бірліктері
жекелей алынып, ішкі байланысты құрылымдық-мағыналық деңгейде қарастырылса,
функционалды синтаксисте осы белгілердің қалыптасуы контекст, мәтін деңгейінде
зерттеледі. Ал коммуникативті синтаксисте сӛйлем мүшелері мен сӛйлемнің актуальді
мүшелерінің арақатынасы анықталады.
Профессор Б. Қасым модульдік технология мен синтаксистің жалпы біртұтас жүйесі
ретінде қарастырып, кӛрсеткішінің ӛлшемдіктерін береді және сол ӛлшемдіктердің алгоритм
тәртібімен әрқайсысының кіші жүйелерінің құрылым жүйелерін айқындап ӛту оқыту
әрекетінің басты міндеті деп санайды [5,64].
Модульді - интерактивтік технология арқылы сӛйлем мүшелерін оқытуда оқушыларға
алдымен синтаксистік талдауға берілген сӛйлемнің мағынасын меңгертіп, сӛйлемдегі әр
сӛздің жеке мағынасына түсінік берілді. Ғалым Б. Қасым мағына – сӛзді лексема ретінде
танытатын негізгі кӛрсеткіш екендігіне тоқталса, тілші Г. Қосымова «сӛздің дәлдігі ойдың
айқындылығын кӛрсететіндігін, сӛз қолданыстағы дәлдік сӛйлеушінің ойлау жүйесінің
тереңдігімен, қазақ әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуі мен ӛлшенетіндігін»
айтады
[6,28].
Тілдің ішкі даму заңдылықтарын жетік білген оқушы сӛйлем құрастыруда әр
сӛздің мағынасын айқын түсініп, синтаксистік талдау барысында сӛйлем мүшелерінің
қызметіне нақтылы сипаттама беріп, объективті саралайалады.
С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Р. Әміров, О. Тӛлегенов, Т.Сайрамбаев
еңбектерін негізге ала отырып, профессор З.С. Күзекова қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл
пысықтауышты зерттеу нысаны етіп, оның жасалу жолдары, мағыналары мен қызметіне
тоқталады.
Сӛйлем мүшелерінің модульді – интерактивтік технологиясына тән басты мақсат –
сӛйлем мүшелерінің теориялық негіздерін игерту. Соның негізінде дағдымен іскерлікті
қалыптастыру. Басты мақсаттан нақты мақсат туындайды. Нақты мақсат сӛйлем мүшелерін
модульді - интерактивтік технология арқылы меңгеруге негіз болады. Жеке мақсаттарға жету
арқылы нақты мақсат орындалады.
б) Оқу материалының толық, жеткілікті болу ұстанымы. Әр тақырып модульді -
интерактивтік технология арқылы аяқталған блок ретінде беріледі.
Әдетте, бӛлінген сағат бойынша ӛтілетін тақырыпқа қатысты материал толық қамтылуы
қажет. Тұрлаулы, тұрлаусыз сӛйлем мүшелерінің қай-қайсысы ӛтілетін болса, соған қатысты
оның сӛйлемдегі қызметі, сӛйлемдегі орны,
жасалу жолдары,
оның пайда болып,
қалыптасып
даму тарихынан да хабар берілуі шарт. Яғни оқушылардың бұрын білетін материалдарының
негізінде жаңа материалдарды байланыстыра түсіндіру арқылы 8-сыныптың сӛйлем
мүшелері тарауынан берілетін білім мазмұнының толық болуы қарастырылады.
в) Кері байланысты іске асыру ұстанымы. Тұрлаулы, тұрлаусыз сӛйлем мүшелері
туралы игерілген білім деңгейі тексеріліп, нәтижесінің кӛрініп отыруы – оқытуды модульді -
интерактивтік технология бойынша құрудағы басты талаптардың бірі. Осы мақсатқа орай
әртүрлі тексерулер (күнделікті, аралық, қорытынды) жүргізіліп отырылады. Күнделікті және
аралық тексерулер оқушының күнделікті игерген материалдары бойынша білім деңгейлерін
байқау болса, қорытындытексерумодульді-интерактивтік технологияны қабылдап алумен
байланысты.
Сӛйлем мүшелерін модульді - интерактивтік технология арқылы оқытудағы еңнегізгі
мәселелер – 8-сыныптың оқулығында берілген оқу материалын модульге бӛлу, әр модульге
интерактивтік әдіс-әсілдерді жіктеу болып табылады. Модульдің саны, кӛлемі сӛйлем
мүшелерін меңгерту мазмұны мен байланысты. Әр модульде интерактивтік әдіс-тәсілдер
қамтылады. Сӛйлем мүшелерін модульдеуде оны бӛліктерге бӛлу, мақсатын, нәтижесін
айқындау, тиімді интерактивтік әдіс-тәсілдерді таңдау, модульді-интерактивті технология
арқылы орындалатын тапсырмалар топтамасын дайындау, оқушы білімін тексерудің түрін
анықтау қажет. 8-сынып оқушылары үнемі модульді – интерактивтік әдістеме арқылы
оқытылып, оқушының кӛру, есту сезімін, зейінін дамытатын тапсырмалар орындалынып
отырса, сӛйлем мүшелерін үздіксіз қайталау арқылы аз ғана уақыт аралығында синтаксистік
65
талдауға, кез келген сӛйлем мүшелерін тауып, олардың қай сӛз табынан жасалғанын
анықтауға, орын тәртібін меңгеруге машықтанып алады. Осыған байланысты әр оқушының
деңгейін кӛрсететін диагностикалық карта жасақтап, әр тоқсан сайын сол бағыттағы
жұмыстар жүргізіліп отыру қажеттігі дәлелденеді.
Сӛйлемдегі негізгі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден басқа синтаксистік бірліктер:
бірыңғай мүшелер, жалпылауыш сӛздер, айқындауыш мүшелерде осы тәртіп пен құрамы мен
жасалу жолына қарай талданып отырылады. Осы мәселелерді дұрыс шешуге
8-сыныптағы қазақ тілі сабақтарын модульді-интерактивтік технология арқылы оқыту
септігін тигізеді. Оқушы білімнің қажеттігін ӛзі түсініп, оны ӛз бетінше игеруге жетелесе,
мұғалімді бұрыннан келе жатқан әдіс-тәсілдерден арылтып, оқыту процесіне жаңаша
кӛзқараспен, шығармашылықпен қарауға жетелейді. 8-сыныпта оқытылатын сӛйлем
мүшелеріне жаңаша кӛзқараспен қарап, барлық мәліметті
ой әрекеті арқылы тануға, ӛмірдегі
түрлі проблемалық жағдайлардан дұрыс жол тауып шығуға, ӛзіндік кӛзқарасын қорғап,
саналы әрекет жасауға үйретеді.
1. Модульді – интерактивтік әдістеме арқылы оқыту оқушылардың ӛзара
ынтымақтастығын қалыптастырады, достық, жолдастық қасиеттерін одан әрі бекітіп, қарым-
қатынастарын нығайтады.
2. Анықтау эксперименті кезеңінде білімі нашар оқушылардың ұсынылған
технологиямен оқытубарысында сабаққа деген ынталарының артқаны, білім сапаларының
жоғарлағаны, олардың тапсырмаларды ӛздігінен орындауға талпынатындығы байқалды.
3. Келесі оқыту тәжірибесі барысында оқушылардың жұмыс істеу қабілеті, логикалық
ойлау жүйесі, тың шешімдер қабылдай білуі және сӛйлем талдай білу мақсатында
тақырыпты шапшаң игерулері байқалып, анықталады.
4. Бақылау кезінде орындалған жұмыс барысында, сӛз болған модульді-интерактивтік
технология арқылы оқыту қазақ тілі бағдарламасы бойынша қамтылған сӛйлем мүшелерінен
берілген материалдарды меңгеруге мүмкіндік беретін тиімді әдістеме екендігі дәлелденді.
5. Қазіргі заман ағымына сай жасұрпақты тәрбиелеуде және оқытуда модульді-
интерактивтік технологияның бірден-бір қажет әдістеме екендігі танылды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы //
Егемен Қазақстан, 2004, 46 – қаулы. - Б., 1-4.
2. Жақсылықова К. Қазақ тілін орыс бӛлімдерде модульмен оқытудың ғылыми-
теориялық негіздері. Пед.ғыл.докт. авторефераты. -Алматы: 2001. -54 б.
3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде
/Аударған Д.А.Қайшыбекова/ -Алматы: 2002. -180 б.
4. Г.Нұрбекова. Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінің жоғары сынып
оқушыларын диалог сӛзге үйретуде интерактивтік тәсілді қолдану әдістемесі (неміс тілі).
Пед.ғыл.канд. авторефераты. -Алматы: 2001. - 54 б.
5. Арын Е., Қасым Б., Жұматаева Е. Қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Орыс
аудиториясының экономика мамандықтарына арналған оқулық. -Павлодар: РӚФ «ЭКО». -
2005. -236 б.
6. Қосымова Г. Қазақ шешендік ӛнерінің негіздері және тілдік танымы. Фил.ғыл.докт.
дисс. авторефераты. -Алматы: 2004. -50 б.
7. Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. -Алматы: 2007. -
184 б.
8. Оразбаева Ф.Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. /Оқуқұралы/, -Алматы: РБК. -
2000. -208 б.
9. Аманжолов С., Аманжолов А., Қосымова Г. Қазақ тілі. Жалпы білім беретін
мектептің 8-сынып оқулығы. -Алматы: Мектеп, 2004. -208 б.