77
Сӛзді айтқанда асықпай, қысқа, анық , есептеп, жай ғана баланың түсінуіне жетерліктей етіп
айту керек. Мысалыға: ―Ыдыс қайда?‖, ―Мен ыдысты кӛріп тұрмын‖, ―Ыдыс стол үстінде
тұр‖, ―Ыдыста сүт бар‖, ―Нұржан сүт ішеді‖ және т.б. Бұл әдіс баланың айтқанды кӛру
арқылы түсінуі үшін қолданылады.
2. Параллель сӛйлесу әдісі.
Бұл әдіс алдыңғы әдістен баланың барлық қимылдарын айтылуымен ӛзгешеленеді: ол
не кӛріп, естіп, сезіп түртіп тұр. ―Параллель сӛйлесуді‖ қолдану арқылы, сіз баланың сӛзін,
тәжірибесін арттыратын сӛздерді айтасыз, нәтижесінде оның ӛзі кейін қолдана алатын
болады.Мысалы: Нұржанның үстінде кӛк кӛйлек бар. Сен қандай кӛйлек киіп отырсын?
3. Қарсылық білдіру, немесе әдейі баланы түсінбеу әдісі.
Бұл әдіс балаға ӛзінің керегін нақты айтуға мүмкіндік береді. Бұл жерде үлкендер
уақытша ―естімейтін, кӛрмейтін‖ болуы керек. Мысалы бала сӛреде тұрған ойыншықты
кӛрсетсе, сіз оған басқа ойыншықты алып беріңіз. Баланың алғашқы реакциясы сіздің
түсінбегендігінізге наразылық кӛрсетеді.. Бұл оның алғашқы қарсылық білдіру белгісі
болады. Сіз балаға: ―Мен сені түсінбеймін, сен не қалайсың? Қуыршақты ма, әлде қонжықты
ма? ‖ Бұл жерде бала ӛз керегін айту үшін алғашқы сӛз тіркестерін пайдаланады [1,54б.].
4. Кең ауқымдылық әдісі.
Бала айтқан сӛздерге сын есімді, шылау тіркестерді қоса отырып толықтырып
отырыңыз. Ол сізді естіп отыру жеткілікті. Мысалы: Сорпа-кӛкӛніс сорпасы ӛте татті екен.
т.б.
5. Таңдау әдісі.
Баланың қандай ойыншықпен ойнағысы келетінін ӛз таңдауына беріңіз. Екі жасқа
келгенде бала не ішкісі келетіндігін, не істегісі келетіндігін айтуға бейімделеді.Нақты ӛзі
атап бермесе де ыммен нұсқаумен білдіре алады.Бала бұл жерде белгілі бір дәрежедегі
ӛзіне деген жауапкершілікті,ӛзіндік бағалануы, орның сезінеді. Мысалы: Сен сүт
ішесінбе әлде су ішесінбе деп сұрау керек, немесе сенің ұйқын келдіме, жатқын
келеме әлде ойнай тұрасынба деген сұрақтар түрінде болуы тиіс.
6. Табиғи материалдармен ойнау әдісі.
Сӛйлеу
және таным бесенлілігін арттыруда әр түрлі заттар мен обьектілерпді
уақытты ауыстыра отырып зерттеп кӛру үлаен әсер етеді. Кішкентай
балаларға барлық
затты жеп кӛру, оларға ұзақ қарап отыру, ұстап кӛру, сол заттармен әр түрлі кішкене
жаналықтар ашу , қабілеті болады. Бұл кезеңде бала алғашқы жылында суға, топыраққа,
ағашқа , қағазға, шӛпке ұмтылады. Бұл ұмтылыста үлкен мағына бар: бала ол заттың
қандай материалдан жасалғандығын, құрлысымен, қызметімен және т.б. танысып, үлкен
жұмыс үстінде болады. Баланың ең жақсы кӛретін ойыншығы ол ӛзі жасаған ойыншық
болып саналады. Мысалы: таяшалардани жасалған қамал, топырақтан жамсалған үйлер,
қасықпен қазған шұңқырлар ,қағаздан жасалған қайықтар, қағаздан, матадан,сабан
шӛптен жамсалған қуыршақтар .т.б.Бұл кезеңде балаға зиянсыз табиғи материалдан
жасалған ойыншық бергеніміз абзал болады. Мысалы: ағаш, пластмасса.
7. Баланың іс-әрекетін ӛзгертіп отыру әдісі.
Сӛйлеу тілі дамуының ерте кезеңінде бала әр түрлі сӛзді ауыстыра алатын
тілдерді білетін болады .Ол ӛзіне қол жетерлік басқа сӛздермен айтады: жестік,
мимкалық дыбысқа еліктеу арқылы, жылау арқылы, сурет салу арқылы, т.б. Бала ӛз ойын
білдіргісі келеді, бірақ соны айтатын сӛздерді білмейді немесе айта алмайды. Бұл жерде
ол сурет салуды, конструкторларды, аппликацияларды пайдаланады. Бұл баланың
лигвистикалық қабілеттерін ғана дамытып қоймайды сонымен қатар сенсорлы таным
әрекеттерін дамытады: Әйгілі Л.С.Выготский айтып кеткендей баланың суретті
«Графикалық сӛйлеу» деп есептеді [5,87б.].
Бала ӛмірінде ойын үлкен орын алады. Балалар үшін ойын-ол оқу, еңбек, тәрбиелеу
әдісінің негізгі бір тәсілі болып табылады. Ал, ойын сӛйлеу тілін қалыптастырудың негізгі
бірден-бір жолы болып табылады. Ӛздеріміз күнделікті ӛмірде
байқағанымыздай, қазір, ойын
ойнаймыз десек болды, олардың кӛздері күлімдеп, қуаныштарында шек болмайды.