Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет30/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99

60 
 
Подкасттың  түрлері  ӛте  кӛп.  Г.Стенлидің  ұсынысы  бойынша  подкасттар  үш  түрге 
бӛлінеді: аудио-подкаст, бейне-подкасты және скринкаст. Скринкаст – адамдардың Интернет 
арқылы  білім  алуын  жеңілдететін  жаңа  ұғым.  Скринкасттың  мәні  компьютерлік 
бағдарламаларды  түсіндіретін,  аудио-комментарийі  бар  компьютер  экраны  әрекеттерінің 
арнайы бағдарламалар арқылы жазылуында.  
Аудио-подкаст  деп  компьютер  немесе  диктофон  арқылы  жазылған  және  Интернет 
арқылы  жүктеуге  болатын  аудиофайлдарды  (подкаст  арналары  -  podcast  channels  )  айтуға 
болады.  
Бейнеформатта  жазылған  подкасттар  водкасты  (vodcast)  деп  аталса,  ал  подкаст  пен 
водкасттың құрылу, таратылу және қолданылу технологиясы – подкастинг деп аталады.  
Подкасттардың әлеуметтік қызметінің ӛзіндік ерекшеліктері бар. Олар:  
- интернеттің подкаст қызмет кӛрсету бӛлімінде қолданушылардың жеке подкасттарын 
орналастыруына мүмкіндіктің болуы. 

желілік  талдауды  ұйымдастыру  барысында  хабарламаларды  орналастыру 
хронологиялық жолмен жасалады (блогтағы немесе формудағы секілді).  
-  қолжетімділік. Серверде жарияланған подкасты кез-келген қолданушы тыңдап, қарай 
алады [7]. 
Біздің  баяндамамыздың  негізгі  нысаны  оқушылардың  подкастты  пайдалану  арқылы 
шетел тілін меңгеруін қалыптастыру болып табылады. Сол себепті «оқу подкасты» терминін 
енгізу  қажетті  болып  отыр.  Бұл  терминнің  астарында  мұғалімдерге  арналған  оқу  үрдісінде 
қолданылатын, оқу бағдарламасының тақырыптық және тілдік мазмұнына  сәйкес  жасалған 
шетел тіліндегі дыбыстық немесе бейне жазбалар жатыр. 
Біздің  пікірімізше,  шетел  тілін  үйретуде  заманауи  подкаст  технологиясын  қолдану 
инновациялы  мультимедиялық  феномен,  ерекше  құбылыс  болып  табылады.  Подкаст  шетел 
тілін  есту  арқылы  түсінуге  септігін  тигізеді.  Оқытушылар  мен  оқушыларға  тыңдарман 
ретінде барлық талаптар мен қызығушылықтарға сай шексіз аутенттік және оқу ақпараттары 
әлеміне  жол  ашылады.  Қатысымдық  құзыреттілікті  аутенттік  материалдар  арқылы 
қалыптастыру тиімді болмақ. 
Сонымен  қатар  аутенттік  материалдарға  кӛлік  шуылы,  ӛтіп  бара  жатқан  адамдардың 
әңгімелері,  телефон  қоңырауы,  әуен  т.б.  жатқызылады.  Бұл  шетел  тілінде  ұсынылған 
жағдайларды  әр  түрлі  кедергілер  арқылы  қабылдай  алу  дағдысын  қалыптастыруға 
кӛмектеседі.  Подкаст  аутенттік  материалды  есту  қабілеті  арқылы  қабылдауға  жаңаша 
мүмкіндік беретіндіктен, әдістемелік жағынан подкастты шетел тілі сабағында қолдану оны 
қызықты  әрі  мазмұнды  етеді.  Подкаст  білімнің  барлық  саласының  ӛзекті  материалдарын 
игергендіктен  білім  алушылар  қызығушылығын  тудырады.  Ал,  бұл  материалдарды 
елтанулық  суреттер  мен  бейнероликтер  арқылы  толықтырып  отыруға  болады.  Тәлімгерлер 
әр  түрлі  ӛзекті  тақырыпта  мәлімет  ала  отырып,  сӛздік  қорларын  байыта  және  сӛйлеу 
дағдыларын  бірдей  дамытады.  Мұның  бәрі  дәстүрлі  пәнді  мазмұнды  әрі  қызықты  етеді. 
Подкаст  тіл  үйренушілердің  шығармашылық  қабілетін  еркін  дамытуына  жол  береді 
нәтижесінде,  шет  тілінде  еркін  сӛйлеуге  ұмтылады.  Әлеуметтік  сервис  және  подкасттар 
қызметтері  шеттілдік  мәдениетті  тануға  деген  ой-ӛрісті  кеңейтуге,  кез  келген  аутенттік 
ақпаратқа шексіз қолжетімділікке мүмкіндік туғызады [8]. 
Қазіргі білім беру жүйесінде негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. 
Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік, күш-жігердің болуы. 
Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық  жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді  және 
олар  бәсекеге  қабілетті  маманмен  қамтамасыздандырады.  «Білім  берудегі  ақпараттық 
құзыреттілік»  ұғымы  «оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологиялары»,  «қазіргі  ақпараттық 
оқыту  технологиялары»,  «компьютерлік  оқыту  технологиялары»  және  т.б.  тіркестермен 
тығыз  байланысты.  Ақпараттық  құзыреттілік  арқылы  нақты  обьектілер  кӛмегімен  қажетті 
ақпаратты  іздеу,  талдап-таңдап  (іріктеп  алу),  ұйымдастыру,  түрлендіру,  сақтау  және 
ақпаратты  бере  білу  дағдылары  қалыптасады.  Яғни,  оқушы  ақпаратты  тек  қабылдап  қана 
қоймай, оны талдап, ӛз пайдасына тиімді жарата да біледі. 


61 
 
Подкаст  технологиясын  шетел  тілі  пәндерінде  қолдану  оқушылардың  аутенттік 
материалдарды,  яғни,  аудио-бейне  жазбаларды  тіл  игерушілердің  ӛз  аузынан  естіп  қана 
қоймай,  сонымен  қатар,  оны  қайталау  арқылы  шетел  тілін  еркін  меңгеруіне,  шетел  тілінің 
(біздің жағдайымызда ағылшын тілі) фонетикалық ерекшеліктерін айқын меңгере алады [9]. 
Сонымен  қатар,  подкасттарды  пайдалана  отырып,  шетел  тілін  оқыту  үрдісін 
ұйымдастыруда  келесі  маңызды  қызметті  ұмытпаған  жӛн:  оқытудың  мотивациялық  негізін 
жасау  ӛте  маңызды  орында.  Подкаст  ӛте  күшті  мотивациялық  құрал  ретінде  оқушылардың 
біріге  отырып  жұмыс  жасауында  күшті  эмоционалдық  ықпал  етеді.  Танымдық  және 
эмоционалдық  қызығушылықтар  шетел  тіліне  деген  жағымды  кӛзқарас  тудырады,  оқыту 
материалдарын  есте  жақсы  сақтауға  әсерін  тигізеді,  зейіннің  аздығын  толықтырып, 
оқытудың тәрбиелік мәнін арттырады. Олай болса, біздің ойымызша, подкаст технологиясы 
ӛзіндік  дидактикалық  ерекшеліктері  мен  қызметтерінің  қорытындысында  кӛптеген 
жетістіктерге ие екендігін, және бұл әрекеттердің оқыту үрдісін одан әрі тиімдірек ететінін 
және  нәтижесінде  алға  қойған  дидактикалық  мақсаттардың  сапалы  түрде  орындалуына 
мүмкіндік  беретінін  сенімді  түрде  айтуға  болады.  Осы  тұста  айта  кететін  маңызды    жайт: 
подкаст  технологиясын  қолдану    арқылы    ақпараттық    қатысым    құзыреттілігін    дамыту 
аутенттік  аудиоматериалдардың    дереккӛзі  ретінде    жоғары  тәжірибелік    құндылыққа    ие 
екендігін  атап  ӛту  қажет.  Сондай-ақ,шетел  тілін  оқытудың  теориясы  мен  тәжірибесінде 
подкаст    технологиясын  қолдану  қазіргі  білім  беру    жүйесінің    заманауилығы  мен 
ұтқырлығын  анықтап,білдіреді.  Яғни,  мұғалімнің  жаңа  ақпараттық  құзыреттіліктерге  
уақытылы  орайластыра  икемделе    алуы  мен    оның  ақпараттық  құзыреттілігінің  меңгеру 
деңгейін сипаттайды. 
Зерттеу  жұмысымыздың  тақырыбының  мәнін  толық  ашуға  кӛптеген  ғалымдардың  
(П.В.  Сысоев,  М.Н.  Евстигнеев,  А.Г.  Соломатина,  G.  Stanley,  С.М.  Иманқұлова  және  т.б.) 
зерттеулері  негіз  болды.  Ғылыми  жобаны  жазу  барысында  байқағанымыз  -  подкаст 
технологиясын  шетелдік  ғалымдар  терең  зерттеген,  ӛз  елімізде  әлі  де  толық  зерттелмей 
жатқаны, яғни, қазақ тілді материалдардың аздығы. Сонымен қатар, қазіргі уақытта подкаст 
технологиясы негізінде жасалған бірнеше бағдарламар бар. Мысалы, Подкасттың LinguaLeo, 
Puzzle English, ENpodcast, Duo Lingou, British Council ұсынған Learn English, Audio & Video, 
Johny  G  және  т.б.  түрлері  бар.  Жобаның  соңғы  бӛлімінде  осы  подкасттарға  жіті  тоқталып, 
олардың  қолдану  ережелері  мен  тәсілдері  туралы  ақпарат  бердік.  Яғни,  бұл  подкасттарды 
интернет жүесі арқылы еркін жүктеп алуға болады [10]. 
Қорытындылай  келе  айтатынымыз,  подкастты  тиімді  қолдану  арқылы  оқушылардың 
жеке  тұлғалық  мүмкіндіктеріне  қарай  шетел  тілін  меңгеру  амалдары  түрленіп  отырады. 
Сонымен қатар, подкаст оқушылар шығармашылығының дамуына бостандық береді. Шетел 
тілін  оқытуда  подкасттарды  қолдану  оқытуды  тек  аудиторияда  шектемей,  уақыт  пен 
кеңістікте мобильді етеді. Және қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, 
қарым-қатынасына  ақпараттық  қатысымдық  технологиялардың  кеңінен  қолданысқа  еніп, 
жылдам  дамып  келе  жатқан  кезеңінде  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  қажетті  шартқа 
айналып  отыр.  Осы  орайда  келешек  қоғамымыздың  мүшелері  –  жастардың  бойында 
ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  қоғамның  алдында  тұрған  ең  басты  міндет  болып 
табылады.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» атты халыққа Жолдауы. Астана – 2012ж. 
2. Образование для мирового сообщества// Образование: сокрытое сокровище. –Париж. 
ЮНЕСКО, 1997г. – 111, 248 бб. 
3. Сысоев П.В., Евстигнеев М.Н. Методика обучения иностранному языку с 
использованием новых информационно-коммуникационных Интернет-технологий. Москва. 
Глосса-пресс. Ростов н/Д: Феникс, -  2010 ж. 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау