01.03.2016 редакциясында
Жарияланған: Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 12, 44-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 7 шілдедегі N 152
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңы
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы
МАЗМҰНЫ
РҚАО ескертпесі!
Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібін 13-баптан қараңыз.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауыл, ауылдық», «ауылдың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң балалы отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар түрiнде әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар):
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берілетiн жәрдемақы);
бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтімi жөнiндегі жәрдемақы);
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшаның төртінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
он сегіз жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы);
мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган - уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
4) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
5) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi;
РҚАО-ның ескертпесі!
7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшін отбасы атынан өтiнiш беретін адам;
РҚАО-ның ескертпесі!
8) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
8) учаскелiк комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия;
9) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
11) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға қолданылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-бапты екінші бөлікпен толықтыру көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
3-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-1-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
Уәкілетті мемлекеттік орган:
1) балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу қағидаларын және балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын және Мемлекеттік корпорацияның оны ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3-2-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
Мемлекеттік корпорация:
1) жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті органға беру үшін құжаттар қабылдауды және олардың жинақталуын тексеруді жүзеге асырады;
2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша жәрдемақылар тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) балалы отбасыларға жәрдеамақыларды уақтылы төлеуді қамтамасыз етеді;
4) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды жүзеге асырады;
5) бала туғанда, бала күтіміне байланысты және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы төлеуге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
6) жәрдемақы төлемдеріне ай сайынғы қажеттіліктерді және оны төлеу графиктерін қалыптастырады, бала туғанда, бала күтіміне байланысты және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді уәкілетті мемлекеттік органға жібереді;
7) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға береді.
Ескерту. Заң 3-2-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
4-бап. Жәрдемақылар алу құқығы
1. Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
2) мынадай жағдайларда:
бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;
2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы;
4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасау
1. Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш:
1) Мемлекеттік корпорацияға – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;
2) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе Мемлекеттік корпорацияға – балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша беріледі.
Тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаған кезде өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақы тағайындау үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш жасайды.
Адамдар бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
Ата-анасының бірінің, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жәрдемақы тағайындау туралы жеке өзі өтініш жасауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-анасы, қорғаншылары немесе қамқоршылары белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға сұрау салуды жүзеге асырғандар ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен растаған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының тағайындалған күні болып өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға тағайындау үшін өтініш жасаған күні есептеледі.
5. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он екi айдан аспауға тиiс.
6. Өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық және анық мәлiметтер ұсынуға мiндеттi.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің тәртібі
1. Жәрдемақы тағайындау мен төлеуді уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен тиісті уәкілетті орган жүргізеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-2-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
1-2. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді.
Учаскелік комиссиялар уәкiлеттi органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда, оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға береді.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Тиісті уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса, олардың Мемлекеттік корпорацияда немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алған электрондық құжаттар мен мәліметтер және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Тиісті уәкілетті орган өтініш берушіге бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындау немесе бас тарту (себебін көрсетіп) туралы қабылданған шешім жөнінде жазбаша не Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу жолымен, ал «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде – бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабарлайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Уәкілеттi орган тиiстi органдардан өтiнiш берушiнiң балаларға арналған жәрдемақы тағайындалу құқығын растайтын мәлiметтер сұратуға құқылы.
4. Өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi органның әрекетiне және шешімiне жоғары тұрған уәкілеттi органдарға, сондай-ақ сот тәртiбiмен шағым жасауға құқығы бар.
5. Толық мемлекет қарауындағы балаларға жәрдемақы тағайындалмайды.
6. Төлемдi тағайындайтын немесе төлеудi жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақтылы алынбаған жәрдемақылар сомалары өткен уақыт үшін мерзiмiне шек қойылмай төленедi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу
1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
РҚАО-ның ескертпесі!
8-бап 2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
8-бап. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау мен төлеу
1. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге тағайындалады.
2. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.
4. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
9-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
9-бап. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу
1. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға тағайындалады.
2. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтінiш берген айдан бастап ай сайын төленедi.
3. Азаматтар алғаш рет өтініш жасаған кезде, сондай-ақ отбасы табысының мөлшеріне әсер ететін жағдайлар өзгергенде, уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуі туралы шешім қабылдайды.
Жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша учаскелiк комиссия отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және қорытындысын уәкілетті органға табыс етедi.
4. Балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-1-бап. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап баланың мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгізілген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.
Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Жәрдемақылар мөлшері
1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 31,41 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 52,35 айлық есептік көрсеткіш;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
бірінші балаға – 5,76 айлық есептік көрсеткіш;
екінші балаға – 6,81 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші балаға – 7,85 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 айлық есептік көрсеткіш;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) балаларға арналған жәрдемақы – әрбір балаға 1,05 айлық есептік көрсеткіш;
4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы – жалақының 1,05 ең төмен мөлшері.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жәрдемақы – ең төмен жалақы мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы тиісті уәкілетті органды он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап жәрдемақы мөлшері қайта қаралады, бірақ бұл мерзім оларды тағайындаған кезден ерте болмауға тиіс.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.03.2014 N 180-V (01.04.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Жәрдемақыларды төлеуді тоқтату
1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеуді тоқтату үшін:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланың толық мемлекет қарауына берілуі;
3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәліметтер табыс етуі;
4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.
2. Жәрдемақыны төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР ҚР 28.10.2015 № 369-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |