Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет12/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   99

24 
 
тамақтандыруға  35  миллиард  сомнан  астам  қаржы  жұмсалыпты.  Мұның  да  жеткіліксіз 
екендігін  байқаған  Тұрар  республика  үкіметінен  шұғыл  түрде  тағы  да  100  миллион  сом 
бӛлуді  сұраған 

5,  31-п.

.  Осы  жылдарда  ашаршылыққа  ұшырағаңдардың  90  пайыздан 
астамы  қазақтар  екендігін  ескерсек,  қаншама  халықты  Тұрар  Рысқұлов  ашаршылық 
шеңгелінен  аман  алып  қалды  десеңізші!  Болжамды  есеп  бойынша,  ол  кӛрсеткіш  1,5-2 
миллион адам кӛрінеді.  
1919 жылдың кӛктемі мен жазы жайлы болып, оңтүстік ӛлкесінде шӛп те, егіс те бітік 
шықты.  Сӛйтіп,  ашыққандарды  тамақтандыру  орындарының  басым  бӛлігі  таратылды. 
Денсаулығы 
нашарлар 
ауруханаларға 
орналастырылып, 
әлеуметтік 
қамқорлық 
ұйымдарының  қарауына  тапсырылды.  Ал,  денсаулығы  дұрыстары  түрлі  жұмысқа 
орналастырылды 
немесе 
ел-жұрттарына 
оралды. 
Тұрардың 
қажырлы 
еңбегі, 
ұйымдастырушылық қабілеті жоғары бағаланып, мұсылман коммунистерінің зор сеніміне ие 
болды.  Наурыз  айында  ол  мұсылман  коммунистері  бюросының  тӛрағасы  болып  сайланса, 
келесі  1920  жылы  қаңтар  айында  25  жасар  Т.  Рысқұлов  Түркістан  Республикасы  Орталық 
атқару комитетінің тӛрағасы болып сайланды 

4,146 б.

. Бұл сенімді де Тұрар ақтай білді. Ол, 
әсіресе, Орта Азия мен Қазақстанда жергілікті ұлт ӛкілдерінің санасын кӛтеру, сауатын ашу, 
олардың жаңа құрылымдағы беделін арттыру, арасынан басшы кадрларды іріктеп, тәрбиелеп 
шығару, орналастыру мәселелерімен тікелей айналысты. 
Айта  кету  керек,  Түркістан  Республикасы  басшыларының  ашаршылықка  қарсы 
жүргізген пәрмеңді күресінің жемісті аяқталуы 1919 жылы елді «Үлкен жылан» қасіретінен 
тек  қана  арылтып  қоймай,  Қазақстанның  Солтүстік  батыс  аудандарында  ашаршылыққа 
душар болған халыққа кӛптеп кӛмек ұйымдастыруына мүмкіндік берді.  
Әулиеата  қаласында  1919  жылдың  күзінде  кӛше-кӛшеде  жарнамалар  ілініп, 
«Ашаршылықтан  бауырларымызды  арашалайық!»  деген  плакаттар  ілініп,  халыққа  Үндеу 
таратылды.  Оның  мағынасы:  1914  жылы  Бурное  станциясына  дейін  пайдалануға  берілген 
темір жолға астық жеткізу үшін  «Арбасы барлар арбаңды, қамыты барлар қамытыңды, аты 
барлар  –  аттарыңның  майын  беріңдер...  Құрастырып,  астық  артайық,  аштарға 
кӛмектесейік...!»  деген  тірлік  болатын.  Бұл  тек  қана  Әулиеата  уезінде  емес,  Түркістан 
Республикасының барлық аймағыңда жүріп жатқанын  сол кездегі Тұрар Рысқұлов пен Қазақ 
АКСР-ы  халық  комиссарлар  Кеңесінің  тӛрағасы  Сейтқали  Меңдешовтардың  арасындағы 
алмасқан  жеделхаттардан  кӛруге  болады.  Бірақ  қанша  астық  жіберілгені  жӛніңде  мәлімет 
жоқ.  Тек  қана  С.  Меңдешовтың  алғыс  жариялаған  бірнеше  жеделхаттары  бұл  кӛмектің  аз 
болмағаңдығын кӛрсетеді. Ӛйткені, Қазақ АКСР-ының ол кезде Ресейден кӛмек алуы мүмкін 
емес  еді.  Онда  М.И.  Калинин  бастаған  аштыққа  қарсы  тӛтенше  комиссия  құрылып,  1919-
1922  жылдарға  дейін  Ресейдегі  жаппай  етек  алған  ашаршылықпен  арпалысып  жатқан. 
Есесіне В.И.Лениннің нұсқауымен Қостанай, Кӛкшетау аймағына дейін «Узкоколейка» темір 
жолы  салынып,  Қазақстаннан  Ресейге  астық  тасу  қолға  алынғаны  мәлім.  Міне,  осының 
барлығы  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  қазақ  халқының  Түркістан  Республикасының 
қарауында  болса  да  ӛз  бауырластарына  кӛмектескенін  дәлелдейді.  Бұлардың  ӛзара 
байланысының  тығыз  болғанын  1920  жылы  қаңтар  айында  Әулиеата  (Түркістан 
Республикасы) және Қазақ Республикалары қазақтарының 600 делегаты (ӛкілдері) қатысқан 
Жер-су реформасының басталуына арналған І съезінің шешімдері делел. 
Қай саланы басқармасын, қай жерде жүрмесін, Рысқұлов – Рысқұлов күйінде қалды. Ол 
туған халқының арман-тілегімен, мұң-мұқтажымен ӛмір сүріп, күрес жүргізді.  
Т.Рысқұлов  –  ұлт  жанашыры  болды,  оның  бүкіл  саналы  ӛмірі  ұлт  мүддесі  жолындағы 
жалынды күреспен ӛтті. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақ ССР тарихы. - Алматы. 1967,  71б. 
2. ЖОММ, 50-қ., І-т., 1-іс, 63-п. 
3. ЖОММ, 50-қ., І-т., 1-іс, 64-п. 


25 
 
4. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. –
Алматы, 1994. – 45 б. 
5. Ӛзбекстан Республикасының ОММ, Р- 29-қ., 3-т., 1340- iс, 31-п.  
 
Аннотация 
Мақалада Әулиеата уездік Атқару Комитеті тӛрағасы Тұрар Рысқұлов ашаршылыққа ұшыраған 
халыққа  жан-жақты  кӛмек  кӛрсету  үшін  байлардың  мүлкін  тәркілеп,  бӛліп  бергендігі  және  оларды 
тегін  тамақтандыратын  орындар  ашқандығы  қарастырылады.  Сонымен  қатар  кӛктемгі  егіс 
жұмыстарына  қызу  дайындықты  бастап,  ашыққандарға  тұқымдық  астық  та  орталықтан  несиеге 
берілгендігі баяндалады. 
Аннотация 
В  статье  рассматривается  активная  деятельность  Турара  Рыскулова  (1894-1938).  Будучи 
председателем  Аулие-Атинского  уездного  Исполнительного  Комитета,  а  позже,  и  председателем 
Чрезвычайной  Центральной  комиссии  Туркестана  по  борьбе  с  голодом,  по  его  же  предложению 
созданной, в 1918-1919 гг. Т. Рыскулов оказал всестороннюю помощь голодающему населению края, 
открывал ему бесплатные обеденные места, организовывал конфискацию излишков имущества  баев 
и передачу его бедствующему народу. Автором исследуется организация Т. Рыскулова подготовки к 
весенне-полевым работам, распределение  им выделенного из Центра для их успешного завершения 
семенного фонда.  
Annotation 
The  article  considers  the  activity  of  Turar  Ryskulov  (1894-1938).  As  Chairman  of  the  Auliye-Ata 
district Executive Committee and later Chairman of the Emergency Central Committee of the Turkestan in 
the fight against hunger, at his suggestion created, in 1918-1919 T. Ryskulov provide all possible assistance 
to the  starving  population of the  region,  opened  a  free  dining  places,  organized the  confiscation  of surplus 
property  of  bais  -  rich  prosperous  people  and  to  redistribute  it  between  the  poor  disasters  people  of  the 
region.  The  author  examines  the  organization  of  the  T.  Ryskulov  preparation  for  spring  field  work,  the 
distribution is allocated to them for their successful completion of the seed Fund from the Center.  
 
ӘОЖ: 378.016:74-75 
 
СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАН КӘСІБИ СУРЕТШІЛЕРІНІҢ 
ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ КӚРКЕМ БЕЙНЕЛЕРДІҢ 
ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫНЫҢ ДАМУ  ЖОЛДАРЫ МЕН  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН 
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ 
 
 
Тҥгелбаева А.О. 
Тараз мемелекеттік педагогикалық институты,  Тараз қ. 
 
Қазақстан  Республикасының  дербес,  жеке  ел  болуы  оқу-ағарту  ісіне  жаңаша  кӛзқарас 
жасауды  әкелді.  Яғни  білім  берудің  жүйесін  дамытудың  жаңаша  жолын  іздестіріп,  соған 
сәйкес  бағыттарын  айқындап,  жаңа  тұжырымдамалар  қабылдады.  Ол  тұжырымдамалар 
әлемдік  тәжірибеге  сүйену  негізінде  инновациялық  білім  беруді  жӛн  деген  жоба  арқылы 
құрылып,  іске  асырылу  қолға  алынған  еді  [1].  Бүгінде  сол  жобаның  тәжірибелік  - 
эксперименттен ӛткізілуі іске асырылып, бүгінде қортындысы шығарылуда. 
Жоғары    оқу  орындарының  студенттерінің  Қазақстан  кәсіби  суретшілердің  кӛркем 
туындыларындағы  кӛркем  бейнелердің  трансформациялық  жәй  күйінің  ӛзгерістерін  
ажырата білуге, кӛркем қабылдауға, терең талдауға, түсінуге деген ӛзіндік қатынасын орната 
отырып,  дүниетанымдық  кӛзқарастарын  қалыптастыру  кӛзделеді.  Сонымен  қатар 
студенттердің  игерген  білім  сапасын    арттыра  отырып,  бүгінгі  күнге    сай  білік,  білім, 
дағдыларды    игеруге  бағытталған    оқытудың  тиімді  формалары  мен  әдістерді  енгізуді 
кӛздейді. 
Студенттерге  бейнелеу  ӛнеріміздегі  кӛркем  бейнелердің  трансформациясының 
заманауи қазақстандық тәжірибесінің  жан жақты қырының мазмұнын саралап, әртүрлі әдіс-


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау