22
қалыптасуы керек: оң моральдық адамгершілік жоғары деңгейі; адамгершілік сана мен мінез-құлық
моральдық дайындығы; тереңдігі оң моральдық пайымдаулар білім алушылар білуі; орындау негізгі
әлеуметтік-адамгершілік міндеттері. Осы бап кӛрсетеді және келесі міндеттерді қалыптастыруға, жас
ұрпақтың қызығушылық танытып, салауатты ӛмір салты, қажеттілігін түсінуге денсаулығын
меңгеруде кәсіби дағдылар мен құзыреттерге ие болады.
Аннотация
Реализация модульно-рейтинговой системы зависит от исполнительской дисциплины
преподавателей, единства требований, предъявляемых преподавателями, от информированности
студентов о требованиях модульно-рейтинговой системы, что зависит и от качества воспитательной
работы. В результате должны формироваться: положительная моральная нравственность; высокий
уровень нравственного сознания и его поведенческой моральной готовности; глубина
положительных моральных суждений обучающихся; умение выполнять основные социально-
нравственные обязанности. Данная статья отражает следующие задачи сформировать у молодого
поколения устойчивый интерес
к здоровому образу жизни, к пониманию необходимости физического
здоровья в овладении профессиональными навыками и компетенциями.
Annotation
Realization of the module-rating system depends on carrying out discipline of teachers, unity of the
requirements produced by teachers, from being informed of students about the requirements of the module-
rating system, that depends and from quality of educator work. As a result must be formed: positive moral
morality; high level of moral consciousness and his moral readiness; depth of positive moral judgements of
student; ability to execute basic socially-moral duties. This article reflects next tasks to form at the young
generation steady interest in the healthy way of life, to understanding of necessity of physical health in a
capture by professional skills and competenses.
ӘОЖ 587.98
Т. РЫСҚҦЛОВ ЖӘНЕ ТҤРКІСТАН ӚЛКЕСІНДЕГІ
АШАРШЫЛЫҚПЕН КҤРЕС
Тоқбергенова З.С.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
«Халықтың ӛткен тарихын зерделеудің зәрулігі – түсіндіріп жатуды қажет етпейтін
құбылыс», олай болса Қазақстан тарихының ӛткен кезеңдеріне зер салсақ, тағдырдың талай
қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны кӛп халқымыздың сан қилы қиындықтарды
бастан ӛткергенін кӛреміз. Әйтсе де ел басына түскен небір зұлматтардың ішінде орны
толмас ӛкініш,
қаралы кезең, ол ашаршылық нәубеті болды.
«Жұт жеті ағайынды» демей ме қазақ, 1915-ші – қоян жылы Қазақстанның оңтүстігінде
қатты құрғақшылық болып, мал қыстан жұтап шықты. Келесі ұлу жылында да
қуаңшылықтың беті қайтпады. Аспаннан жаз бойы бір тамшы тамбай, ӛзен арналары кеуіп
қалды. Қырғыз ағайындар орыс инженері Ивановты жалдап «Шӛміш»
су қоймасын салса,
қазақтар оның тӛменгі жағынан «Қасық» су қоймасын салып, Шудың шығыс жағынан канал
қазып, сол ӛңірге су жеткізуге әрекеттеніп жатты.
Алайда, бұл жұмыстарға 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтеріліс кедергі болды. Осы жылдың
суық күзіне дейін созылған бұл кӛтеріліс жан қамы үшін болды да, мал қамы ұмыт қалды.
Қыстан қысылып шығып, ашаршылыққа жаппай ұшырай бастаған халық 1917 жылдың
кӛктеміне – «Жылан жылына» қарай тоз-тоз болып орыс поселкаларына, егін егумен
айналысатын тау бӛктеріндегі
ауылдарға, тіпті кӛршілес Ӛзбекстанға қарай шұбырды...
Ұлы Қазан тӛңкерісінің жеңісі туралы әулиеаталықтар 6 қараша күні естіп, ӛкімет
билігін жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Кеңесі ӛз қолдарына алды. Бұл Кеңес
желтоқсан айында уездік шаруалар съезін шақырды. Съезд делегаттары басым дауыспен
Кеңес ӛкіметін қолдаған қаулы қабылдады. Бірер күннен соң жергілікті халықтар ӛкілдерінің
уездік съезі шақырылып, оңда Уездік Атқару Комитеті сайланды. Оның тӛрағалығына
Степан Хмелевский, орынбасарлығына Тұрар Рысқұлов пен Федоров-Завадский сайлаңды.