Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет1/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99



 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 
 
 
 
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  
 
ИНСТИТУТЫНЫҢ ХАБАРШЫСЫ 
 
Ғылыми-педагогикалық журнал 
 
 
 
 
 
 
ВЕСТНИК ТАРАЗСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО 
ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ИНСТИТУТА 
 
Научно-педагогический журнал 
 
 
 
 
 
 
TARAZ STATE PEDAGOGICAL ІNSTITUTE 
BULLETIN  
 
Scientific-pedagogical journal
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
№28 
2016 
 
 
 
 
 



 
Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі 
Ақпарат және мұрағат комитеті, Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы 
Куәлік №5763-Ж (алғашқы тіркелген уақыты 23.02.2005 ж. №5763-Ж. Астана қ.) 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ҦЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫ 
ISSN ҦЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 
 
С Е Р Т И Ф И К А Т 
 
Юнеско, Франция, Париж қ. сериялық басылымдарды тіркейтін ISSN  
халықаралық орталығында тіркеліп, халықаралық  нӛмер берілген (22.01.2013ж.) 
 
ISSN 2306 – 8167 
 
Халықаралық стандарт ИСО 3297 – 98 «Ақпараттау және қҧжаттау (ISSN) 
 сериялы басылымның халықаралық стандартты номері», мемлекетаралық стандарт 
ГОСТ 7.56-2002 «Сериялы басылымдардың халықаралық стандарттау номері» 
 
Журнал  гуманитарлық  ғылымдар:  тарих,  (отан,  жалпы),  философия,  саясаттану, 
әлеуметтану,  дінтану,  мәдениеттану,  этномәдениеттану,  құқықтану,  экономика,  педагогика, 
этнопедагогика,  психология,  дефектология;  филология  (тіл  және  әдебиет):  қазақ,  орыс,  шет 
тілдері;  жаратылыстану  ғылымдары:  математика,  физика,  информатика,  география,  биология, 
химия, зкология ғылымдар бағыты бойынша өзекті тақырыптардағы мақалаларды  жариялайды.  
Журнал  Қазақстан  Республикасында  жоғары  педагогикалық  білім  беруді  жаңғырту 
жағдайында  жаңа  мамандар  дайындау  және  тәрбиелеуде  ескіні  өзгертіп,  жаңа  формаларды 
жасауға бағытталған. 
 
Редакция алқасы 
 
Д.П. Қожамжарова                    
тарих ғылымдарының докторы, профессор (бас редактор) 
С.Қ. Алимбаева 
әлеуметтік ғылымдарының кандидаты, доцент 
О.К. Джолдасова 
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент 
Л.С. Илимханова 
PhD/PhD кандидат (Azteca Universidad, USA) 
А.Ә. Байтелиев                      
филология ғылымдарының докторы, профессор 
К.Ж. Бұзаубақова                  
педагогика ғылымдарының докторы 
И.О. Мүлдеков                       
техника ғылымдарының докторы, профессор 
М.Б.Мұратбеков                      
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 
Ж.С. Тӛлеубаев                    
ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор 
Т.Р. Абдыкадырова   педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
А.Н. Тұрарова 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
А.Г. Шуканов 
филология ғылымдарының кандидаты, профессор 
З.С. Тоқбергенова 
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
 
 
 
 
 
Ғылыми басылым 
ТарМПИ ХАБАРШЫСЫ 
Жылына 4 рет жарыққа шығады 
 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, ғылыми-педагогикалық журнал, 2016 
 
 



 
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
ТАРИХ (ОТАН, ЖАЛПЫ), ФИЛОСОФИЯ, 
САЯСАТТАНУ, ӘЛЕУМЕТТАНУ, ДІНТАНУ, МӘДЕНИЕТТАНУ, 
ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ, ҚҦҚЫҚТАНУ, ЭКОНОМИКА 
 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР 
 
ӘОЖ 37.01   Е-84   
 
ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ҚҦҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Еспанова А.С. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
 
 
Адам  ӛмірінде  ӛзгермелі  кезеңдері  болады.  Соның  бірі,ең  бастысы  мен  ауыр  болып 
келетіні  –  ересектік  кезеңі.  Бұл  уақытта  адам  13-17  жаста  аралығында  болады,  бала  емес, 
бірақ әлі ересек адам болмайды. Бұл жас кезеңі – барлық нәрселер адамдарға ерекше әсерлі 
болып келеді. Бұл адамға есеюге мүмкіндік береді. Жеткіншектің жан дүниесі нәзік, сезімтал 
болып келеді. Үлкендердің айтқан сӛздерін, іс-әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан 
(теледидар,  газет,  журналдардан  т.б.)  кӛргенінің  барлығын  тез  қабылдап,  шындық  кӛреді. 
Міне, сондықтан да лас ақпарат кӛздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын қылмыс 
хроникасындағы  жағымсыз  мәлеметтер  жастардың  нәзік  кӛңіліне,  жан  дүниесіне 
қатыгездікпен  жүгенсіздік  ұрығын  себуде.  Ақпарат  құралдары  қатігез  қылмыскердің  іс-
әрекетінің  егжей-тегжейін  жазып,  жасӛспірімдерге  сабақ  болар  десе,  кейбір  жасӛспірімдер, 
осы  қылмысты  жасаған  қылмыскер  қандай  сезімде  болды  екен  деп,  сол  қылмысты 
қайталайтыны кездесіп жатады.  
Қылмысты  ішімдік  және  наркотикалық  заттар  әсерінен  жасайтындар  кӛптеп 
кездестіндіктен, арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, 
егер  жасӛспірім  бұрын  тұтқынға  алынса,  наркоман  адамдармен  қарым-қатнаста  болса, 
қылмысты  ішімдік,  есірткі  ықпалын  жасайды.  Яғни,  есірткі  қабылдау  мен  қылмыстық  іс-
әрекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болады.  
Жеткіншектер қазіргі кезеңде тез ӛзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, құбылмалы 
ортада ӛмір  сүреді. Мұның ӛзі қылмыстың жоғарылауына әсер  етеді.  Бұрынғы баға жетпес 
құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, 
сенімді,  қауіпсіз  ошақ  болса,  қазіргі  кезде,  жанұядағы  келіспеушілік,  түсініспеушілік 
әсерінен  үлкен  мәселелерге  (ӛз-ӛзіне  қол  жұмсау,  қылмысқа  бару,  т.б.),  итермелуші 
себептерінің  біріне  айналып  отыр.  Кӛптеген  экономикалық  –  саяси  мәселелердің  пайда 
болуы, сенімсіздіктің тууына, кӛптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.  
Мектептегі  үлгерім  заң  бұзуға,  қылмыс  жасауға  итермелейтін  фактордың  бірі  болып 
табылады. Данхем және Алперт мектепті тастап кеткен жүз отыз жеті жасӛспірімді зерттей 
келе, мектепті тастаудың он тӛрт себебін кӛрсеткен. Бұларға, мектептегі баланың тәртібінің 
нашарлығы, оқуға деген ынтаның болмауы, сынаптастарының кері әсері және ата-анасымен 
қарым-қатынасының  нашарлығы,  түсініспеушіліктің  болуы,  мектептегі  жетістіктерінің 
тӛмендігі,  нашар  бағалар,  сыныптағы  тәртібінің  жамандығы,мектеп  программасын  алып 
жүре алмауы, мұғалімдермен және ата-анасымен ортақ тіл табыса алмауы - бұның барлығы 
осындай  оқушылардың  қылмысқа,  заң  бұзушылығына  итермелейтін  факторлар.  Бұлар 
оқушылардың  психикасына  кері  әсер  етеді.  Осы  кезде  бұл  жасӛспірімдерді  ―тыныштық 
бұзушылар‖ болып табылады. Мұғалімдер мен әкімшіліктің кері әсері, жасӛспірімнің жаман 
тәрбиесін  әрі  қарай  шиеленістере  түсіп,  жеткіншектің  сабақ  босатуының  жиіленуіне, 
алкоголь мен есірткінің қабылдауына итермелейді.  


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау