37
модельді ықшамдатуға барады. Бұл құрылатын жүйенің жалпы қасиеттерін
алдын-ала
зерттеу
үшін
жасалады.
Аналитикалық
модельдеудің
артықшылығы болып жиынтықтаудың үлкен потенциалы және көп рет
қолдану мүмкіншілігі болып табылады.
Алайда имитациялық модельдер елеулі кемшіліктер санына ие. Жақсы
имитациялық модельді жасау көбінесе қымбатқа шығады және көп уақытты
қажет етеді. Кейбір кездерде имитациялық модель нағыз заттардың жағдайын
көрсетеді деп қалуы мүмкін, бірақ шындығында олай емес. Егер осыны
ескермесек, кейбір сипаттамалық имитациялық модельдерге тән ерекшеліктер
дұрыс емес шешімге әкелуі мүмкін. Имитациялық модель негізінде дәл емес,
және біз оның осы дәл еместігінің деңгейін өлшей алмаймыз. Бұл
қиыншылықты тек жарым-жартылай түрде және модельдің белгілі
параметрлерінің өзгерісіне сезімталдығын талдау арқылы жеңе аламыз.
Маңызды мәселе болып имитацилық модельде зерттеуші жауапты тек кезекті
имитациялық тәжірибеден кейін ала алады және имитациялық модельдеудің
болжау мүмкіндіктері, аналитикалық модельдеумен салыстырғанда, едәуір
азырақ болып табылады.
2.2 Жаппай қызмет көрсету жүйесі (ЖҚЖ)
Жаппай қызмет көрсету жүйесі (ЖҚЖ) – бұл жүйеге келіп түсетін
сұранымдарға қызмет көрсететін бір немесе бірнеше құрылғылардан
(арналар), кезекті құрайтын және қызмет көрсетуді күтетін сұранымдар
орналасатын жинақтаушыдан тұратын математикалық (абстрактты) объект.
Сұраным (талап, сұрату, шақырым, клиент) – ЖҚЖ-ға түсетін және
қызмет көрсететін құрылғыда қызмет көрсетуді талап ететін объект. Уақыт
бойынша таралған сұранымдардың жиыны сұранымдардың ағынын құрайды.
Қызмет көрсететін құрылғы немесе жай ғана құрылғы (құрылғы, арна,
линия) – сұранымдарға қызмет көрсетуге арналған ЖҚЖ-ның элементі.
Уақыттың әрбір мезетінде құрылғыда қызмет көрсетуде тек қана бір сұраным
болуы мүмкін.
Қызмет көрсету – сұранымның қызмет көрсететін құрылғыда біраз
уақытқа кідіріс жасауы.
Қызмет көрсету ұзақтығы – сұранымның құрылғыда кідіріс жасау
(қызмет көрсету) уақыты.
Жинақтаушы (буфер) – қызмет көрсететін құрылғының алдында
сұранымдарды күтуге арналған орындардың жиыны. Күтуге арналған
орындардың саны жинақтаушының сыйымдылығымен анықталады.
ЖҚЖ-ның кірісіне түскен сұраным 2 күйде болуы мүмкін:
- қызмет көрсетілу күйінде (құрылғыда);
- күту күйінде (жинақтаушыда), егер барлық құрылғылар басқа
сұранымдарға қызмет көрсетумен бос емес болса.
Жинақтаушыда орналасқан және қызмет көрсетуді күтетін сұранымдар
сұранымдар кезегін құрайды. Жинақтаушыда қызмет көрсетуді күтетін
сұранымдар саны кезектің ұзындығын анықтайды.
38
2.1 сурет – Жаппай қызмет көрсету жүйесі
Буферизация тәртібі – келіп түсетін сұранымдарды жинақтаушыға
(буферға) енгізу ережесі.
Қызмет көрсету тәртібі – құрылғыда қызмет көрсету үшін
сұранымдарды кезектен алу ережесі.
Басымдылық – сұранымдардың бір тобының басқа топ сұранымдарымен
салыстырғанда енгізуге (жинақтаушыға) немесе кезектен таңдауға (құрылғыда
қызмет көрсету үшін) айрықша құқық.
Осылай ЖҚЖ-ға келесілер кіреді:
- сұранымдар, жүйеден өтетін және сұранымдар ағынын құратын;
- сұранымдар кезектері, жинақтаушыда құралатын;
- қызмет көрсетуші құрылғылар.
Құрылымдық және атқарымдық құрылымы бойынша ажыратылатын
ЖҚЖ-ның кең алуан түрлілігі бар. Сол мезетте ЖҚЖ-ның жұмыс жасау
сипаттамаларын есептеудің аналитикалық әдістерін жасау көп жағдайларда
зерттелетін ЖҚЖ-лардың жиынын шектейтін бірнеше шамалаулардың
болуын жорамалдайды.
Төменде ЖҚЖ-ны қарау кезінде, егер басқасы айтылмаса келесі
жорамалдауларды қолданамыз:
- жүйеге түскен сұраным, егер құрылғы бос болса, сол мезетте қызмет
көрсетуге түседі;
- қызмет көрсетуде құрылғыда уақыттың әрбір мезетінде тек бір ғана
сұраным болуы мүмкін;
- кез-келген сұранымға қызмет көрсету аяқталғаннан кейін құрылғыда
кезекті сұраным кезектен лезде таңдалады, яғни басқа сөзбен айтқанда
құрылғы тоқтамайды, егер кезекте тым болмаса да бір сұраным болса;
- ЖҚЖ-ға сұранымның түсуі және оларға қызмет көрсету ұзақтығы
жүйеде қанша сұранымлар бар болуына немесе басқа да факторлардан тәуелді
емес;
39
- сұранымдарға қызмет көрсету ұзақтығы сұранымдардың жүйеге түсу
жылдамдығынан (интенсивтілігінен) тәуелді емес.
Жаппай қызмет көрсету желісі (ЖҚЖе) – орталарында сұранымдар
жүріп тұратын бір-бірімен байланысқан ЖҚЖ-лардың жиынтығы.
ЖҚЖе-ның негізгі элементтері болып түйіндер (Т) және сұранымдар
көзі (К) болып табылады.
Желінің түйіні жаппай қызмет көрсету жүйесін білдіреді.
Сұранымдар көзі – желіге түсетін және желінің түйіндерінде белгілі
қызмет көрсету кезеідерін талап ететін сұранымдар генераторы.
ЖҚЖе-ны жеңілдетілген бейнелеу үшін ЖҚЖе графы қолданылады.
ЖҚЖе графы – төбелері ЖҚЖе-ның түйіндеріне сәйкес, ал доғалары
сұранымдардың түйіндер арасында таралуын көрсететін бағытталған граф.
Сұранымдардың ЖҚЖе түйіндері арасында таралуы, жалпы жағдайда
тарату ықтималдықтары түрінде берілуі мүмкін.
ЖҚЖе ішінде сұранымдардың таралу жолы маршрут деп аталады.
2.2 сурет – Жаппай қызмет көрсету желісі
2.2.1 Сұранымдар ағыны. Уақыт бойынша таралған оқиғалардың
жиынтығы ағын деп аталады. Егер оқиға сұранымдардың пайда болуына
негізделсе, біз сұранымдар ағынын аламыз.
Сұранымдар ағынын сипаттау үшін жалпы жағдайда келесі уақыт
аралықтарын беру қажет: көршілес мезеттер аралығында
реттік
нөмірлері (k −1) және k сәйкес сұранымдар түсуі және
(k = 1, 2,...;
t
0
= 0 – уақыттың бастапқы мезеті).
Сұранымдар ағынының басты сипаттамасы болып оның интенсивтілігі λ
– уақыт бірлігінде кейбір шекарасынан өтетін сұранымдардың орташа саны
болып табылады. a = 1/ λ шамасы екі кезектескен сұранымдар аралығындағы
орташа уақыт интервалын анықтайды.